|
«КОжҚСО-ғы тазартылған және тазартылмаған қымбат
металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған
бұйымдарды есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық
шағын жүйесі
Зияткерлік меншік объектісін
мемлекеттік тіркеу туралы
31.03.2004ж. № 065 куәлік
Мақсаты:
Шағын жүйе құндылықтарды сақтаумен
айналысатын ұйымдарда пайдалануға арналған.
Шағын
жүйе қымбат металдар, асыл тастар және
олардан жасалған бұйымдарды қабылдау,
бақылау, сараптау, іріктеу және біріктіру,
сақтау бойынша КОжҚСО операцияларды жүргізу
процестерін автоматтандыруды қамтамасыз
етеді.
Осы
жүйенің ерекшелігі «Sartorius» және «Mettlers
Toledo» фирмаларының электрондық
таразылары бар жүйелердің өзара іс-әрекет
етуі үшін әдістер мен функциялардың
жиынтығын ұсынатын әзірленген ерекше драйвер
болып табылады. Әдістер мен функциялар
жиынтығы таразылардың ішкі нөмірлерін алуға
(егер таразы осы функцияны қолдайтын болса),
таразыларды ішкі калибрлеуді ұсыныс жасауға
(егер таразы осы функцияны қолдайтын болса)
ыдысқа салуға (тұрақтылықты күту арқылы
немесе тұрақтылықты күтпей), ал таразының
әр түрлі бірлігіндегі тұрақты, ал кейбір
түрлері үшін тұрақсыз таразыны алуға, бір
бірліктегі таразыны басқаға аударуға
мүмкіндік береді.
Құрамы:
Шағын
жүйе жекелеген автоматтандырылған жұмыс
орындарынан тұрады:
§
«Шағын жүйенің
басқарушысы» АЖО;
§
«Шағын жүйенің
анықтамалығы» АЖО;
§
«Құндылықтармен операциялар»
АЖО;
§
«Химиялық анализдер жүргізу»
АЖО;
§
«Қымбат металдармен жұмыс
жөніндегі экономист» АЖО.
Эргономика және
эстетика:
Бағдарламалық
қамтамасыз етудің эргономикалық шешімі
пайдаланушылар жұмысының барынша
қолайлылығын және өнімділігін қамтамасыз ету
үшін жобаланған. Ақпарат қолмен енгізу
мүмкін болатын барлық жағдайларда ААШЖ
анықтамалығынан алынатын деректерді таңдауға
ауыстырылады.
Архитектурасы:
Үш деңгейлі
архитектура – «икемді клиент» технологиясы.
Электрондық таразымен өзара іс-әрекет ету
үшін клиет-сервер архитектурасы
пайдаланылады.
«Басқарушы»АЖО
пайдаланушыға:
§
атын және паролін бере отырып,
жүйеге жаңа пайдаланушыларды енгізуге;
§
жүйенің деректер базасы мен
функцияларының объектілеріне
пайдаланушыларға кіру құқығын тағайындауға;
§
ААШЖ деректері мен
функцияларына кіруден пайдаланушыларды
оқшаулауға;
§
ААШЖ жұмыс істеу өлшемдерін
ретке келтіруге мүмкіндік береді.
«Шағын жүйенің
анықтамалығы» АЖО пайдаланушыларға мынадай
анықтамалықтар бойынша нормативтік-анықтамалық
ақпаратты оңтайлы жағдайда ұстауға мүмкіндік
береді:
§
банктер анықтамалығы;
§
елдер анықтамалығы;
§
валюталар мен қымбат металдар
кодтарының анықтамалығы;
§
Орталықтың деректемелері;
§
бөлімдердің анықтамалығы;
§
лауазымды тұлғалардың
анықтамалығы;
§
кезеңдер анықтамалығы;
§
химиялық талдаулар процесінің
анықтамалығы;
§
орау түрлерінің анықтамалығы;
§
таңбалар түрлерінің
анықтамалығы;
§
өлшем бірілгі, есепке алу
бірліктері;
§
валюталық бағам;
§
фиксинг;
§
құймалар маркалары;
§
үкіметтік резервтегі
құндылықтар түрінің тізбесі;
§
стандартты үлгілердің тізбесі;
§
қымбат металдар түрінің
анықтамалығы;
§
бұйымдар түрінің анықтамалығы;
§
баланстан тыс шоттар
анықтамалығы;
§
тас атауларының анықтамалығы;
§
бедерлеу түрлері;
§
тастардың сапасы;
§
тастардың басқа да сипаттары;
§
тастардың түстері;
§
тастардың массасы;
§
баға прейскуранты;
§
ХТСБ клиенттерінің
анықтамалығы;
§
ҚМҚБ клиенттерінің
анықтамалығы;
§
П(6)Р үшін құндылықтарды
жібері анықтамалығы;
§
жеткізушілер, оның ішінде
шығарушы зауыт анықтамалығы;
§
қымбат металдар сынамының
анықтьамалығы;
§
қымбат емес металдар,
канифоль, гипс және осы сияқты қымбат
металдардан жасалған бұйымдарға жеңілдіктер
мәндерінің кестесі;
§
химиялық анализ жасау кезінде
қымбат металдардың жоғалу нормалары;
§
масса бойынша рұқсат етілген
ауытқулардың анықтамалығы;
§
стандарттарға немесе
техникалық талаптарға сәйкес өнімдердің
түрлері;
§
қымбат металдарды сақтауға
арналған тарифтер.
