КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
БОС ҚЫЗМЕТ ОРЫНДАРЫ
БАЙЛАНЫСТАР
ӘРІПТЕСТЕР
ЖАҢАЛЫҚТАР
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

Корпорация Oracle

ЗАО "Ланит"       

Учебно-консультационный центр "Форс"

Корпорация IBM

     БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
                                                                                                                                                                                                   KAZ     РУС    ENG

 

 

 «Валюталық бақылау»

автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесі

Зияткерлік меншік объектісін

мемлекеттік тіркеу туралы  24.12.2002 ж.

№ 289  куәлік

Мақсаты:

Шағын жүйе екінші деңгейдегі банктерде пайдалануға арналған.

 Шағын жүйе мынадай түрлердегі операциялар бойынша валюталық бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді:

§         Шетел валютасына меншік құқығының ауысуына байланысты операциялар (экспорттық/импорттық келісім-шарттар бойынша; банк клиенттері басқа кредиттік ұйымдардан алған кредиттік шарттар бойынша; банк клиенттері басқа кредиттік ұйымдарға берген кредиттік шарттар бойынша; қызмет көрсетуге арналған шарттар/келісім-шарттар бойынша).

§         ҚР аумағында резиденттер мен резидент еместер арасында шетел валютасымен және ұлттық валютамен есеп айырысулар.

Құрамы:

Шағын жүйе модульдік негізде құрылған, «Пайдаланушы – келісім-шарттар», «Шағын жүйені басқарушы» АЖО-лары және «SWIFT-терминал» кешені негізгі және міндетті болып табылады.

Эргономика және  эстетика:

Шағын жүйе пайдаланушылар жұмыстарының барынша қолайлы және өнімді болуын қамтамасыз ететіндей түрде жобаланған. Экрандық нысандардың кестелері мен тізімдерде берілген баған бойынша жылдам контекстік іздестіру көзделген. Экрандық нысандарда деректерді іріктеу мен топтастыруға, сондай-ақ сүзгілерді қолдануға мүмкіндік берілген.  

 Архитектурасы:

TCP/IP хаттамасы бойынша жергілікті не корпоративтік желіде жұмыс істеу мүмкіндігі бар клиент – сервер.

 «Пайдаланушы – келісім-шарттар» модулі пайдаланушыға:  

§         Экспорттық-импорттық келісім-шарттарды және мәмілелер паспортын  есепке алуға;

§         МП-қа қосымша парақтар жүргізуге;

§         шетел валютасымен қызмет көрсетулерге арналған шарттардың есебін жүргізуге;

§         ҚР аумағында резиденттер мен резидент еместер арасында шетел валютасымен және ұлттық валютамен есеп айырысуға жасалған шарттардың есебін жүргізуге;

§         қосымша келісімдердің есебін жүргізуге;

§         валюта қаражаты қозғалысының есебін жүргізуге;

§         кеден декларацияларының және басқа да растау құжаттарының есебін жүргізуге;

§         капитал қозғалысына және лицензияларды немесе ҚРҰБ тіркеу куәліктерін ресімдеу қажеттілігіне байланысты мәмілелерге көшкен кезде бақылауды жүзеге асыруға;

§         DBF-файлдарынан мәмілелер паспортын экранға шығаруға;

§         ҚРҰБ үшін жіберілетін ақпаратты  қалыптастыруға (МТ104, МТ105, МТ106);

§         есептілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.  

«Шағын жүйені басқарушы» АЖО-ны пайдаланушыларға:

§         оларға аты мен парольдерін бере отырып, жүйені пайдаланушылардың анықтамалығын жүргізуге;

§         пайдаланушылардың деректерге және шағын жүйенің функцияларына кіру құқығын, пайдаланушылардың парольдерді ауыстыру мүмкіндігін белгілеуге, парольдерді ауыстыру кезеңділігіне бақылау жасауға;

§         пайдаланушылардың деректерге және шағын жүйенің функцияларына кіруіне тыйым салуға;

§         шағын жүйенің деректер базасына қосылған пайдаланушыларды көруге;

§         қажет болған жағдайда пайдаланушыларды шағын жүйенің деректер базасынан ажыратып тастауға;

§         пайдаланушылар топтарын құруға, оларға құқықтар беруге, басқа топтарға тиесілілігін айқындауға;

§         пайдаланушылардың пайдаланушылар топтарына тиесілілігін айқындауға;

§         пайдаланушылардан топтар берген артықшылықтарды ішінара алуға; 

§         шағын жүйеде тіркелген компьютерлердің анықтамалығын жүргізуге;

§         пайдаланушының өз паролін өзгертуге  мүмкіндік береді.  

«SWIFT-терминал» модулі:

ҚРҰБ-дан электрондық хабарларды қабылдауға, тіркеуге, өңдеуге және ҚРҰБ-да электрондық хабарларды қалыптастыруға және жіберуге, электрондық хабарлар мұрағатын жүргізуге арналған.

 Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

Сервердің өлшемдері: 

  процессор Pentium III 1000 MHz
  жедел жады 512 Mb
  дискідегі бос кеңістік 10 Gb
  операциялық жүйе Microsoft Windows NT/2000/XP
  деректер базасы Oracle 8i

Жұмыс станциясының өлшемдері:

  процессор Pentium III 500 MHz
  жедел жады 128 Mb
  дискідегі бос кеңістік 500 Mb
  операциялық жүйе Microsoft Windows 9x/NT/2000/XP
  клиент Oracle 8.0.5
  Microsoft Office 2000   

Қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету:

Шағын жүйенің жұмысы үшін Oracle 8i Standard Edition немесе Microsoft Excel 2000, Word 2000 жоғары бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану қажет.

Ақпаратты қорғау:

Oracle ДББЖ құралдарымен, сондай-ақ «Шағын жүйені басқарушы» модулімен қамтамасыз етіледі. Шағын жүйеде мынадай функциялар іске асырылған: пайдаланушыларды аты мен паролідерн бере отырып авторизациялау; жұмыс станцияларын аутентификациялау; пайдаланушылардың деректерге және шағын жүйенің функцияларына кіру құқығын шектеу.

Жеткізу жиынтығы:

«Басқарушыкелісім-шарттар», «Пайдаланушы - шарттар», «Шағын жүйені басқарушы», «SWIFT-терминал» модульдерінің бағдарламалық қамтамасыз етуі сондай-ақ орыс тіліндегі құжаттама бар компакт диск,.

Ендіру мерзімі:

Орнату пайдаланушыларды оқытуды қоса алғанда бір айдан жоғары мерзімді құрайды.

Техникалық қолдау:

Кепілдік берілген (пайдалануға тапсырылғаннан кейінгі үш айдың ішінде) және кепілдік берілгеннен кейінгі (клиенттің қалауы бойынша шарттық негізде) қызмет көрсету. Қызмет көрсету шеңберінде мынадай жұмыстар орындалады:

§         бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану барысында табылған қателерді түзету;

§         клиентке бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс бойынша консультация беру;

§         бағдарламалық қамтамасыз етудің түзетілген нұсқаларын жеткізу;

§         стандарттан тыс жағдайлар туындаған кезде консультация беру.

Қазіргі кезде шағын жүйе:

§         «Цеснабанк» ААҚ-да:

§         «Нұрбанк» ААҚ-да;

§ «Қазақстандағы Қытай Банкі» ЕБ ЖАҚ-да пайдаланылады.