|
«Бағалы қағаздар
нарығын реттеу жөніндегі қызметті автоматтандыру» автоматтандырылған ақпараттық
шағын жүйесі
Зияткерлік меншік объектісін
мемлекеттік тіркеу туралы
24.12.2002ж. №292
Мақсаты:
Шағын жүйе Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкінде пайдалануға арналған.
Шағын
жүйе бағалы қағаздар нарығында брокерлік
және дилерлік қызметті жүзеге асыратын
ұйымдарды капиталдандыру туралы (қаржылық
тұрақтылық критерийлерінің мәндері) ақпарат
ағындарын беруді және
брокерлерден-дилерлерден, тіркеушілерден
және бағалы қағаздармен сауда-саттықты
тіркеушілерден және ұйымдастырушылардан
алынған бағалы қағаздармен мәмілелер туралы
ақпаратты жедел жинау, сақтау, бақылау,
өңдеу, жиынтығын шығару және талдауды
қамтамасыз етеді.
Осы
жүйенің ерекшелігі мыналар болып табылады:
§
шағын жүйенің
сыртқы байланыстар үшін ашықтығы және осы
байланыстарды кеңейту мүмкіндігі;
§
деректерді орталықтандырылған
сақтау;
§
қағаздағы құжат айналымын
барынша азайту;
§
ақпарат қорғауды, бақылауды
және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
§
кіріс ақпаратын енгізу және
бақылау кезінде қол еңбегін азайту есебінен
еңбек шығынын азайту.
Құрамы:
Шағын
жүйе жекелеген АЖО-дарынан тұрады:
«Басқарушы»
АЖО, «Пайдаланушы»
АЖО, «Кәсіби
қатысушының есептілігі»
АЖО және «Хабарларды
қабылдау және өңдеу»
АЖО.
Эргономика және
эстетика:
Шағын жүйе
пайдаланушылар жұмыстарының барынша қолайлы
және өнімді болуын қамтамасыз ететіндей
түрде жобаланған. Ақпаратты қолмен ендіру
мүмкін болатын жағдайлардың бәрі де ААШЖ
анықтамалықтарынан деректерді таңдап алумен
ауыстырылды. Экрандық нысандардың кестелері
мен тізімдерінде берілген деректемелер
бойынша жылдам контекстік іздестіру
көзделген. Экрандық нысандарда деректерді
іріктеу мен топтастыруға, сондай-ақ
сүзгілерді қолдануға мүмкіндік берілген.
Архитектурасы:
TCP/IP
хаттамасы бойынша жергілікті желіде жұмыс
істеу мүмкіндігі бар клиент – сервер.
Есептік ақпаратты жіберген кезде
криптографиялық ФАСТИ жүйесі пайдаланылады.
«Басқарушы» АЖО
пайдаланушыға:
§
оларға ат және парольдерін
бере отырып, жүйенің жаңа пайдаланушыларын
ендіруге;
§
пайдаланушыларға деректер
базасының объектілеріне және жүйенің
функцияларына кіру құқығын белгілеуге;
§
пайдаланушыларды деректерге
және ААШЖ функцияларына кіруден оқшаулауға;
§
пайдаланушыны деректер
базасынан айыру үшін оның белсенді болмайтын
кезеңін белгілеуге;
§
жүйенің сервистік
функцияларына қатысты ААШЖ-нің жұмыс істеу
өлшемдерін реттеуге (пайдаланушылардың
парольдерді ауыстыру кезеңі, жекелеген
режимдерде деректерді бекіту мүмкіндігін
белгілеу-күшін жою, пайдаланушылардың
анықтамалығына ақпарат қосуға рұқсат ету
және басқалар) мүмкіндік береді.
«Пайдаланушы»
АЖО
пайдаланушыға:
§
жүйеде тіркелуге;
§
деректер базасында сақталатын
қабылданған есептік ақпаратты қарауға;
§
қажетті ақпаратты іздестіруді
жүзеге асыруға;
§
Шағын жүйенің деректер
базасында мемлекеттік бағалы қағаздар
тізілімі деректер базасынан лицензиялар
және бағалы қағаздар
нарығында қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар
тізілімі базасынан экспортталатын MS
Access
файлдарынан анықтамалық ақпаратты жаңарту;
§
есептерді алуға және оларды
басып шығаруға;
§
есептерді
MS Excelформатының
файлына сақтауға.
§
парольдің
берілген қолданылу мерзіміне сәйкес өз
паролін өзгертуге; ескертулерді
жоюдың бақылау мерзімінің басталғаны туралы
ескертпелерді алуға мүмкіндік береді.