«Құндылықтармен
операциялар» АЖО
пайдаланушыларға:
§
есепке алу процесін
автоматтандыруға және құндылықтарға қызмет
көрсетулер бойынша құжаттарды ресімдеуге;
§
ҚРҰБ әріптестерімен
келісім-шарттарды орындау бойынша құжаттарды
дайындау жөнінде іс-шаралар кешенін
орындауға, мәмілелер паспортының электрондық
үлгісін өңдеуге, құндылықтармен жүргізілетін
операциялар сондай-ақ берілетін құндылықтар
бойынша ерекше нұсқамалар бойынша өкімдерді
және актілерді дайындауға және ресімдеуге,
құндылықтарға қызмет көрсету бойынша
қызметтерге тарифтер есебін әзірлеуге
қатысуға;
§
Автоматы тұрде қалыптасатын
кітаптар және құндылықтарды есепке алу
карточкалары бойынша қымбат металдар
қоймалары құндылықтарын есепке алуға
мүмкіндік береді.
«Химиялық талдаулар
жүргізу» АЖО
пайдаланушыларға:
§
есепке алу процесін
автоматтандыруға және химиялық талдауларды
қабылдау, сақтау, сараптау, өлшеу,
сертификациялау, бағалау, жүргізу
құндылықтарды есептен шығару және беру
бойынша құжаттарды ресімдеуге;
§
ХТСБ құндылықтарын есепке алу
кітаптары мен карточкаларында құндылықтарды
есепке алуға мүмкіндік береді.
«Қымбат металдармен
жұмыс жөніндегі экономист» АЖО
пайдаланушыларға:
§
құндылықтарға
жедел бухгалтерлік есеп жүргізу, ҚРҰБ
тазартылған алтын және күмісті құйма бойынша
есепке алу үшін деректер алуға;
§
құндылықтарды
сақтау,химиялық талдау жүргізу,
құндылықтарды сараптау және сертификациялау
бойынша қызметтерге тарифтерді есептеуді
әзірлеуге;
§
ҚРҰБ-мен қымбат металдарды
есепке алу деректерін салыстырып тексеру
процесін автоматтандыруға;
§
ХТСБ құндылықтарын кітаптарды
және карточкаларда есепке алуды жүргізуге
мүмкіндік береді.
Техникалық қамтамасыз
етуге қойылатын талаптар:
Сервердің
өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium II (2* 300
MHz) |
|
|
жедел
жады |
10ns SDRAM ECC DIMM (256
Mb) |
|
|
дискідегі бос кеңістік |
10 Gb |
|
|
операциялық
жүйе |
Microsoft Windows
NT/2000 |
|
|
деректер
базасы |
Oracle 8.1.7 |
Жұмыс станциясының өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium II 266 |
|
|
жедел
жады |
128 Mb |
|
|
дискідегі бос кеңістік |
500 Mb |
|
|
операциялық
жүйе |
Microsoft Windows
NT/2000/XP |
|
|
клиент |
Oracle 8.1.7 |
|
|
Microsoft Office 2000 |
|
Қосымша
бағдарламалық қамтамасыз ету:
Шағын жүйенің жұмысы
үшін:
§
Oracle
Developer Server;
§
Oracle
JetInitiator қажет.
Ақпаратты қорғау:
Oracle ДББЖ құралдарымен,
сондай-ақ «Басқарушы» АЖО-мен қамтамасыз
етіледі. Шағын жүйеде мынадай функциялар
іске асырылған: пайдаланушыларды аты мен
паролін бере отырып авторизациялау; жұмыс
станцияларын аутентификациялау; шағын
жүйенің деректері мен функцияларына
пайдаланушылардың кіру құқығын шектеу.
Жеткізу жиынтығы:
Шағын
жүйенің АЖО бағдарламалық қамтамасыз етуі
бар компакт диск, сондай-ақ орыс тіліндегі
құжаттама.
Ендіру мерзімдері:
Орнату пайдаланушыларды оқытуды қоса алғанда
бір айдан жоғары мерзімді құрайды.
Техникалық қолдау:
Кепілдік беру (пайдалануға берілгеннен кейін
алты ай ішінде) және кепілдік беру
мерзімінен кейін (клиенттің қалауы бойынша
келісім негізінде) қызмет көрсету. Қызмет
көрсету шеңберінде мынадай жұмыстар
орындалады:
§
Бағдарламалық
қамтамасыз етуді пайдалану барысында
анықталған қателерді түзету;
§
Бағдарламалық
қамтамасыз етумен жұмыс бойынша клиентке
консультация беру;
§
Бағдарламалық
қамтамасыз етудің түзетілген нұсқаларын
жеткізу;
§
Стандартқа жатпайтын жағдайлар
пайда болғанда консультация беру.
Тапсырыс
берушінің қалауы бойынша пысықтау:
Қазіргі кезде шағын
жүйенің жаңа нұсқасы әзірленуде.
Шағын жүйе қазіргі
кезде:
«Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі»
мемлекеттік мекемесінің Кассалық операциялар
және құндылықтарды сақтау орталығында (филиалында)
пайдаланылады. |