|
Экономиканың нақты
секторы кәсіпорындарының мониторингі
автоматтандырылғанақпараттық шағын жүйесі
Зияткерлік меншік
объектісін
мемлекеттік тіркеу
туралы
07.10.2002ж. № 223 куәлік.
Мақсаты:
Шағын жүйе
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде
пайдалануға арналған.
Шағын жүйе ҚР ҰБ
Зерттеу және статистика департаментінің
қажетті ақпаратты жедел алуы және кейіннен
кәсіпорындар мен ұйымдардың жай-күйін талдау,
кәсіпорындарды экономикалық талдаудың
тәсілдері мен әдістерін автоматтандыру үшін
және кәсіпкерлік қызметті дамыту өлшемдерін
жалпы реттеу және бақылау үшін экономиканың
нақты секторының кәсіпорындары жай-күйінің
сандық және сапалық көрсеткіштерінің
деректерін жинауды қамтамасыз етеді. ААШЖ
субъектілері мыналар болып табылады: ҚРҰБ
орталық аппараты және экономиканың нақты
секторының кәсіпорындары, олар есептік
ақпаратты сауалнама түрінде ҚРҰБ тиісті
филиалдары арқылы ерікті негізде жібереді.
Осы жүйенің ерекшелігі
мыналар болып табылады:
§
жүйенің әрбір қатысушысында
шағын жүйенің қатысушысын бірегейлендіретін
ақпарат бар деректер базасының өз
көшірмесінің болуы, базаның деректері
электрондық пошта жүйесі арқылы
үйлестіріледі;
§
қатысушының түріне (филиал
немесе орталық) және оның
бірегейлендірілуіне (есептің түріне қатысты
филиалға тек филиалдың деректеріне ғана
рұқсат) қатысты іске асырылатын функцияларға
және деректерге кіру жөніндегі шектеулерді
іске асыру;
§
редакциялау үшін рұқсат
етілген сандық және сапалық көрсеткіштердің
анықтамалығын іске асыру (тек орталық
аппаратты) пайдаланушыға есептіліктің кіріс
нысандарын оның әзірлеушісіне қарамастан
өзгертуге мүмкіндік береді;
§
әзірлеушіге қарамастан
экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының
шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін өңдеу
кезінде пайдаланылатын алгоритмдер мен
қомақты мәндерді пайдаланушының таңдауы
мүмкіндігімен ақпаратты өңдеудің кеңейтілген
қисынын іске асыру.
Құрамы:
Шағын жүйе жекелеген АЖО-нан тұрады: "Кәсіпорындардың
мониторингі" АЖО-нан, "Есептерді
қалыптастыру" АЖО-нан және "Ақпарат алмасу"
АЖО-нан.
Эргономика және
эстетика:
Шағын жүйе
пайдаланушылар жұмысының барынша
қолайлылығын және өнімділігін қамтамасыз
ететіндей жобаланған. Ақпаратты қолдан
енгізу мүмкін болатын барлық жағдайлар ААШЖ
анықтамалықтарынан деректерді таңдап алумен
ауыстырылды. Экрандық нысанындағы кестелер
мен тізімдерде берілген деректемелер бойынша
жедел мәтіндік іздестіру көзделген. Экрандық
нысандарда деректерді іріктеу және
топтастыру мүкіндігі, сондай-ақ сүзгілерді
қолдану мүмкіндігі берілген.
Архитектурасы:
TCP/IP хаттамасы
бойынша жергілікті желіде жұмыс істеу
мүмкіндігі бар клиент– сервер. ҚР ҰБ
облыстық филиалдары мен ҚР ҰБ орталық
аппараты арасында деректермен алмасу үшін
электрондық пошта пайдаланылады.
"Кәсіпорындардың
мониторингі" АЖО пайдаланушыға:
§
жүйеде тіркелуге;
§
атын және
паролін бере отырып жүйенің жаңа
пайдаланушыларын енгізуге;
§
пайдаланушыларға жүйенің функцияларына кіру
құқығын беруге;
§
өз паролін өзгертуге;
§
анықтамалықтарды толтыруға
және жүргізуге (тек орталық аппарат үшін);
§
енгізілген ақпарат үшін
бастапқы бақылау жасау (оның ішінде қисынды);
§
шығыс ақпаратын енгізуге және
түзетуге;
§
деректер базасында сақталған
ақпаратты қарауға мүмкіндік береді.
