КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
БОС ҚЫЗМЕТ ОРЫНДАРЫ
БАЙЛАНЫСТАР
ӘРІПТЕСТЕР
ЖАҢАЛЫҚТАР
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

Корпорация Oracle

ЗАО "Ланит"       

Учебно-консультационный центр "Форс"

Корпорация IBM

     БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
                                                                                                                                                                                                   KAZ     РУС    ENG

 

 

"Банктердің паспорты"

автоматтандырылған ақпараттық-анықтамалық жүйесі

 

Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы
07.10.2002ж. № 219 куәлік
 

Мақсаты:

Шағын жүйе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде пайдалануға арналған.

Шағын жүйе резидент/резидент емес екінші деңгейдегі банктер, банктердің филиалдары және олардың өкілдіктері туралы анықтамалық ақпаратты орталықтандырылған жүргізу процесін автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Құрамы:

Шағын жүйе «Жетекші», «Басқарушы» және «SybaseAutoBackup» автоматтандырылған жұмыс орындарынан тұрады.

Эргономика және эстетика:

Жүйе анықтамалықтардан мәндерді таңдаумен қолмен енгізуді барынша болдырмайтындай етіп жобаланған.

Архитектурасы:

TCP/IP хаттамасы бойынша жергілікті желіде жұмыс істеу мүмкіндігі бар клиент–сервер.

"Жетекші" АЖО пайдаланушыға:

§         жүйенің анықтамалықтарына деректерді енгізуге, бұрын енгізілген деректерді өзгеруге және жоюға;

§         резидент банктердің банктерін/филиалдарын/өкілдіктерін/ЕКБ жүйеде тіркеуге;

§         резидент емес банктердің банктерін/өкілдіктерін жүйеде тіркеуге;

§         банктердің, уәкілетті тұлғаның, жарияланған жарғылық капиталдың деректемелерін, құрылтайшылар туралы мәліметтерді толтыруға, өзгертуге;

§         Әділет министрлігінде тіркелгені туралы; жарғылық капиталдың тіркелгені/қайта тіркелгені туралы; бағалы қағаздар туралы; банктің акционерлері туралы; эмиссия туралы есепті тіркеу туралы мәліметтерді жүргізуге;

§         банктердің/филиалдардың/өкілдіктердің басшы қызметкерлері туралы мәліметтерді жүргізуге;

§         банк операцияларына лицензиялар туралы мәліметтерді жүргізуге;

§         бағалы қағаздар нарығына лицензиялар туралы мәліметтерді жүргізуге;

§         ҚРҰБ жүргізген тексерулер туралы мәліметтерді жүргізуге;

§         аудиторлық тексерулер туралы мәліметтерді жүргізуге;

§         шектелген ықпал ету шаралары туралы мәліметтерді жүргізуге;

§         банктерге санкциялар туралы мәліметтерді жүргізуге;

§         банктерді қайта ұйымдастыру туралы мәліметтерді жүргізуге;

§         банктерді тарату туралы мәліметтерді жүргізуге;

§         банктер бойынша/банктерге, филиал бойынша/филиалдарға, өкілдік бойынша/өкілдікке, басшы қызметкерлерге шығыс нысандарын қалыптастыруға;

§         барлық шығыс нысандарын MS Excel форматындағы файлға сақтауға;

§         өз паролін өзгертуге мүмкіндік береді.

"Басқарушы" АЖО басқарушыға:

§         жүйенің пайдаланушыларын/топтарын құруға, өзгертуге, оқшаулауға;

§         банктерді/банктердің өкілдіктерін жүйеде тіркеуге;

§         пайдаланушылардың жүйенің деректеріне және функцияларына кіру құқығын тағайындауға;

§         пайдаланушыларға парольдер белгілеуге;

§         АЖО анықтамалықтарына деректер енгізуге, бұрын енгізілген деректерді өзгертуге және жоюға мүмкіндік береді.

"SybaseAutoBackup" АЖО:

§         Sybase деректер базасын басқарушы белгілеген кесте және сценарий бойынша резервтік көшіруді орындауға;

§         резервтік көшіруді орындау журналын қарауға мүмкіндік береді.

Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

Сервердің өлшемдері:

  процессор Pentium III 500 MHz
  жедел жады 256 Mb
  дискідегі бос кеңістік 10 Gb
  операциялық жүйе Microsoft Windows NT/2000
  деректер базасы Sybase Server 11.0.2 (орыс тілінде)

  Жұмыс станциясының өлшемдері:

  процессор Pentium III 500 MHz
  жедел жады 128 Mb
  дискідегі бос кеңістік 500 Mb
  операциялық жүйе Microsoft Windows 9x/NT/2000/XP
  клиент Sybase Client 11.0.2 (русский язык)
  Microsoft Office 97/2000  

Қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету:

Шағын жүйенің жұмысы үшін Sybase Server 11.0.2 (орыс тілінде), Microsoft Excel 97/2000 бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалану қажет

Ақпаратты қорғау:

Sybase Server 11.0.2 ДББЖ құралдарымен, сондай-ақ "Басқарушы" модулімен қамтамасыз етіледі. Шағын жүйеде мынадай функциялар іске асырылған: пайдаланушыларды аты мен паролін бере отырып авторизациялау; пайдаланушылардың шағын жүйенің деректері мен функцияларына кіру құқығын шектеу.

Жеткізу жиынтығы:

"Жетекші" АЖО, "Басқарушы" АЖО және "SybaseAutoBackup" АЖО бағдарламалық қамтамасыз ету, сондай-ақ орыс тіліндегі құжаттама бар компакт диск.

Ендіру мерзімдері:

Орнату пайдаланушыларды оқытуды қоса алғанда бір айдан жоғары мерзімді құрайды.

Техникалық қолдау:

Кепілдік берілген (пайдалануға тапсырылғаннан кейін алты ай ішінде) және кепілдік берілгеннен кейін (клиенттің қалауы бойынша шарттық негізде) қызмет көрсету. Қызмет көрсету шеңберінде мынадай жұмыстар орындалады:

§         бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану барысында анықталған қателерді  түзету;

§         клиентке бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу жөнінде консультация беру;

§         бағдарламалық қамтамасыз етудің түзетілген нұсқаларын жеткізу;

§         стандартқа жатпайтын жағдайлар туындаған кезде консультация беру.

Тапсырыс берушінің қалауы бойынша пысықтау:

Тапсырыс берушінің қажетіне қарай жүйе пысықталуы мүмкін (қосымша талқыланады).

Шағын жүйе қазіргі кезде:

"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі" ММ-де пайдаланылады.