|
Кастодиан банк
автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесі
Зияткерлік меншік
объектісін
мемлекеттік тіркеу туралы
07.10.2002ж. № 220 куәлік.
Мақсаты:
Шағын жүйе Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінде және жинақтаушы
зейнетақы қорларында пайдалануға арналған.
Шағын
жүйе:
§
МЖЗҚ кастодиандық қызмет көрсету
жөніндегі операцияларды есепке алу;
§
МЖЗҚ активтерін негізделген сақтау
және есепке алу;
§
МЖЗҚ салымшыларының міндетті
зейнетақы жарналарын,
төлемдерін және жинақталған зейнетақы
қаражатының аударымдарын есепке алу;
§
БХКО электрондық хабарларын
қабылдау, тіркеу,
өңдеу,
қалыптастыру және жіберу,
электрондық хабарлар мұрағатын жүргізу;
§
МЖЗҚ сақтаудағы бағалы қағаздары
мен депозиттерінің есебін жүргізу;
§
Клиенттердің активтерін есепке алу
сапасын жақсарту және қолмен орындалатын
операциялар санын қысқарту және ақпаратты өңдеу
мен сақтаудың қағазсыз технологиясын қолдау
есебінен ҚРҰБ кастодиандық операциялар бөлімшесі
қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттыру;
§
ҚРҰБ кастодиандық қызметті
орындауға байланысты бөлімшелерінің ұйымдық және
ақпараттық қауіпсіздігінің қажетті деңгейін
қамтамасыз ету;
§
комиссиялық сыйақылардың,
өтелген шығыстардың,
өсімпұлдардың,
айыппұлдардың,
тұрақсыздық айыптарының сомаларын және Ұлттық
Банктің клиенттердің активтерін басқаруды іске
асыруына байланысты басқа сомалардың есебіне
жүргізу;
§
бағалы қағаздар нарығын реттеу
және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға МЖЗҚ
зейнетақы активтерінің жай-күйі
туралы есеп беру;
§
ҚРҰБ Төлем балансы және валюталық
реттеу департаменті үшін 15-ТБ
нысанындағы кезеңділік есептілігін,
сондай-ақ
электрондық түрдегі және қағазға басылған Үлгі
кастодиандық шарттың талаптарына сәйкес МЖЗҚ-мен
салыстыру үшін есептілік нысандарын қалыптастыру
процестерін кешенді автоматтандыруды қамтамасыз
етеді.
Құрамы:
Шағын жүйе модульдік
негізде құрылған, «Кастодиандық
операциялар», «Операциялық
күнді басқару», «Шағын
жүйенің басқарушысы»
және «SWIFT-терминал»
модульдері базалық және міндетті болып
табылады.
Эргономика және
эстетика:
Бағдарламалық қамтамасыз
етуді эргономикалық шешу пайдаланушылар
жұмысының қолайлылығын және өнімділігін
қамтамасыз етеді.
Нормативтік-анықтамалық
ақпарат деректерді бірегейлендіруге және қолмен
енгізуді шағын жүйенің қосымшалары ұсынатын
тізімнен таңдаумен ауыстыруға мүмкіндік болатын
барлық жағдайларда қалыптастырылады.
Икемді ретке келтірілетін сүзгілер,
іріктеулер және топтастырулар шағын
жүйемен жұмыс істеуді жеңілдетеді.
Архитектурасы:
TCP/IP
хаттамасы бойынша жергілікті не
корпоративтік желіде жұмыс істеу мүмкіндігі бар
клиент – сервер.
"Кастодиандық
операциялар" модулі пайдаланушыға:
§
кастодиандық қызмет бойынша
операциялардың есебін жүргізуге;
§
бағалы қағаздармен операциялардың
баланстан тыс бухгалтерлік есебін жүргізуге;
§
екінші деңгейдегі банктердің
депозиттеріне инвестициялау операцияларының
баланстан тыс бухгалтерлік есебін жүргізуге;
§
бағалы қағаздар мәмілелерінің
паспортын жүргізуге;
§
депозиттер мәмілелерінің паспортын
жүргізуге;
§
төлем
құжаттарын жүргізуге;
§
енгізілген құжаттарды бақылауды,
верификациялауды және бекітуді іске асыруға;
§
МЖЗҚ қалыптастырылған құжаттарды
бақылауды, верификациялауды және бекітуді іске
асыруға;
§
есептілікті қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
"Операциялық
күнді басқару" модулі пайдаланушыға:
§
операциялық күннің жай-күйін
басқаруға;
§
мұрағаттау процесін басқаруға;
§
ДББЖ-нен ақпаратты мұрағаттауға;
§
мұрағаттық ақпаратқа кіруді
шектеу;
§
ақпаратты жедел деректер базасынан
мұрағаттық базаға кесте бойынша ауыстыруға;
§
мұрағаттың жай-күйі туралы есепті
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
"Шағын
жүйенің басқарушысы" модулі пайдаланушыға:
§
атын және паролін бере отырып
жүйені пайдаланушылардың анықтамалығын
жүргізуге;
§
пайдаланушыларға шағын жүйенің
деректеріне және функцияларына кіру құқығын
тағайындауға, пайдаланушылардың парольдерін
ауыстыруға, парольдерді ауыстыру кезеңділігін
бақылауға;
§
пайдаланушылардың шағын жүйенің
деректеріне және функцияларына кіруін оқшаулауға;
§
шағын жүйенің деректер базасына
қосылған пайдаланушыларды қарауға;
§
қажет болған жағдайда
пайдаланушыларды шағын жүйенің деректер
базасынан ажыратуға;
§
пайдаланушылардың тобын құруға,
оларға құқық беруге, басқа топтарға тиесілігін
айқындауға;
§
пайдаланушылардың пайдаланушылар
топтарына тиесілігін айқындауға;
§
пайдаланушылардан топтар берген
артықшылықтарды іріктеп алып қоюға;
§
шағын жүйеде тіркелген
компьютерлердің анықтамалығын жүргізуге;
§
пайдаланушының өз паролін өзгертуге мүмкіндік
береді.
«SWIFT-терминал»
модулі:
§
БХКО электрондық хабарларын
қабылдауға, тіркеуге, өңдеуге, қалыптастыруға
және жіберуге, электрондық хабарлар мұрағатын
жүргізуге арналған.
Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын
талаптар:
Сервердің
өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium III 1000 MHz |
|
|
жедел жады |
512
Mb |
|
|
дискідегі бос кеңістік |
10 Gb |
|
|
операциялық жүйе |
Microsoft Windows
NT/2000/XP |
|
|
деректер базасы
|
Oracle 8i |
Жұмыс станциясының
өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium III 500 MHz |
|
|
жедел жады |
128
Mb |
|
|
дискідегі бос кеңістік |
500
Mb |
|
|
операциялық жүйе |
Microsoft Windows
NT/2000/XP |
|
|
клиент |
Oracle 8i |
|
|
Microsoft Office, 2000 |
|
|