"Есептерді
қалыптастыру" АЖО пайдаланушыға:
§
жүйеде тіркелуге;
§
өз паролін өзгертуге;
§
есеп нысандарын
Excel файлдары
түрінде алуға мүмкіндік
береді.
"Ақпарат алмасу"
АЖО пайдаланушыға:
§
жүйеде тіркелуге;
§
ҚР ҰБ облыстық филиалына/орталық
аппаратына беру және деректер базасын
үйлестіру үшін электрондық хабарлардың
файлдарын қалыптастыруды орындауға;
§
кіріс ақпаратын бастапқы
бақылауды және деректер базасында
орналастыруды орындауға;
§
АЖО жұмысының өлшемдерін ретке
келтіруді орындауға мүмкіндік береді.
Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын
талаптар:
Сервердің
өлшемдері:
| |
процессор |
Pentium III
1000 MHz |
| |
жедел жады |
512
Mb |
| |
дискідегі бос
кеңістік |
10 Gb |
| |
операциялық
жүйе |
Microsoft
Windows NT/2000/XP/UNIX |
| |
деректер
базасы |
Oracle
8.1.7 |
Жұмыс
станциясының өлшемдері:
| |
процессор |
Pentium II 400
MHz |
| |
жедел жады |
128 Mb |
| |
дискідегі бос
кеңістік |
300 Mb |
| |
операциялық
жүйе |
Microsoft
Windows 9x/NT/2000/XP |
| |
клиент |
Oracle
8.1.7 |
| |
Microsoft Office |
97/2000 |
Қосымша
бағдарламалық қамтамасыз ету:
Шағын жүйенің жұмысы
үшін Oracle 8.1.7
Enterprise
Edition немесе
жоғары, Microsoft Excel
97/2000 бағдарламалық қамтамасыз етуін
пайдалану қажет.
Ақпаратты қорғау:
Oracle ДББЖ
құралдарымен,
сондай-ақ "Басқарушы"
АЖО-мен
қамтамасыз етіледі.
Шағын жүйеде мынадай
функциялар іске асырылған:
пайдаланушыларды аты мен
паролін бере отырып авторизациялау;
пайдаланушылардың шағын жүйенің деректері
мен функцияларына кіру құқығын шектеу.
«Астра» және
«FASTi» тасымалдау
жүйесін пайдаланған кезде «Тұмар
7» криптографиялық
пакетін пайдалана отырып,
файлдарды шифрлау орындалады.
Жеткізу жиынтығы:
Сервердің
бағдарламалық қамтамасыз етуі және "Кәсіпорындардың
мониторингі", "Есептерді қалыптастыру", "Ақпарат
алмасу" АЖО-лары, сондай-ақ орыс тіліндегі
құжаттама бар компакт диск.
Ендіру
мерзімдері:
Орнату
пайдаланушыларды оқытуды қоса алғанда бір
айдан жоғары мерзімді құрайды.
Техникалық
қолдау:
Кепілдік берілген (пайдалануға
тапсырылғаннан кейін алты ай ішінде) және
кепілдік берілгеннен кейін (клиенттің қалауы
бойынша шарттық негізде)
қызмет көрсету.
Қызмет көрсету шеңберінде мынадай жұмыстар
орындалады:
§
бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану
барысында анықталған қателерді түзету;
§
клиентке
бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу
жөнінде консультация беру;
§
бағдарламалық қамтамасыз етудің түзетілген
нұсқаларын жеткізу;
§
стандартқа
жатпайтын жағдайлар туындаған кезде
консультация беру.
Тапсырыс
берушінің қалауы бойынша пысықтау:
Шағын жүйе тапсырыс берушінің қажетіне қарай
пысықталуы мүмкін (қосымша
талқыланады).
Шағын жүйе қазіргі кезде:
§
"Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі" мемлекеттік мекемесінде;
§
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі"
ММ-нің облыстық филиалдарында пайдаланылады. |