|
«Толық
ауқымды жобаға арналған деректер қоймасы.
Бірінші кезек» автоматтандырылған ақпараттық
шағын жүйесі
Зияткерлік меншік
объектісін
мемлекеттік тіркеу
туралы
24.12.2002 ж. № 296
куәлік
Мақсаты:
Шағын жүйе Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкінде пайдалануға арналған.
Шағын
жүйе талдау есептерін шешуді және шешімдер
қабылдаудыға қолдау көрсетуді қамтамасыз
етеді.
Талдау объектілері екінші деңгейдегі
банктерден келіп түсетін есеп-статистикалық
деректер болып табылады.
Шағын жүйені жасау
мақсаты:
§
екінші деңгейдегі банктер
ұсынатын қаржылық және статистикалық
деректерді талдау кезінде жоғары
белсенділікті және сенімділікті қамтамасыз
ету;
§
екінші деңгейдегі банктердің
қызметтері туралы толық, қайшы келмейтін
және жинақталған ақпараты бар деректер
қоймасы негізінде бірыңғай ақпараттық базаны
жүргізу;
§
жедел талдау арқылы өңдеу
технологиясын пайдалана отырып, екінші
деңгейдегі банктердің қызметтерін талдауға
арналған жүйе құру;
§
екінші деңгейдегі банктердің
қызметіне бақылау және талдау жасаумен
айналысатын ҚРҰБ бөлімшелерінің қажетті
ұйымдастыру және ақпараттық қауіпсіздік
деңгейін қамтамасыз ету.
Құрамы:
Шағын жүйенің өз
құрамында деректер қоймасының семантикалық
қабатын білдіретін ETL
процестерді және Business
Objects талдау
пакетінің юниверстерін орындауға арналған
бағдарламалық модулі бар. Деректер
қоймасы Sybase IQ 12
іске асырылған. ETL
процестерді орындау модулі
Oracle 8.1.7-де
іске асырылған жедел деректер қоймасы
пайдаланады.
Эргономика және
эстетика:
Шағын жүйе
пайдаланушылар жұмысының барынша
қолайлылығын және өнімділігін қамтамасыз
ететіндей жобаланған. ETL
процестерін орындаудың бағдарламалық модулі
MS Windows қосымша
ретінде іске асырылған және
пайдаланушылардың графикалық интерфейсі бар.
Business Objects
юниверстері пайдаланушының қолы жетерліктей
терминологияны пайдалана отырып, пәндік
саладағы кластар түріндегі сақтау
объектілерін білдіреді.
Архитектурасы:
TCP/IP
хаттамасы бойынша жергілікті не
корпоративтік желіде жұмыс істеу мүмкіндігі
бар клиент – сервер.
ETL
процестерін орындау модулі пайдаланушыға:
§
жедел деректер базасынан
анықтамалық және жедел деректерді алуды
орындауға;
§
анықтамалықтарды
бірегейлендіруді орындауға;
§
деректер қоймасына қосу үшін
жедел деректерді өзгертуді орындауға;
§
анықтамалық және жедел
деректерді сақтау орнына қосуды орындауға;
§
орындалған
ETL операцияларды бақылауды жүзеге
асыруға мүмкіндік
береді.
Техникалық қамтамасыз
етуге қойылатын талаптар:
Сервердің
өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium III 1000 MHz |
|
|
жедел жады |
512
Mb |
|
|
дискідегі
бос кеңістік |
10 Gb |
|
|
операциялық
жүйе |
Microsoft Windows
NT/2000/XP |
|
|
деректер базасы |
Oracle 8i |
|
|
деректер базасы |
Sybase IQ
12 |
Жұмыс
станциясының өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium III 500 MHz |
|
|
жедел жады |
128
Mb |
|
|
дискідегі
бос кеңістік |
500 Mb |
|
|
операциялық
жүйе |
Microsoft Windows
NT/2000/XP |
|
|
клиент
|
Oracle 8i |
|
|
Microsoft Office
2000 |
|
Қосымша
бағдарламалық қамтамасыз ету:
Шағын
жүйенің жұмысы үшін
Oracle 8i Standard Edition немесе
Sybase IQ 12,
Business Objects, Microsoft Excel 2000
жоғары бағдарламалық қамтамасыз етуді
пайдалану қажет.
Ақпаратты қорғау:
Oracle ДББЖ,
Sybase IQ 12
ДББЖ құралдарымен,
сондай-ақ Business
Objects талдау
пакетінің
«Supervisor»
модулімен қамтамасыз етіледі.
Business Objects
талдау пакетінің
«Supervisor»
модулінде мынадай функциялар іске асырылған:
пайдаланушыларды аты мен паролін бере отырып
авторизациялау;
пайдаланушылардың
деректерді сақтау объектілеріне кіру
құқықтарын шектеу.
Жеткізу жиынтығы:
ETL
процестерді орындау модулін
бағдарламалық қамтамасыз етуі,
Business Objects
юниверстері,
сондай-ақ
орыс тіліндегі құжаттамалар бар компакт диск.
Ендіру
мерзімдері:
Орнату
пайдаланушыларды оқытуды қоса алғанда бір
айдан жоғары мерзімді құрайды.
Техникалық
қолдау:
Кепілдік берілген
(пайдалануға тапсырылғаннан кейінгі
үш айдың ішінде)
және кепілдік берілгеннен кейінгі
(клиенттің қалауы бойынша шарттық
негізде) қызмет
көрсету. Қызмет
көрсету шеңберінде мынадай жұмыстар
орындалады:
§
бағдарламалық қамтамасыз етуді
пайдалану барысында табылған қателерді
түзету;
§
клиентке бағдарламалық
қамтамасыз ету бойынша консультация беру;
§
бағдарламалық қамтамасыз
етудің түзетілген нұсқаларын жеткізу;
§
стандартты емес жағдайлар
туындаған кезде консультация беру.
Тапсырыс берушінің
қалауы бойынша пысықтау:
Шағын жүйені пысықтау
тапсырыс берушінің қосымша қажеттілігінен
туындауы ықтимал (қосымша талқыланады).
Қазіргі кезде шағын
жүйе:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі» Мемлекеттік Мекемесінде пайдаланылады.
|