|
«Кредит
тіркелімі»
автоматтандырылған ақпараттық шағын
жүйесі
Зияткерлік
меншік объектісін
мемлекеттік
тіркеу туралы
24.12.2002ж. №290 куәлік
Мақсаты:
Шағын жүйе Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінде,
кредиттік бюроларда пайдалануға
арналған.
Шағын жүйе Қазақстан
Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және қадағалау
агенттігінің қызметкерлері мен
басшылығын жедел ақпаратпен
қамтамасыз ету үшін кредиттер
бойынша және заңды және жеке
тұлғалар мен олардың несиелері
бойынша берешектері жөнінде қажетті
барлық ақпаратты алу мақсатында ЕДБ
және БЕҰ берген шартты және ықтимал
міндеттемелері бойынша деректер
базасын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Осы жүйенің
ерекшелігі мыналар болып
табылады:
§
Excel
форматының файлына ақпаратты шығара
отырып, реттелмеген сұратуларды
орындау;
§
Ақпаратты бастапқы
өңдеу, жиынтық және талдау есептерін
дайындау;
§
әзірлеушінің өкілдерін
тартпастан ААЖ пайдаланушыларының
реттелмеген сұратуларды алуы үшін
қолайлы графикалық интерфейстің
болуы;
§
деректер базасындағы
деректерді өзгерту бойынша
пайдаланушылардың іс-әрекеттерін
қадағалау жөніндегі аудиторлық
журналдың болуы.
Құрамы:
Шағын жүйе жекелеген
АЖО-дарынан тұрады:
«Басқарушының»
АЖО, «Ақпарат
жинаудың» АЖО,
«Пайдаланушының»
АЖО, «ЕДБ
үшін ақпаратты бастапқы енгізудің»
АЖО, «Банктік
емес ұйымдардың бастапқы ақпарат
енгізуі» АЖО.
Эргономика
және эстетика:
Шағын жүйе пайдаланушылар
жұмыстарының барынша қолайлы және
өнімді болуын қамтамасыз ететіндей
түрде жобаланған. Ақпаратты қолмен
ендіру мүмкін болатын жағдайлардың
бәрі де ААШЖ анықтамалықтарынан
деректерді таңдап алумен ауыстырылды.
Экрандық нысандардың кестелері мен
тізімдерінде берілген деректемелер
бойынша жылдам контекстік іздестіру
көзделген. Экрандық нысандарда
деректерді іріктеу мен топтастыруға,
сондай-ақ сүзгілерді қолдануға
мүмкіндік берілген.
Архитектурасы:
TCP/IP
хаттамасы бойынша жергілікті
не корпоративтік желіде жұмыс істеу
мүмкіндігі бар клиент – сервер.
Сервер мен жұмыс станциялары
арасындағы байланыс жергілікті желі
бойынша жүзеге асырылады. ҚҚА мен
қажетті ақпаратты ұсынатын ұйымдар (ЕДБ
және БЕҰ) арасындағы ақпарат алмасу
электрондық пошта бойынша автоматты
режимде бағдарламалық-криптографиялық
ақпарат қорғау құралдарымен шифрлау
арқылы іске асырылады.
«Басқарушының» АЖО-сы
пайдаланушыға:
§
аты мен паролін бере
отырып, жүйені жаңа пайдаланушыларды
ендіруге;
§
деректер базаларына
және жүйенің функцияларына кіру
құқығын тағайындауға;
§
пайдаланушыларды ААШЖ
деректеріне және функцияларына
кіруден оқшаулау;
§
жүйенің жұмысы бойынша
аудиторлық журналдарды қарауға және
басып шығаруға мүмкіндік
береді.
«Ақпарат жинаудың» АЖО-сы
пайдаланушыға:
§
ЕДБ және банктік емес
ұйымдардан түсетін ақпаратты
қабылдауға;
§
қабылданған ақпаратқа
бақылау жасауға;
§
ЕДБ және банктік емес
ұйымдар үшін қабылдау нәтижелерінің
хаттамаларын дайындауға және
жіберуге мүмкіндік береді.
