КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
БОС ҚЫЗМЕТ ОРЫНДАРЫ
БАЙЛАНЫСТАР
ӘРІПТЕСТЕР
ЖАҢАЛЫҚТАР
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

Корпорация Oracle

ЗАО "Ланит"       

Учебно-консультационный центр "Форс"

Корпорация IBM

 

     КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
                                                                                                                                                                                                   KAZ     РУС    ENG

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1995 жылғы 30 желтоқсандағы № 252 қаулы негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен құрылды және қызметін 1996 жылғы ақпан айынан бастады. ҚР ҰБ БСБ РМК-ның құрылтайшысы және уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.



БСБ - ның негізгі міндеті алдыңғы қатардағы технологиялар негізінде  Ұлттық Банк, екінші деңгейдегі банктер жүйесіндегі және басқа ұйымдардағы ақпаратты және бухгалтерлік есепті өңдеу болып табылады. БСБ Ұлттық Банк және басқа ұйымдар үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейді, автоматтандырылған ақпарат жүйелеріне қызмет көрсетуді жүзеге асырады, консультациялық қызмет көрсетеді, бағдарламалық өнімдерді жеткізу және оқыту бойынша жұмыстар жүргізеді. БСБ соңғы жылдар ішінде Ұлттық Банктегі жиырма төрт жүйені және шағын жүйені қолдауды және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, оның жиырма екісін әзірлеуші БСБ болып табылады. 

"ҚРҰБ Банктік сервис бюросы" РМК қызметінің негізгі түрлері:

 - бағдарламалық өнімдерді әзірлеу;

- бағдарламалық өнімдерге қызмет көрсету және техникалық қолдау;

- басқа фирмалар әзірлеген бағдарламалық өнімдерді жеткізу, ендіру және техникалық қолдау;

- ақпарат өңдеу бойынша қызмет көрсету болып табылады.

    БСБ клиенттері – Қазақстанның банктері, қаржылық және қаржылық емес ұйымдары.  БСБ негізгі клиенті – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйелері Oracle, Sybase, Lotus Notes платформаларында әзірленген және пайдаланылады. Банктік сервис бюросының Ұлттық Банктегі ААЖ қызмет көрсетудің пысықталған технологиясы бар.

    Банктік сервис бюросы қазіргі уақытта 35 бағдарламалық өнім әзірледі, олар үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеті берген, зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алған.

    БСБ өзара тиімді ынтымақтастық, бағдарламалық қамтамасыз етуді бірлесіп әзірлеу және Қазақстанның ЕДБ және басқа кәсіпорындарына бағдарламалық өнімдерді жеткізу мақсатында жалпы жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жасауды және жеткізуді жүзеге асыратын Business Objects өнімдерін жеткізу саласындағы ORACLE (АҚШ) корпорациясы, "ТЕРН" ЖАҚ (Ресей) сияқты бірқатар фирмалармен, сондай-ақ банк қызметін, құжат айналымы жүйесін автоматтандыруға арналған БҚ әзірлейтін «Ланит» ЖАҚ (Ресей),  «ФОРС» ЖАҚ (Ресей)  фирмаларымен әріптестік қарым-қатынас жасайды. 

Банктік сервис бюросының Қазақстан мен Ресейдің оқу орталықтарында оқыған, жоғары білікті мамандарының тұрақты штаты бар. Қызметкерлердің Oracle (Oracle Certified Professional) және Lotus Notes сияқты кәсіби ұйымдардың сертификаттары бар.

    2004 жылғы желтоқсан айында кәсіпорында Microsoft Project Server 2003 базасында жобаларды басқару жүйесі ендірілді. Жүйені ендіру нәтижесінде жобалардың жұмыс циклінің барлық кезеңінде басқару және бақылау барысын нақты ресмилендіру есебінен компанияда жобалау қызметін жоспарлау, бақылау және ендіру тиімділігі артады деп күтілуде.

 БСБ-да бағдарламалық өнімдерді жасау, бағдарламалық өнімдерге қызмет көрсету жөніндегі қызмет салаларында сапа менеджменті жүйесі әзірленді, ендірілді және қолданылып отыр. Мұны БСБ-ға 2003 жылғы 28 қаңтарда TUV NORD CERT GmbH & Co. KG техникалық қадағалау қоғамының TUV CERT сертификаттау жөніндегі органы берген ISO 9001:2000 сапа сертификаты растайды.

 ҚРҰБ БСБ-ның ақпарат технологиясы саласында үлкен тәжірибесі бар, Ұлттық Банктің, қаржылық және қаржылық емес ұйымдардың жұмыс ерекшелігін білетін тұрақты кәсіпорын ретінде кез келген күрделі бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және бағдарламалық өнімдерге қызмет көрсету және техникалық қолдау бойынша қызмет көрсету үшін жеткілікті біліктілігі бар.