|
Бүгінгі күні ақпарат технологиялары нарықтың барлық саласын толтырды, өзін
құрметтейтін әрбір компанияның ажырамас құралы болды. Олардың өзі ұйымды
бақылауды және дамытуды қамтамасыз етеді. Шын мәнінде, ақпарат технологиясы –
бұл үнемі өзгеріп отыратын және өзіне жоғары назар аударатын тірі организм.
Нарықта ешқандай ұйым оның өнімінсіз қызметін жүзеге асыра алмайды. Бүгінгі күні
барлық саланың қызметі олардың ақпарат жүйесінің жұмысына тікелей байланысты
болады. Егер қаржы нарығында жұмыс істейтін ұйымдар туралы айтсақ, онда олардың
қызметін автоматтандыру деңгейі оларға ешқандай қиындықсыз Қазақстан
Республикасының және басқа мемлекеттердің қаржы институттарымен ақпарат
технологиясы құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді. "Қаржы ұйымы"
ұғымы бүгінгі күні техника тұрғысынан алғанда және сол сияқты бағдарламалық
қамтамасыз етулер тұрғысынан алғанда қазіргі заманғы шешімдермен
жарақтандырылған механизмді білдіреді. "Қазақстан ипотекалық компаниясы"
акционерлік қоғамын батыл түрде осындай қаржы ұйымдарының санатына жатқызуға
болады.
"Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік
қоғамының жұмысы басталарда оның басшылығының алдында күрделі міндет
тұрды – компанияның қызметін автоматтандыруға арналған бағдарламалық
қамтамасыз етуді таңдау. Нәтижесінде Банктік сервис бюросымен Қазақстан
ипотекалық компаниясына Банктік сервис бюросының мамандары әзірлеген
автоматтандырылған банктік сервистік ақпарат жүйесін ендіру туралы
шартқа қол қойылды. Бүгін, жүйенің жұмыс нәтижесін ескере отырып,
Компанияның Банктік сервис бюросымен келісім-шарт жасау арқылы дұрыс
таңдау жасағанын сенімді түрде айтуға болады.
Шын мәнінде, Қазақстан ипотекалық компаниясында
өз қызметін автоматтандыру жөніндегі міндетті шешудің тағы басқа да жолы
бар еді – Ресейлік әзірлеушілердің банктік жүйесін ендіру. Ресейдің
нарығында мұндай жүйелер жеткілікті, ал Қазақстан банктік жүйесін
бағдарламалық қамтамасыз ету нарығында әзірлеушілер аз. Бірақ компания
үшін осы жол қымбат болар еді. Біріншіден, Қазақстан софт ұйымдарының
бағдарламалық өнімдерді ендіру құны резидент емес ұйымдар көрсететін
қызметке қарағанда әрқашан төмен. Екіншіден, бағдарламалық қамтамасыз
етуді жеткізу кезінде компания басшылығы ескерген маңызы зор фактор –
бұл кез келген банк жүйесінің (отандық немесе шетелдік) компания
қызметіне бейімделу (пысықтау) қажеттілігі, бұл түпкілікті нәтижесінде
қосымша уақыт пен ақшаны талап етуі мүмкін еді.
Бағдарламалық қамтамасыз етуді кез келген
ұйымда сәтті ендіру үшін осы ұйымның бизнес-процестері сипатталатын
нормативтік база (ережелер, нұсқаулықтар және т.с.) болуы қажет.
Әзірлеушілер жүйені іске қосу барысында Компания тарапынан нормативтік
базамен уақтылы қамтамасыз етілді, яғни компанияның мамандары оны
компанияның қызметі үшін қысқа мерзім ішінде әзірлей алды.
Компанияға автоматтандырылған ақпарат жүйесін
ендіру үшін Банктік сервис бюросы ұсынған тәсіл қазіргі заманғы уақыт
талабымен қажет етілді. Нәтижесінде жүйе компанияның қызметіне
бейімделді, пайдаланушылардың талаптарына сәйкес пысықталды және өте
қысқа мерзімде үш кезеңмен ендірілді.
Бастапқы кезеңде жүйе пайдаланушыларды өте
қажетті функционалмен қамтамасыз ету үшін прототип ретінде пайдалануға
енгізілді;
Екінші кезең жүйені толық функционалмен
ендіруді жүзеге асырды;
Үшінші кезеңде (2004 жылғы желтоқсан айында
аяқталады) – жүйенің функционалын компанияның әріптес банктермен өзара
іс-қимыл жасау барысын автоматтандыруға қатысты кеңейту орындалады, яғни
жүйенің модулі әзірленеді. Бұл модуль электрондық құжаттардың көмегімен
компанияның әріптес банктермен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Оны кез
келген әріптес банк өзіне орната алады және Компаниямен электрондық
хабар алмасуды жүзеге асырады. Сондай-ақ үшінші кезеңде компания
ішіндегі құжат айналымын автоматтандыру үшін "Ұжымдық жұмыс және
корпоративтік ағындарды басқару" модулі ендіріледі.
