КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
БОС ҚЫЗМЕТ ОРЫНДАРЫ
БАЙЛАНЫСТАР
ӘРІПТЕСТЕР
ЖАҢАЛЫҚТАР

Корпорация Oracle

ЗАО "Ланит"       

Учебно-консультационный центр "Форс"

Корпорация IBM

     ЖАҢАЛЫҚТАР
                                                                                                                                                                                                   KAZ     РУС    ENG

2004 жылғы қазан


"Новый дом и все о нем" журналынан мақала.

БСБ Жобаларды Басқару Жүйесін ендіреді

   Банктік сервис бюросы 1996 жылы құрылғаннан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бас мердігері болып табылды. Бұл әрқашанда биікте болуға, компанияның ішінде және тапсырыс берушілермен жұмыс істеу әдістерін үнемі жақсартуға міндеттеді. Осыған байланысты БСБ мамандарын курстарда жүйелі оқытады, әлемнің жетекші әзірлеушілерінің конференцияларына және таныстыруларына қатысады, түрлі бағыттарда сертификаттаудан өтеді.

   БСБ 2003 жылғы 28 қаңтарда бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау және бағдарламалық өнімдерге қызмет көрсету жөніндегі қызметті ұсыну саласында ISO 9001 сертификатын алды. Осы сертификатты алу үшін БСБ-да ауқымды жұмыс жүргізілді: сапа менеджментінің жүйесі құрылды, сапа жүйесі рәсімдерінің тұтас тізбесі әзірленді, код берудің, құжаттандырудың бірыңғай ережесі енгізілді және т.с.

   Өндірісті оңтайландырудың келесі қадамы жобаларды басқару жүйесін ендіру процесі болды. Компания басшылығы осы қадамға клиенттермен қатынастарды басқару, бизнестің жаңа бағыттарын ашу, ұйымдастырушылық құрылымдарды жетілдіру, нарықтың жаңа сегменттерін игеру жөніндегі стратегиялық бастамаларды әзірлеуге мүмкіндік жасайтын ақпарат жүйесіне деген аса қажеттілікті сезіне отырып, саналы түрде барды. Жүйе компанияның басшылығына жобалардың орындалу барысы туралы неғұрлым егжей-тегжейлі түсінік алуға, жобалардың портфелін мұқият талдауға, ресурстарды тепе-тең бөлуге және нәтиже ретінде Тапсырыс беруші ұсынатын қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік беруі тиіс.

   БСБ Microsoft Project жүйесін таңдады, ол Gartner Group бағалауы бойынша басқару жүйелері нарығында көшбасшысы болып танылған. Бүгінгі күні Microsoft-қа жобаларды басқару жүйелері нарығының 75% тиесілі. Microsoft Project платформасында Deutsche Bank, Merrill-Lynch және Delphi Automotive сияқты ірі ұйымдарда корпоративтік жүйелер жүзеге асырылды. Жүйені табысты ендіру үшін "ЛАНИТ" холдингінің мамандарымен бірлесіп іс-шаралар жоспары әзірленді.

   Бірінші кезеңде компанияның "Дайындығы" тексерілді (ұйымдық құрылымы, жұмыс істеп тұрған бизнес-процестері, қызметкерлердің даярлығы). Нәтижелер көрсетіп отырғанындай жобаларды басқару жүйесін ендіруге компания толық дайын.

   Екінші кезеңде қызметкерлерді MS Project бағдарламалық өнімдерімен жұмыс істеуге оқыту жүргізілді, кәсіпорынның белгіленген стратегиясына сәйкес жобаларды басқару бизнес-процестерінің жаңа схемалары әзірленді, БСБ қосымша талаптары жиналды, кәсіпорынның жаңа жобалық құрылымы жасалды. Басшылық қабылдаған күрделі және жауапты шешімдердің бірі компанияның ұйымдық құрылымын қайта қарау болды, себебі ресурстарды басқару жүйесіне жаңа тәсіл талап етілді.

   Желтоқсан айының соңында үшінші кезеңді орындау аяқталды, онда БСБ-да ақпарат жүйесі орнатылды және "Пилоттық" үлгісінде жобаларды басқару жүйесі ендірілді.

   БСБ жаңа жылды жаңа ұйымдық құрылыммен және жобаларды басқарудың жаңа тәсілімен басталды.     

 
Авторы: Евгений Самойленко, жаңа технологиялар және сапаны басқару бөлімінің бастығы.