«Кәсіби
қатысушының есептілігі» АЖО
пайдаланушыға:
§
ақпараттық есептілікті жасауға,
сақтауға және жіберуге;
§
Microsoft
Excel-де жасалған
есептерді шығаруға;
§
Анықтамалық ақпаратты
автоматты түрде қабылдауға және жаңартуға
мүмкіндік береді.
«Хабарларды
қабылдау және өңдеу» АЖО
пайдаланушыға:
§
жүйеде тіркелуге;
§
бағалы
қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларынан
есептілік бар жеделхаттарды автоматты түрде
қабылдауға;
§
хабарлардағы ақпараттың
дұрыстығын және толықтығын автоматты түрде
тексеруге;
§
кіріс есептік
деректерді Шағын жүйенің деректер базасына
автоматты түрде қосуға;
§
келіп түскен
есеп ақпаратын қабылдау және өңдеу мәртебесі
туралы жауап хабарларды автоматты түрде
жіберуге;
§
«Кәсіби
қатысушының есептілігі»АЖО-ның жұмысы үшін
қажетті анықтамалық ақпаратты қалыптастыру;
§
парольдің
берілген қолданылу мерзіміне сәйкес өз
паролін өзгертуге мүмкіндік береді.
Техникалық қамтамасыз
етуге қойылатын талаптар:
Сервердің
өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium III
1000 MHz |
|
|
жедел жады |
512
Mb |
|
|
дискідегі бос кеңістік |
10 Gb |
|
|
операциялық жүйе |
Microsoft
Windows NT/2000/2003 |
|
|
деректер базасы |
Oracle 8.1.7 |
Жұмыс
станциясының
өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium III
1000 MHz |
|
|
жедел жады |
512
Mb |
|
|
дискідегі бос кеңістік |
10 Gb |
|
|
операциялық жүйе |
Microsoft
Windows NT/2000/2003 |
|
|
клиент |
Oracle 8.1.7 |
|
|
Microsoft Office 2000 |
|
Қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету:
Шағын
жүйенің жұмысы үшін Oracle 8.1.7 Enterprise
Edition немесе Microsoft Excel 2000 жоғары
бағдарламалық қамтамасыз етуді. Жіберілетін
есептік ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз
ету үшін ФАСТИ-ді пайдалану қажет.
Ақпаратты қорғау:
Oracle
ДББЖ құралдарымен, сондай-ақ «Басқарушы»
АЖО-мен қамтамасыз етіледі. Шағын жүйеде
мынадай функциялар іске асырылған:
пайдаланушыларды аты мен паролін бере
отырып, авторизациялау; жұмыс станцияларын
аутентификациялау; пайдаланушылардың
деректерге және шағын жүйенің функцияларына
кіру құқығын шектеу.
Жеткізу жиынтығы:
«Басқарушы»
АЖО-ның, «Пайдаланушы» АЖО-ның, «Кәсіби
қатысушының есептілігі» АЖО-ның және «Хабарларды
қабылдау және өңдеу» АЖО-ның, бағдарламалық
қамтамасыз ету, сондай-ақ орыс тілінде
құжаттамасы бар компакт диск.
Ендіру мерзімі:
Орнату
пайдаланушыларды оқытуды қоса алғанда бір
айдан жоғары мерзімді құрайды.
Техникалық қолдау:
Кепілдік берілген (пайдалануға
тапсырылғаннан кейінгі алты айдың ішінде)
және кепілдік берілгеннен кейінгі (клиенттің
қалауы бойынша шарттық негізде) қызмет
көрсету. Қызмет көрсету шеңберінде мынадай
жұмыстар орындалады:
§
бағдарламалық қамтамасыз етуді
пайдалану барысында табылған қателерді
түзету;
§
клиентке бағдарламалық
қамтамасыз ету бойынша консультация беру;
§
бағдарламалық қамтамасыз
етудің түзетілген нұсқаларын жеткізу;
§
стандартты емес жағдайлар
туындаған кезде консультация беру.
Тапсырыс
берушінің қалауы бойынша пысықтау:
Шағын жүйені пысықтау
тапсырыс берушінің қосымша қажеттілігінен
туындауы ықтимал (қосымша талқыланады).
Қазіргі кезде шағын
жүйе:
§
«Қазақстан
Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі»
ММ;
§
Бағалы
қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге
асыратын ұйымдарда пайдаланылады. |