Бүгінгі күні Компанияның басшылығы және
қызметкерлері жүйенің тікелей пайдаланушылары болып табылады. Жүйе
Компанияға оның қызметкерлерін қазіргі заманғы құралдармен қамтамасыз
ету үшін ендірілді. Болашақта ипотекалық тұрғын үй кредитінің кез келген
заемшысы өзінің кредиттік шотына банкоматтар және Интернет арқылы кіруді
жүзеге асыра отырып компанияның ақпарат жүйесінің пайдаланушысы бола
алады.
"Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ-ның
автоматтандырылған ақпараттық жүйесі Oracle ДББЖ және басқа қазіргі
заманғы бағдарлама жасау құралдарын пайдаланумен "клиент-сервер"
архитектурасында әзірленді. Бүгінгі күні ақпарат жүйелері үшін жүйенің
қауіпсіздігі және сенімділігі мәселесі неғұрлым өзекті проблемалардың
бірі ретінде қойылып отыр. Компанияның ақпарат жүйесі ҚР Ұлттық Банкінің
деректердің қауіпсіздігіне және жүйелердің сенімділігіне қойылатын
талаптарына толық сәйкес келеді. Сондай-ақ жүйенің өзегінде
пайдаланушылардың ақпаратқа және жүйенің функцияларына кіруін икемді
басқаруға басқару жөніндегі функционал жүзеге асырылды. Тұтастай алғанда
жүйенің құрылымы мынадай:
· Бухгалтерлік есеп;
· Бас бухгалтерлік кітап;
· Кредиттер және депозиттер;
· Бағалы қағаздар;
· Негізгі құрал-жабдықтар және материалдық
емес активтер;
· Тауар-материалдық құндылықтар және
қойма;
· Сыртқы объектілермен SWIFT алмасу арқылы
осындай хабарлармен өзара іс-қимыл жасау;
· ҚРҰБ банкаралық ақша аударымы жүйесін
басқарудың шағын жүйесіндегі корреспонденттік шоттың жай-күйін басқару;
· Кадрлар есебін жүргізу;
· Жалақы;
· Есеп беру нысандары;
· Дебиторлар және кредиторлар;
· Қолма-қол ақшамен операциялар.
Жүйенің жоғарыда аталған барлық компоненттері нақты уақыт ауқымында жұмыс
істейді, яғни жүйеде жүргізілген кез келген операция сол жерде бірыңғай деректер
базасына түседі және қалған пайдаланушылардың да қолы жеткізіледі. Осындай тәсіл
жүйеден жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ ақпараттық банктік жүйенің құрамына "Валюталық
бақылау" шағын жүйесі кіреді, ол бүгінгі күні жеке модуль ретінде
бірнеше екінші деңгейдегі банктерге ендірілген. "Валюталық бақылау"
шағын жүйесі мынадай түрдегі операциялар бойынша валюталық бақылауды
жүзеге асыруға арналған:
- меншік құқығының шетел валютасына өтуіне
байланысты операциялар;
- экспорттық/импорттық келісім-шарттар бойынша;
- банк клиенттері басқа кредиттік ұйымдардан
алған кредиттік шарттар бойынша;
- банктің клиенттері басқа кредиттік ұйымдарға
берген кредиттік шарттар бойынша;
- қызмет көрсету шарттары (келісім-шарттары)
бойынша;
- резиденттер және резидент еместер арасында
шетел және ұлттық валютамен ҚР аумағында есеп айырысу.
2004 жылғы тамыз айында "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ Басқармасының
Төрағасы Майко Сағындықова Компанияның автоматтандырылған ақпарат жүйесінің
2004-2006 жылдарға арналған даму жоспарын бекітті. Осындай құжаттың туындауы
жақында ғана құрылған ұйым үшін компания басшылығының заман талабына сай қадам
жасауға ұмтылысын тағы да көрсетеді. Бүгінгі күні кез келген перспективалық
дамушы ұйымның басшысы өз ұйымының ақпарат жүйесінің дамуын екі-үш жыл бұрын
жоспарлауы тиіс.
Жоспарға сәйкес 2004 жылдың соңына дейін
Компанияда "Ақпарат өңдеу орталығы" ұйымдастырылады. Орталық компанияның
сыртқы әлеммен (жеке тұлғалармен, әріптес банктермен, кредиттік бюромен,
Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қорымен және т.с.) жедел
электрондық өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді. 2005 жылы
Орталықтың жұмысы банкоматтар, интернет және екінші деңгейдегі
банктердің ЕКБ арқылы заемшылардан төлемдер қабылдауды толық қамтамасыз
етуі тиіс. Компанияның ақпарат жүйесі 2005-2006 жылдардағы мынадай
бағыттарда дамитыны болжанып отыр:
· Жүйеде кредит тәуекелінің есебін жүзеге асыру;
· Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы
бойынша ипотекалық заемдарға қызмет көрсету;
· Жүйені Қазақстан Республикасының электрондық үкіметімен
интеграциялау үшін дамыту. |