КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
БОС ҚЫЗМЕТ ОРЫНДАРЫ
БАЙЛАНЫСТАР
ӘРІПТЕСТЕР
ЖАҢАЛЫҚТАР
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

Корпорация Oracle

ЗАО "Ланит"       

Учебно-консультационный центр "Форс"

Корпорация IBM

     БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
                                                                                                                                                                                                   KAZ     РУС    ENG

 

 

"Шарттардың орындалу мониторингі" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесі

 

Зияткерлік меншік объектісін

мемлекеттік тіркеу туралы

 31.03. 2004ж . № 064  куәлік   

Мақсаты:

Шағын жүйе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде пайдалануға арналған.

 

Шағын жүйе ұйымдар және жеке тұлғалар арасында жасалатын шарттармен жұмысты қамтамасыз етеді. Шағын жүйе шарттардың шаблондарын пайдалана отырып, мүдделі бөлімшелермен  шарттарды келісу процесін, шарттар және оларды орындау мерзімдері бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылау процесін, сондай-ақ шартта көзделген орындау мерзімдері басталған кезде шарттар бойынша ақы төлеуді  қадағалау  процесін автоматтандырады. Шағын жүйе шарттардың орталықтандырылған электрондық базасын құруды қарастырады. Шарттардың электрондық базасы шарт мәтіндерінің электрондық нұсқаларымен тиісті қызметкерлердің жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. 

 Құрамы:

Шағын жүйе Lotus Notes деректер базасына өзара байланысты кешенді білдіреді және мынадай модульдерден тұрады:

§         «Шағын жүйені басқару және ретке келтіру» модулі;

§         «Анықтамалықтарды жүргізу» модулі;

§         «Құжатты келісу» модулі;

§         Шартты тіркеу» модулі»;

§         «Шарттардың орындалу мониторингі» модулі. 

Эргономика және  эстетика:

Бағдарламалық қамтамасыз етудің эргономикалық шешімі  пайдаланушылар жұмысының барынша қолайлылығын және өнімділігін қамтамасыз етеді. Нормативтік-анықтамалық ақпарат деректерді бірегейлендіру және шағын жүйе ұсынатын тізімнен іріктеу арқылы қолмен енгізуді ауыстыру мүмкін барлық жағдайларда қалыптасады. 

Архитектурасы:

TCP/IP хаттамасы бойынша  жергілікті не корпоративті желіде жұмыс істеу мүмкіндігі бар Клиент –сервер. 

«Шағын жүйені басқару және ретке келтіру» модулі:

§         шағын жүйенің жұмыс істейтін өлшемдерін ретке келтіруге;

§         шағын жүйенің деректері мен функцияларына кіру құқығын пайдаланушыларға тағайындауға;

§         пайдаланушыларды оқшаулауға;

§         мұрағаттауды орындау өлшемдерін ретке келтіруге;

§         мұрағаттау операцияларын орындауға;

§         резервтік көшіруді орындауға мүмкіндік береді.

«Анықтамалықтарды жүргізу» модулі:

§         шағын жүйенің құжаттардағы деректерді ендіру және редакциялау кезінде пайдаланушылар қолданатын анықтамалықтарды шағын жүйеде құру және жүргізуге;

§         анықтамалықтарда деректерді іздестіруге мүмкіндік береді. 

«Құжатты келісу» модулі:

§         құжаттардың (шарттардың, қосымша келісімдердің, хаттамалардың және т.б.) жобаларын тіркеуге;

§         келісу рәсімдерінің өлшемдерін белгілеуге (бір уақытта не жүйелі);

§         резиденттердің тізімін айқындауға немесе келісу бағытын таңдауға;

§         келісуге құжатты жіберуге;

§         келісу барысында оқиғалар туралы хабарлар жіберуге және алуға;

§         бюджеттің бабына сәйкес шарттардың сомаларын бақылауға;

§         құжаттар бойынша рецензияларды қалыптастыруға және жіберуге;

§         рецензенттердің жауаптарын тіркеуге;

§         рецензенттердің тізімі және олардың рецензиялары бар келісу парағын қалыптастыруға;

§         келісуді жабу операцияларын орындауға мүмкіндік береді. 

