|
«SWIFT-терминал» кешені
Зияткерлік меншік
объектісін
мемлекеттік тіркеу
туралы
24.12.2002ж. №299 куәлік
Мақсаты:
Кешен БСБ әзірлеген жүйелер/шағын жүйелер
құрамында пайдалануға арналған.
Кешен
Қазақстан Банкаралық есеп айырысу орталығы
және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
желілерінің абоненттері арасында икемді
ретке келтірілетін хабарлар форматтарын
пайдалана отырып, электрондық қолдарды
қалыптастыра және шифрлай отырып,
SWIFT-тәрізді MT-хабарлар алмасу процесін
автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Құрамы:
Кешен
мынадай модульдерден тұрады: «Форматтар мен
абоненттер анықтамалығы», «Файлдарды қосушы»,
«MT-хабарлар түсіндірушісі», «Backup
Manager» және «Келіп түскен және жіберілген
хабарларды тазарту» және терминалдың
деректер базасы.
Эргономика және эстетика:
Кешен
анықтамалықтардан мәндерді іріктей отырып
қолмен ендіруді барынша болдырмайтындай
түрде жобаланған; кешенді жұмыс қалпына
келтіру бойынша күрделі операциялар арнайы
Мастерлердің көмегімен орындалады.
Архитектурасы:
TCP/IP
хаттамасы бойынша жергілікті желіде жұмыс
істеу мүмкіндігі бар клиент – сервер.
«Форматтар
мен абоненттер анықтамалығы» модулі:
§
MT-хабарларының
жаңа форматтарын жасауға, бұрын жасалған
форматтарды өзгертуге және жоюға;
§
бір компьютердегі форматтарды
экспорттауды орындауға және басқа
компьютердегі алынған файлдарды кейіннен
импорттауға;
§
кешен абоненттерінің
анықтамалығын жүргізуге – абоненттің
деректемелерін қосуға, өзгертуге және жоюға;
§
абоненттерге белгілі бір
форматтардағы MT-хабарларды
жіберуге/алуға құқық белгілеуге;
§
осы терминалда тіркелген
абоненттердің тізімін және форматтарды басып
шығаруға мүмкіндік
береді.
«Файлдарды
қосушы» модулі:
§
МТ-хабарларды
Oracle және
FireBird деректер
базаларынан (және келтірілген каталогтардан)
бір мезгілде файлға шығаруды және файлдардан
терминалдың деректер базасына (және
келтірілген каталогтарға) бірнеше кезекпен
салуды орындауға;
§
«Тұмар-7» криптографиялық
қорғау кітапханасын пайдалана отырып,
электрондық қолды қолданумен берілетін
ақпаратты шифрлауды/шифрды жазуға
айналдыруды жүзеге асыруға;
§
МТ-хабарларды еркін
каталогдардан көрсетілген каталогтарға бір
мезгілде бірнеше кезекпен қайта жіберуге;
§
кешенмен бірлесе іс-әрекет
жасайтын сыртқы деректер базаларына қосуға
икемді реттеуді орындауға; кіру/шығу
кезектерін, сондай-ақ қайта жіберу
кезектерін реттеуге;
§
қабылданатын/жіберілетін
хабарларды тиімді іріктеуге мүмкіндік
беретін икемді сүзгіні пайдалануға;
§
әрбір кіру кезегіндегі қате
МТ-хабарларды көрсетілген каталогқа
орналастыруға және жіберілетін
МТ-хабарлардағы қате туралы бастапқы
деректер базасына хабарлауға;
§
МТ-хабарларды қабылдау және
жіберу журналдарын бөлімшемен жиынтықта
табысты өңделген және қателерін анықтау үшін
қарауға мүмкіндік
береді.
«МТ-хабарлар
түсіндірушісі»
модулі:
§
қабылданған/жіберілген
МТ-хабарлар құрылымының «Форматтар мен
абоненттер анықтамалығы» модулінің көмегімен
айқындалған форматқа сәйкестігін тексеруді
орындауға;
§
терминал абонентіне белгілі
бір түрдегі МТ-хабарларды қабылдауға
/жіберуге рұқсаттарды тексеруді орындауға;
§
форматқа/рұқсаттарға сәйкес
келмейтін МТ-хабарларды жарамсыз деп табуды
орындауға;
§
терминалдың деректер базасынан
форматқа сәйкес келетін және
абонентке рұқсат етілген қабылданатын
МТ-хабарларды Oracle
және FireBird
өзара іс-әрекет етуші деректер базасына
шығаруды жүзеге асыруға;
§
FireBird
серверін іске қосуға/тоқтатуға
мүмкіндік береді.
