|
«Аудит» автоматтандырылған
ақпараттық шағын жүйесі
Зияткерлік меншік
объектісін
мемлекеттік тіркеу
туралы
07.10.2002ж. № 224 куәлік.
Мақсаты:
Шағын жүйе
банктерде, корпорацияларда және ұйымдарда
пайдалануға арналған.
Шағын жүйе аудиторлық
тексерулер туралы ақпаратты, сондай-ақ
аудиторлық тексерулердің материалдарын (тапсырмалар,
анықтамалар, резюме, анықталған
кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды іске
асыру нәтижелерін және анықтамаларды қарау
нәтижелері жөніндегі құжаттар) іске асыру
жөніндегі құжаттарды жинақтау, сақтау және
өңдеу процестерін автоматтандыруды
қамтамасыз етеді. Аудиторлық тексерулердің
нәтижелері туралы ақпаратты, анықталған
кемшіліктер мен жөнсіздіктерді жою жөніндегі
ұсыныстарды талдау, сондай-ақ кемшіліктер,
жөнсіздіктерді жою және ұсыныстарды орындау
мониторингі. Аудиторлық тексерулер жөніндегі
қажетті есептік ақпаратты іздестіру және
дайындау.
Осы жүйенің ерекшелігі
мыналар болып табылады:
§
аудиторлық тексерулер
жөніндегі ақпаратты жинаудың көп деңгейлі
иерархиялық үлгісін қолдау;
§
өзекті емес (тарихи) деректер
бойынша есептер алу мүмкіндігі бар
нормативтік-анықтамалық ақпаратқа барлық
өзгерістердің тарихын сақтау;
§
бастапқы ақпаратты
егжей-егжейлі тексеруді қамтамасыз ететін
басшылық деңгейінде ААШЖ-ге енгізілген
барлық ақпаратты бекітудің көп деңгейлі
жүйесі;
§
деректер базасындағы бастапқы
шығу көздері көрсетілген ақпаратты
салыстыруды жүзеге асыру үшін
WORD құжаттары -
хаттамаларды, резюмені, анықтамаларды және
т.с. деректер базасында сақтау;
§
әзірлеушінің өкілдерін
тартпастан ААШЖ-нің пайдаланушыларының
реттелмеген сұратуларын алуға арналған
қолайлы графикалық интерфейстердің болуы;
§
пайдаланушылардың деректер
базасының құрамындағыларды өзгерту бойынша
іс-әрекеттерін қадағалау жөніндегі
аудиторлық журналдың болуы.
Құрамы:
Шағын жүйе жекелеген мынадай АЖО-нан тұрады:
"Басқарушы" АЖО және "Пайдаланушы" АЖО.
Эргономика және
эстетика:
Шағын жүйе
пайдаланушылар жұмысының барынша
қолайлылығын және өнімділігін қамтамасыз
ететіндей жобаланған. Ақпаратты
қолдан енгізу мүмкін
болатын барлық
жағдайлар ААШЖ анықтамалықтарынан деректерді
таңдап алумен
ауыстырылды. Экрандық нысанындағы кестелер
мен тізімдерде берілген деректемелер бойынша
жедел мәтіндік іздестіру көзделген. Экрандық
нысандарда деректерді іріктеу және
топтастыру мүкіндігі, сондай-ақ сүзгілерді
қолдану мүмкіндігі берілген.
Архитектурасы:
TCP/IP
хаттамасы бойынша жергілікті не
корпоративтік желіде жұмыс істеу мүмкіндігі
бар клиент–сервер.
"Басқарушы" АЖО
пайдаланушыға:
§
атын және
паролін бере отырып жүйенің жаңа
пайдаланушыларын енгізуге;
§
пайдаланушыларға деректер базасының
объектілеріне және жүйенің функцияларына
кіру құқығын беруге;
§
пайдаланушыларды ААШЖ деректеріне және
функцияларына кіруден оқшаулауға;
§
жүйенің жұмысы жөніндегі
аудиторлық журналдарды қарауға және басып
шығаруға;
§
оны деректер
базасынан ажырату үшін пайдаланушының
белсенділігі болмайтын кезеңін белгілеуге;
§
жүйенің
сервистік функцияларына қатысты ААШЖ-нің
жұмыс істеу өлшемдерін ретке келтіруге (пайдаланушылардың
парольдарды ауыстыру кезеңі, жекелеген
режимдерде деректерді бекіту мүмкіндігін
белгілеуге-күшін жоюға, пайдаланушылардың
анықтамалыққа ақпарат қосуына рұқсат ету
және т.б.);
§
басқарушы өз
қалауы бойынша пайдаланатын белгілеу
журналын жүргізуге мүмкіндік береді.
