КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
БОС ҚЫЗМЕТ ОРЫНДАРЫ
БАЙЛАНЫСТАР
ӘРІПТЕСТЕР
ЖАҢАЛЫҚТАР
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

Корпорация Oracle

ЗАО "Ланит"       

Учебно-консультационный центр "Форс"

Корпорация IBM

     БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
                                                                                                                                                                                                   KAZ     РУС    ENG

 

 

«Қызметкерлерді басқару»

автоматтандырылған ақпарат  шағын жүйесі

 

Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік:

   14.10.2003ж. №1077  «Қызметкерлер есебін жүргізу» модулі;

 14.10.2003ж. №1080 «Жалақы  есептеу» модулі

Мақсаты:

Шағын жүйе корпорацияларда, банктерде және ұйымдарда пайдалануға арналған.

Шағын  жүйе кадрды есепке алу, жалақыны есептеу, қызметкерлер және қызметкерлерге байланысты есептер бойынша тарихты сақтауды орталықтандырып жүргізу процесін,  анықтамаларды, статистикалық есептерді, салық нысандарын және төлем құжаттарын автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Шағын жүйенің жұмыс қағидаты барлық бастапқы деректердің көздері болып табылатын құжаттарды жүргізуге негізделген.

 Құрамы:

Шағын жүйе модульді негізге құрылған, негізгі және міндетті модульдер: «Қызметкерлер есебін жүргізу», «Жалақыны есептеу» және «Ретке келтіру және басқару» болып табылады.

Эргономика және  эстетика:

Шағын жүйе  пайдаланушылар жұмысының барынша қолайлылығын және өнімділігін қамтамасыз ету үшін  жобаланған.  Экрандық нысандардың кестелері мен тізімдерінде берілген баған бойынша тез контекстік іздестіру қарастырылған. Экрандық нысандарда  деректерді іріктеу және топтау жүргізу, сондай-ақ сүзгілерді қолдану мүмкіндігі берілген.

Архитектурасы:

TCP/IP хаттамасы бойынша  жергілікті не корпоративті желіде жұмыс істеу мүмкіндігі бар клиент –сервер.

 «Қызметкерлер есебін жүргізу»  модулі пайдаланушыларға:

§         шағын жүйенің анықтамалықтарына деректерді енгізуге,  бұрын енгізілген деректерді өзгертуге және жоюға;

§         құжаттың шаблонын (деректер базасында құжат деректерін сақтау құрылымы); құжатты ұсыну шаблонын (MS Word  парағында құжаттың мазмұнын білуге мүмкіндік беретін құжаттың дизайны); құжат жобасын (нақты деректері бар құжат жобасын жасау) жасау, өзгерту және жою операцияларын  орындауға;

§         құжат жобасын бекітуге (бекітілгеннен кейін осы құжаттар қызметкердің жеке парағына және жалақы есептеуге түседі);

§         бұрын бекітілген құжатты өзгертуге;

§         MS Word  форматында  файлға құжатты сақтауға (басшылыққа қол қоюға беруге болатын, қағазға басылған құжатты жасау үшін);

§         жаңа штат кестесінің жоспарын жасау, өзгерту, жою операцияларын орындауға:

§         штат кестесінің жоспарын бекітуге;

§         штат кестесіндегі өзгерістер тізбесін қалыптастыруға;

§         конкурсқа қатысушылардың  сауалнамаларын толтыруға, редакциялауға және жоюға (жұмысқа орналасу үшін өтініш берген әрбір азамат жұмысқа алу туралы бұйрық бекігенше конкурсқа қатысушы болып есептеледі) ;

§         қызметкерлердің жеке іс қағазын қалыптастыруға және жүргізуге, оның ішінде: қызметкер туралы негізгі мәліметтер, оқу орны туралы мәлімет, ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектері, шетел тілдерін білуі, жақын туыстары туралы мәліметтер, марапаттаулар, еңбек жолы туралы мәліметтер, курстар, ҰҚК-нің тексеруі, шарттар, ұсынымдар;

§         қызметкер жөнінде анықтамалықтар мен есептер қалыптастыруға;

§         қызметкерді жұмысқа қабылдауға;

§         ұйымның ішінде қызметкерлердің қызметтік орын ауыстыруларын жүргізуге;

§         қызметкердің басқа қызметкердің міндеттерін орындауын жүзеге асыруға;

§         қызметкерді жұмыстан шығаруға;

§         қызметкердің жеке іс қағазында барлық бұйрықтарды көрсетуге;

§         демалыстар кестесін қалыптастыруға;

§         демалысқа өтініш жобаларын дайындауға және бекітуге (барлық өтініштер жеке іс қағазында көрсетіледі;

§         іссапарға бұйрық жобаларын дайындау және бекітуге;

§         іссапарларды есепке алу журналын жүргізуге;

§         жұмыс уақыты есебінің табелін қалыптастыруға және қарауға;

§         ұйым  қызметкерлерін оқыту жоспарын қалыптастыруға;

§         оқытуға арналған бұйрықтар жобаларын дайындауға және бекітуге ;

§         қызметкерлерді оқыту туралы деректерді қарауға;

§         қызметкер, бөлімше не тұтастай ұйым бойынша шығыс нысандарын қалыптастыруға;

§         MS Excel форматындағы файлдарға барлық кіріс, шығыс нысандарын және анықтамалықтарды сақтауға;

§         өз паролін өзгертуге  мүмкіндік береді.