«Backup Manager»
модулі:
§
терминалдың деректер базасының
мұрағаттық көшірмелерін жасауға;
§
уақытша каталогтан таңдап
алынған мұрағаттық көшірмеден терминалдың
деректер базасын қалпына келтіруге;
§
қалпына келтірілген мұрағаттық
деректер базасында МТ-хабарларды қабылдау/беру
журналдарын қарауға мүмкіндік береді.
«Келіп түскен және
жіберілген хабарларды тазарту»
модулі:
§
терминалдың деректер базасын
қабылданған / берілген MT-хабарлардан
толық немесе ішінара (көрсетілген күнге
дейін) тазартуды орындауға мүмкіндік
береді.
Терминалдың деректер
базасы:
§
терминалда өңделетін
MT-хабарлар
форматтарының сипаттамалырын сақтауға;
§
терминал абоненттерінің
анықтамалығын сақтауға;
§
белгілі бір абоненттердің
белгілі бір MT-хабарларды
қабылдауға/жіберуге берілген рұқсаттарын
сақтауға;
§
терминалда өңделген келіп
түскен және жіберілетін
MT-хабарларды сақтауға (реттеген
кезде өзгеше тапсырма берілмесе, транзиттік
хабарларды қоспағанда);
§
терминалдың ақпаратты өңдеу
журналдарын сақтауға арналған.
Кешеннің барлық
модульдері хабарларды қабылдау/жіберу
жөніндегі олардың жұмыстары көрсетілетін
журналдарды жүргізуді қамтамасыз етеді.
Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын
талаптар:
Сервердің / жұмыс
станциясының өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium
III 500 МГц |
|
|
жедел жады |
256
Mb |
|
|
дискідегі бос кеңістік |
10 Gb |
|
|
операциялық жүйе |
Microsoft Windows NT 4
SP 5 / 2000 SP 3 |
|
|
деректер базасы |
FireBird Server 1.5 |
Ақпаратты қорғау:
FireBird 1.5. ДББЖ құралдарымен қамтамасыз
етіледі. Жүйеде пайдаланушыларды аты мен
паролін бере отырып авторизациялау функциясы
іске асырылған.
Жеткізу жиынтығы:
«Форматтардың
және абоненттердің анықтамалығы», «Файлдарды
толықтыру», «МТ-хабарларды түсіндіру»,
«Backup Manager» және «Келіп түскен және
жіберілетін хабарларды тазарту» модульдерін
бағдарламалық қамтамасыз ету бар компакт
дискі; терминалдың деректер базасы;
FireBird 1.5 сервері, сондай-ақ орыс
тіліндегі құжаттама.
Ендіру мерзімдері:
Орнату пайдаланушыларды оқытуды қоса алғанда
бір аптадан жоғары мерзімді құрайды.
Техникалық қолдау:
Кепілдік беру (пайдалануға берілгеннен кейін
үш ай ішінде) және кепілдік беру мерзімінен
кейін (клиенттің қалауы бойынша келісім
негізінде) қызмет көрсету. Қызмет көрсету
шеңберінде мынадай жұмыстар орындалады:
§
бағдарламалық
қамтамасыз етуді пайдалану барысында
анықталған қателерді түзету;
§
бағдарламалық
қамтамасыз етумен жұмыс бойынша клиентке
консультация беру;
§
бағдарламалық
қамтамасыз етудің түзетілген нұсқаларын
жеткізу;
§
стандартқа жатпайтын жағдайлар
пайда болғанда консультация беру.
Қазіргі
кезде кешен:
§
«Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі» мемлекеттік
мекемесінде;
§
«Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі» ММ-нің
филиалдарында;
§
Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі
банктерінде;
§
Қазақстан Республикасының
Қазынашылығында;
§
«Қазақстан ипотекалық
компаниясы» АҚ-да;
§
«Қазақстан
тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да
пайдаланылады. |