«Пайдаланушының»
АЖО-сы пайдаланушыға:
§
пайдаланушыны жүйеде
тіркеуге;
§
пайдаланушының паролін
өзгертуге;
§
НАА анықтамалықтарын
толтыруға және жүргізуге;
§
деректер базасында
сақталатын енгізілген ақпаратты
қарауға;
§
нәтижелерді
Excel
форматының файлына беру
мүмкіндігімен қажетті деректемелер
бойынша ақпарат іздестіруді
жүргізуге;
§
есептерді
қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
«Екінші
деңгейдегі банктер үшін ақпаратты
бастапқы енгізудің» АЖО-сы, «Банктік
емес ұйымдар үшін ақпаратты бастапқы
енгізудің» АЖО-сы пайдаланушыға:
§
ақпаратты ендіруге
және редакциялауға;
§
ақпаратты ҚҚА-ға беру
үшін дайындауға;
§
филиалдардан ақпарат
көшіруді жүргізуге;
§
есептерді дайындауға
және қалыптастыруға;
§
есептерді ҚҚА-ға беру
үшін басып шығаруға мүмкіндік
береді.
Бағдарламалық қамтамасыз етуге
қойылатын талаптар:
Агенттікте серверде орнатылатын
бағдарламалық қамтамасыз ету:
| |
Microsoft
Windows
NT Server
4.0/2000; |
| |
СУРБД
Oracle
7.3.3; |
Агенттікте жұмыс
станцияларында орнатылатын
бағдарламалық қамтамасыз ету:
| |
Microsoft
Windows 9x/NT; |
| |
Microsoft
Office 97; |
| |
Oracle
Client төмен емес
нұсқалар 7.3.2; |
| |
Borland Database
Engine; |
ЕДБ/БЕҰ жұмыс
станцияларында орнатылатын
бағдарламалық қамтамасыз ету:
| |
Microsoft
Windows 9x/NT; |
| |
Microsoft
Office 97; |
| |
СУБД
dBASE IV; |
| |
Borland
Database Engine; |
Техникалық
қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
Серверге қойылатын
талаптар:
| |
операциялық
жүйе |
Windows NT Server
4.0/2000 |
| |
процессор |
2*1
GHz |
| |
жедел жады |
1
Gb |
| |
дискідегі
бос кеңістік |
3
Gb |
Агенттікте жұмыс станцияларына
қойылатын талаптар:
ЕДБ/БЕҰ-да жұмыс
станцияларына қойылатын талаптар:
Ақпаратты
қорғау:
Oracle ДББЖ
құралдарымен, сондай-ақ «Басқарушы»
АЖО-мен қамтамасыз етіледі. Шағын
жүйеде мынадай функциялар іске
асырылған: пайдаланушыларды аты мен
паролін бере отырып, авторизациялау;
жұмыс станцияларын аутентификациялау;
пайдаланушылардың деректерге және
шағын жүйенің функцияларына кіру
құқығын шектеу.
Жеткізу жиынтығы:
«Басқарушы» АЖО, «Ақпарат
жинау» АЖО, «Пайдаланушы» АЖО, «Екінші
деңгейдегі банктер үшін ақпаратты
бастапқы енгізу» АЖО, «Банктік емес
үшін ақпаратты бастапқы енгізу» АЖО-дарының
бағдарламалық қамтамасыз етуі,
сондай-ақ орыс тіліндегі құжаттама
бар компакт диск.
Ендіру мерзімі:
Пайдаланушыларды
оқыта отырып орнату бір айдан бастап.
Техникалық қолдау:
Кепілдік берілген (пайдалануға
тапсырылғаннан кейінгі алты айдың
ішінде) және кепілдік берілгеннен
кейінгі (клиенттің қалауы бойынша
шарттық негізде) қызмет көрсету.
Қызмет көрсету шеңберінде мынадай
жұмыстар орындалады:
§
бағдарламалық
қамтамасыз етуді пайдалану барысында
табылған қателерді түзету;
§
клиентке бағдарламалық
қамтамасыз етумен жұмыс бойынша
консультация беру;
§
бағдарламалық
қамтамасыз етудің түзетілген
нұсқаларын жеткізу;
§
стандартты емес
жағдайлар туындаған кезде
консультация беру.
Тапсырыс
берушінің қалауы бойынша пысықтау:
Шағын жүйені
пысықтау тапсырыс берушінің қосымша
қажеттілігінен туындауы ықтимал (қосымша
талқыланады).
Қазіргі кезде шағын
жүйе:
«Қазақстан
Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және қадағалау
агенттігі» мемлекеттік мекемесінде
пайдаланылады. |