|
"Банкаралық ақша
аудару жүйесін басқару"
автоматтандырылған
ақпараттық шағын жүйесі
Зияткерлік меншік
объектісін
мемлекеттік тіркеу
туралы
07.10.2002ж. № 217 куәлік
Мақсаты:
Шағын жүйе
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде
пайдалануға арналған.
Шағын жүйе Ұлттық Банк
және клиенттер арасында электрондық
хабарлармен алмасуды; ҚРҰБ төлем жүйесі
арқылы банкаралық аударымдарды іске асыруды;
клиенттің Ұлттық Банктегі шотынан және
шотына Қазақстан Банкаралық Есеп айырысу
Орталығына/Орталығынан ақша аударуды;
Клиенттердің ҚРҰБ-дегі корреспонденттік
шоттарына кіруді іске асыруды;
пайдаланушылардың ҚБЕО-ғы шоттарындағы
қаражатын басқаруды және бақылауды
қамтамасыз етеді.
Құрамы:
Шағын жүйе мыналардан
тұрады:
§
Орталық бөлігінен: "Жауапты
орындаушы", "Басқарушы", "НАА
анықтамалықтары" автоматтандырылған жұмыс
орындарынан және орталықтың
Oracle 9i ДББЖ-гі
деректер базасынан;
§
Клиенттік бөліктен: "БААЖ
клиенті", "Клиенттің басқарушысы"
автоматтандырылған жұмыс орындарынан және
Клиенттің FireBird
1.5 ДББЖ-гі деректер базасынан.
Эргономика және эстетика:
Шағын жүйе қолмен
енгізуді анықтамалықтардан мәндерді таңдауға
барынша ауыстыратындай жобаланған. Икемді
ретке келтірілетін сүзгілер, іріктеулер және
топтастырулар шағын жүйемен жұмыс істеуді
жеңілдетеді.
Архитектурасы:
TCP/IP хаттамасы
бойынша жергілікті желіде жұмыс істеу
мүмкіндігі бар клиент – сервер.
"Жауапты
орындаушы" АЖО:
§
Клиенттердің корреспонденттік
шоттарымен операциялар жүргізуге;
§
қолма-қол ақшамен операциялар
жүргізуге;
§
клиенттердің төлемдерін
бақылауды іске асыруға;
§
ҚРҰБ төлем жүйесі арқылы ақша
аударуды қамтамасыз ету үшін "Құбаж-3Ц"
жүйесімен өзара іс-қимыл жасауға;
§
ҚБЕО төлем жүйесі арқылы ақша
аударуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан
банкаралық есеп айырысу орталығымен өзара іс-қимыл
жасауға;
§
"БААЖ клиенті" АЖО-мен
хабарлар және төлем құжаттарымен алмасуға
мүмкіндік береді.
"Басқарушы" және "Клиенттің
басқарушысы" АЖО:
§
шағын жүйенің пайдаланушыларын
құруға, өзгертуге, оқшаулауға;
§
пайдаланушылардың жүйенің
деректеріне және функцияларына кіру құқығын
тағайындауға;
§
пайдаланушыларға парольдер
беруге мүмкіндік береді.
"НАА анықтамалықтары" АЖО:
§
ТМБЖ анықтамалықтарын
(экономика секторларының, резиденттіктердің,
БЖК, ТМК, елдердің және валюталардың
анықтамалықтары) жүргізуге;
§
ҚРҰБ төлем жүйелері басқармасы
бөлімдерінің анықтамалықтарын жүргізуге;
§
клиенттердің анықтамалықтарын
жүргізуге;
§
клиенттердің шоттарының
анықтамалықтарын жүргізуге мүмкіндік береді.
"БААЖ клиенті"
АЖО:
§
нормативтік-анықтамалық
ақпаратты өзінде жүргізуге және орталықтан
алуға;
§
өтінімдерді, сұратуларды және
төлем құжаттарын қалыптастыруға және көшіріп
алуға;
§
орталықтың өтінімдерді/сұратуларды
орындауын қадағалауға мүмкіндік береді.
Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын
талаптар:
Сервердің
өлшемдері (орталық бөлік):
|
|
процессор |
2 x Pentium III 800 MHz |
|
|
жедел жады |
512 Мб |
|
|
дискідегі бос кеңістік |
10 Гб |
|
|
операциялық жүйе |
Microsoft Windows NT/2000 |
|
|
деректер базасы |
Oracle Server 9i (9.2.0.4) |
Сервердің
өлшемдері
(клиенттік
бөлік):
|
|
процессор |
Pentium III 500 MHz |
|
|
жедел жады |
256 Мб |
|
|
дискідегі бос кеңістік |
10 Гб |
|
|
операциялық жүйе |
Microsoft Windows NT/2000 |
|
|
клиент
|
Oracle 8.0.5 |
|
|
деректер базасы |
FireBird Server 1.5 |
Жұмыс станциясының
өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium III 500 MHz |
|
|
жедел жады |
128 Мб |
|
|
дискідегі бос кеңістік |
500 Мб |
|
|
операциялық жүйе |
Microsoft Windows NT/2000/XP |
|
|
клиент |
орталық бөлік: Oracle Client 9i (9.2.0.4) |
|
клиенттік бөлік: FireBird Client 1.5 |
|