«Пайдаланушы»
АЖО пайдаланушыға:
§
жүйеде тіркеуге;
§
бастапқы ақпаратты "Аудит"
деректер базасына ендіруге;
§
пайдаланушының кіру құқығына
байланысты жүргізілген тексерулер бойынша
ақпаратты ендіруге және редакциялауға;
§
Word
форматының файлынан тексеру нәтижелері
бойынша дайындалған құжаттарды ендіруге;
§
НАА анықтамалықтарын толтыруға
және жүргізуге;
§
деректер базасында сақталатын
енгізілген ақпаратты қарауға;
§
деректер базасының нақты
жазбасына қатысты құжаттарды қарауға;
§
қажетті ақпаратты іздестіруді
жүзеге асыруға;
§
нәтижелерін
Excel форматының
файлына беру мүмкіндігімен қажетті
деректемелер бойынша ақпарат іздестіруді
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қажетті деректемелер тізбесіне базаның
барлық толтырған орындары кіреді;
§
есептерді алуға және оларды
басу үшін шығаруға;
§
стандартты есептерді
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Есеп
пайдаланушылардың тиісті топтарына қарау
және басып шығару үшін қол жетерліктей болуы
тиіс;
§
парольға берілген қолданылу
мерзіміне сәйкес өз паролін өзгертуге;
§
ескертулерді жоюға арналған
бақылау мерзімдерінің басталғаны туралы
ескертулер алуға;
§
енгізілген ақпаратты бекітуге
(жауапты тұлғалар үшін);
§
жауапты тұлғалар үшін
редакциялауға қойылған оқшаулауды алып
тастауына мүмкіндік береді.
Техникалық қамтамасыз
етуге қойылатын талаптар:
Сервердің
өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium III 1000 MHz |
|
|
жедел жады |
512
Mb |
|
|
дискідегі бос кеңістік |
10 Gb |
|
|
операциялық жүйе |
Microsoft Windows
NT/2000/XP |
|
|
деректер базасы
|
Oracle 8.0.5 |
Жұмыс
станциясының өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium III 500
MHz |
|
|
жедел жады |
128 Mb |
|
|
дискідегі бос кеңістік |
500 Mb |
|
|
операциялық жүйе |
Microsoft Windows
9x/NT/2000/XP |
|
|
клиент |
Oracle 8.0.5 |
|
|
Microsoft Office,2000 |
|
Қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету:
Шағын жүйенің жұмысы
үшін Oracle 8.0.5
Enterprise Edition
немесе жоғары, Microsoft
Excel 2000 бағдарламалық қамтамасыз
етуін пайдалану қажет.
Ақпаратты қорғау:
Oracle ДББЖ
құралдарымен, сондай-ақ
«Басқарушы» АЖО-мен
қамтамасыз етіледі.
Шағын жүйеде мынадай функциялар іске
асырылған:
пайдаланушыларға аты мен паролін бере
отырып, авторизациялау;
жұмыс станцияларын
аутентификациялау;
пайдаланушылардың деректерге
және шағын жүйенің функцияларына кіру
құқығын шектеу.
Жеткізу жиынтығы:
«Басқарушы» АЖО және
«Пайдаланушы» АЖО бағдарламалық қамтамасыз
етуі бар компакт диск, сондай-ақ орыс
тіліндегі құжаттама.
Ендіру
мерзімдері:
Орнату
пайдаланушыларды оқытуды қоса алғанда бір
айдан жоғары мерзімді құрайды.
Техникалық
қолдау:
Кепілдік берілген (пайдалануға
тапсырылғаннан кейінгі алты айдың ішінде)
және кепілдік берілгеннен кейінгі (клиенттің
қалауы бойынша шарттық негізде) қызмет
көрсету. Қызмет көрсету шеңберінде мынадай
жұмыстар орындалады:
§
бағдарламалық қамтамасыз етуді
пайдалану барысында табылған қателерді
түзету;
§
клиентке бағдарламалық
қамтамасыз ету бойынша консультация беру;
§
бағдарламалық қамтамасыз
етудің түзетілген нұсқаларын жеткізу;
§
стандартты емес жағдайлар
туындаған кезде консультация беру.
Тапсырыс
берушінің қалауы бойынша пысықтау:
Шағын жүйені пысықтау
тапсырыс берушінің қосымша қажеттілігінен
туындауы ықтимал (қосымша талқыланады).
Қазіргі кезде шағын
жүйе:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі» Мемлекеттік Мекемесінде пайдаланылады. |