«Шартты тіркеу» модулі:

§         құжаттарды (шарттарды, қосымша келісімдерді, хаттамаларды және т.б.)  тіркеуге;

§         шарттардың негізгі деректемелерін енгізуге (шарттардың кез келген түрлері үшін жалпы);

§         құжаттың графикалық үлгісін электрондық карточкаға көшіруге және бекітуге мүмкіндік береді.     

«Шарттардың орындалу мониторингі» модулі:

§         шарттар бойынша ақпарат  ендіруге және қарауға, атап айтқанда: шарттардың негізгі деректемелерін қарауға, шартқа қосымша деректемелерді енгізуге және қарауға, шарт бойынша кезеңдер туралы ақпаратты қарауға, шарт бойынша оқиғалар туралы ақпаратты енгізуге және қарауға (Мысалы, төлемдер, жұмыстың аяқталуы, балансқа қабылдау);

§         шартқа (акт, хаттама, шот-фактура және т.б.) байланысты құжаттардың электрондық графикалық  үлгісін бекіту және қарауға;

§         шарт бойынша бақылау мерзімдерінің басталғаны туралы ескертулерді шығаруға;

§         шарттың өзгеру тарихын қарауға;

§         ұсыныстар негізінде шарттар мониторингін жүзекге асыруға;

§         шарттардың деректемелері бойынша іздестіруді орындауға;

§         пайдаланушының командасы бойынша шығыс нысандарын қалыптастыруға және басып шығаруға;

§         шағын жүйенің мұрағатына көшірілген шарттарды қарауға;

§         жүргізілген бухгалтерлік жазбалар туралы деректерді импортқа шығаруға;

§         шарттар бойынша бухгалтерлік жазбаларды бақылауға мүмкіндік береді. 

Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

Сервердің өлшемдері:

  процессор Pentium Pro 200 Мгц және жоғары
  жедел жады 4 Гб
  дискідегі бос кеңістік 2*40  Гб HDD
  операциялық жүйе Microsoft Windows NT/2000/XP
  деректер базасы                               Server Lotus Notes Domino R5

Жұмыс станциясының өлшемдері:

  процессор Pentium 133 Мгц және жоғары
  жедел жады 64 Mб
  дискідегі бос кеңістік 500 Mb
  операциялық жүйе Microsoft Windows NT/2000/XP
  клиент Client Lotus Notes Domino R5
  Microsoft Office 97/2000  

 Қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету:

Шағын жүйенің жұмысы үшін Server/Client Lotus Notes Domino R5, Microsoft Excel 97/2000, Word 97/2000 бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланылады. 

Ақпаратты қорғау:

Server Lotus Notes Domino R5 құралдарымен, сондай-ақ «Басқару» АЖО-мен қамтамасыз етіледі. Шағын жүйеде мынадай функциялар іске асырылған: ID-файлдарын бере отырып, пайдаланушыларды авторизациялау; шағын жүйенің деректері мен функцияларына пайдаланушылардың кіру құқығын шектеу, шағын жүйеге кіру кезінде қосымша аутентификациялау. 

Жеткізу жиынтығы:

Бағдарламалық қамтамасыз етуі бар компакт диск, сондай-ақ орыс тіліндегі құжаттама. 

Ендіру мерзімдері:

     Орнату пайдаланушыларды оқытуды қоса алғанда бір айдан жоғары мерзімді құрайды.

Техникалық қолдау:

Кепілдік беру (пайдалануға берілгеннен кейін алты ай ішінде) және кепілдік беру мерзімінен кейін (клиенттің  қалауы бойынша келісім негізінде) қызмет көрсету. Қызмет көрсету шеңберінде мынадай жұмыстар орындалады:

§         Бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану барысында анықталған қателерді түзету;

§         Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс бойынша клиентке консультация беру;

§         Бағдарламалық қамтамасыз етудің түзетілген нұсқаларын жеткізу;

§         Стандартқа жатпайтын жағдайлар пайда болғанда консультация беру. 

Тапсырыс берушінің қалауы бойынша  пысықтау:

Тапсырыс берушінің қосымша мұқтаждықтары үшін жүйе пысықталуы мүмкін (қосымша талқыланады).

 Шағын жүйе қазіргі кезде:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесінде пайдаланылады.