«Жалақы есептеу» модулі пайдаланушыларға:

§         мерзімдік, тариф бойынша, еңбекақы бойынша  жалақыға есептеу/қайта есептеу жүргізуге;

§         есептеулерге/ұстауларға: тікелей әдіспен, кері әдіспен (жеке еңбек ақысы бар қызметкерлер үшін) есеп жүргізуге;

§         жаңа есептеулерді/ұстауларды жүргізуге, өзгертуге және жоюға;

§         есептеулер/ұстаулар есебінің алгоритмін жасауға, жұмыс бабына келтіруге және жоюға;

§         жалақы бойынша ведомостар мен шығыс нысандарын қалыптастыруға;

§         төлем құжаттарын қалыптастыруға;

§         ЗҚ үшін зейнетақы аударымдары бойынша МТ хабарлар қалыптастыруға;

§         XML құжаттарын, салық комитетіне ұсыну үшін салық есептілігінің нысандарын қалыптастыруға;

§         статистикалық есептілікті қалыптастыруға;

§         өз паролін өзгертуге мүмкіндік береді.

«Ретке келтіру және басқару» модулі басқарушыға:

§         шағын жүйенің пайдаланушыларын құруға, өзгертуге, оқшаулауға;

§         шағын жүйеде пайдаланушылардың компьютерлерін тіркеуге;

§         шағын жүйенің деректеріне және функцияларына пайдаланушылардың кіру құқығын тағайындауға;

§         пайдаланушылардың парольдерін белгілеуге;

§         модульдің жұмыс істеу өлшемдерін қалыпқа келтіруге;

§         пайдаланушылардың декеретер базасына қосылғандарды қарауға;

§         қажет болған жағдайда деректер базасынан пайдаланушыларды шығарып тастауға;

§         шағын жүйенің деректері мен функцияларына пайдаланушылардың кіруін тоқтатуға мүмкіндік береді.

Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

Сервердің өлшемдері:

  процессор Pentium III 1000 MHz
  жедел жады 512 Mb
  дискідегі бос кеңістік 10 Gb
  операциялық жүйе Microsoft Windows NT/2000/XP
  деректер базасы Oracle 8i

Жұмыс станциясының өлшемдері:

  процессор Pentium III 1000 MHz
  жедел жады 512 Mb
  дискідегі бос кеңістік 10 Gb
  операциялық жүйе Microsoft Windows NT/2000/XP
  клиент  Oracle 8i
  Microsoft Office 2000  

Қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету:

Шағын жүйенің жұмысы үшін Oracle 8i Standard Edition немесе жоғары, Microsoft Excel 2000, Word 2000 бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану қажет.

Ақпаратты қорғау:

Oracle ДББЖ, сондай-ақ  «Ретке келтіру және басқару» модулі құралдарымен қамтамасыз етіледі. Шағын  жүйеде мынадай функциялар іске асырылған: пайдаланушыларды аты мен паролін бере отырып авторизациялау; жұмыс станцияларын аутентификациялау; шағын жүйенің деректері мен функцияларына пайдаланушылардың кіру құқығын шектеу.

Негізгі жеткізу жиынтығы:

«Қызметкерлер есебін жүргізу», «Жалақы есептеу», «Ретке келтіру және басқару» модульдерінің бағдарламалық қамтамасыз етуі бар компакт диск, сондай-ақ орыс тіліндегі құжаттама.

Ендіру мерзімдері:

Негізгі жиынтықты орнату пайдаланушыларды оқытуды қоса алғанда бір айдан жоғары мерзімді құрайды.

Техникалық қолдау:

Кепілдік беру (пайдалануға берілгеннен кейін алты ай ішінде) және кепілдік беру мерзімінен кейін (клиенттің қалауы бойынша келісім негізінде) қызмет көрсету. Қызмет көрсету шеңберінде мынадай жұмыстар орындалады:

§         Бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану барысында анықталған қателерді түзету;

§         Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс бойынша клиентке консультация беру;

§         Бағдарламалық қамтамасыз етудің түзетілген нұсқаларын жеткізу;

§         Стандарттан тыс жағдайлар пайда болғанда консультация беру.

Тапсырыс берушінің қалауы бойынша  пысықтау:

Тапсырыс берушінің қосымша мұқтаждықтары үшін жүйе пысықталуы мүмкін (қосымша талқыланады).

Қазіргі кезде кешен:

§         «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесінде;

§         «ҚРҰБ» ММ Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында (филиалында);

§          «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-да;

§         «ҚРҰБ Автобазасы» РМК-да;

§ «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі» ММ-де     пайдаланылады.