КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
БОС ҚЫЗМЕТ ОРЫНДАРЫ
БАЙЛАНЫСТАР
ӘРІПТЕСТЕР
ЖАҢАЛЫҚТАР
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

Корпорация Oracle

ЗАО "Ланит"       

Учебно-консультационный центр "Форс"

Корпорация IBM

     БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
                                                                                                                                                                                                   KAZ     РУС    ENG

 

 

"Екінші деңгейдегі банктерден есептік-статистикалық
ақпарат жинау және өңдеу"

автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесі

Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы
07.10.2002ж. № 222 куәлік.

Мақсаты:

Шағын жүйе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде пайдалануға арналған.

Шағын жүйе есептік-статистикалық ақпаратты пайдалануға мүдделі бөлімшелерді жедел ақпаратпен қамтамасыз ету үшін екінші деңгейдегі банктерден есептік-статистикалық ақпарат жинауды және өңдеуді қамтамасыз етеді.

Шағын жүйе ҚРҰБ департаменттерінің қажетті ақпаратты жедел алуы және кейіннен банктердің қаржылық жай-күйін талдау және банктердің қызметін экономикалық талдау тәсілдері мен әдістерін, банк қызметін жалпы реттеу және бақылау үшін оларды рейтингтік және болжамдық бағалауды автоматтандыру үшін ҚРҰБ-де интеграцияланған деректер базасын құруға арналған.

Осы жүйенің ерекшеліктері:

§         өзекті емес (тарихи) деректер бойынша есептер алу мүмкіндігі бар нормативтік-анықтамалық ақпаратқа барлық өзгерістердің тарихын сақтау;

§         ААШЖ-не енгізілген және қалыптастырылған барлық есептерді бекітудің бастапқы және жиынтық ақпаратты егжей-тегжейлі тексеруді қамтамасыз ететін көп деңгейлі жүйе;

§         әзірлеушінің өкілдерін тартпастан ААШЖ-нің пайдаланушыларының реттелмеген сұратуларын алуға арналған қолайлы графикалық интерфейстердің болуы;

§         пайдаланушылардың деректер базасының құрамындағыларды өзгерту бойынша іс-әрекеттерін қадағалау жөніндегі аудиторлық журналдың болуы.

Құрамы:

Шағын жүйе жекелеген бағдарламалық модульдерден және АЖО-нан тұрады: "ЕДБ ақпаратын бастапқы енгізу терминалы" АЖО-нан, "Басқарушы" АЖО-нан, "Ақпарат жинау модулі" АЖО-нан және "Деректер базасымен жедел жұмыс" АЖО-нан.

Эргономика және эстетика:

Шағын жүйе пайдаланушылар жұмысының барынша қолайлылығын және өнімділігін қамтамасыз ететіндей түрде жобаланған. Ақпаратты қолдан енгізу мүмкін болатын барлық жағдайлар ААШЖ анықтамалықтарынан деректерді таңдап алумен ауыстырылды. Экрандық нысандағы кестелер мен тізімдерде берілген деректемелер бойынша жедел мәтіндік іздестіру көзделген. Экрандық нысандарда деректерді іріктеу және топтастыру мүкіндігі, сондай-ақ сүзгілерді қолдану мүмкіндігі берілген.

Архитектурасы:

TCP/IP хаттамасы бойынша жергілікті не корпоративтік желіде жұмыс істеу мүмкіндігі бар клиентсервер.

"ЕДБ ақпаратын бастапқы енгізу терминалы" екінші деңгейдегі банктерге орнатылады және пайдаланушыға:

§         Терминалдың деректер базасына және функцияларына кіру құқығын тағайындауға;

§         Терминалдың пайдаланушыларын тіркеуге;

§         Терминал жұмысының өлшемдерін ретке келтіруге;

§         жекелеген есептер бойынша ақпарат енгізуге;

§         енгізілген ақпаратты бақылауды жүзеге асыруға (оның ішінде нысанаралық);

§         енгізілген есептерді басып шығаруға (ЕXCEL форматындағы файлға шығаруға);

§         келіп түскен ақпаратты мұрағаттауға;

§         нормативтік-анықтамалық ақпаратты қарауға;

§         SWIFT – ұқсас форматтағы есептердің жеделхаттарды ҚРҰБ беру үшін қалыптастыруға;

§         келіп түскен хабарларды, оның ішінде ORACLE командаларын Орталық аппараттан келіп түскен нормативтік-анықтамалық ақпаратты жаңарту үшін өңдеуге мүмкіндік береді.

"Басқарушы" АЖО пайдаланушыға:

§         атын және паролін бере отырып жүйенің жаңа пайдаланушыларын енгізуге;

§         пайдаланушыларға деректер базасының объектілеріне және жүйенің функцияларына кіру құқығын беруге;

§         пайдаланушыларды деректерге және ААШЖ функцияларына кіруден оқшаулауға;

§         жүйенің жұмысы жөніндегі аудиторлық журналдарды қарауға және басып шығаруға;

§         ААШЖ жұмысының жүйенің сервистік функцияларына қатысты параметрлерін (пайдаланушылардың парольдерді ауыстыру кезеңі, жекелеген режимдерде деректерді бекіту мүмкіндіктерін орнату-жою, пайдаланушылардың анықтамалықтарға ақпарат қосуына рұқсат беру және басқалары) ретке келтіруге;

§         басқарушы өзінің қалауы бойынша пайдаланатын ескертулер журналын жүргізуге мүмкіндік береді.

"Ақпарат жинау модулі" пайдаланушыға:

§         ЕДБ-ден келіп түсетін, SWIFT– ұқсас форматтағы хабарларды қабылдауға;

§         ақпараттың дұрыстығын және толықтығын бақылауды жүзеге асыруға;

§         ақпарат ұсыну мерзімдерінің есебін жүргізуге;

§         жіберілетін хабарларды (есептер қабылдау, нысанішілік және нысанаралық бақылаудың жүруі, нормативтік-анықтамалық ақпараттың өзгеруіне скрипттер туралы) дайындауға және ЕДБ-ге жіберуге;

§         келіп түскен және жіберілген ақпараттың мұрағатын жүргізуге;

§         ҚРҰБ интеграцияланған деректер базасына ЕДБ-ден келіп түскен есептерді нақтылауға және қосуға мүмкіндік береді.

"Деректер базасымен жедел жұмыс" АЖО пайдаланушыға:

§         ЕДБ-ден келіп түскен есептерді нысанаралықты қоса алғанда толық бақылауды және бақылау хаттамаларын қалыптастыруды жүзеге асыруға;

§         есептердің жай-күйі (бекітілген/бекітілмеген және т.с.) туралы анықтама алуға;

§         түрлі бөліктердегі жиынтық есептерді және басқа шығыс нысандарын қалыптастыруға;

§         НАА анықтамалықтарын толтыруға және жүргізуге;

§         енгізілген, деректер базасында сақталатын ақпаратты қарауға;

§         өзекті емес ақпаратты дайын есептер кестесінен жоюға;

§         кіріс және жиынтық есептерді бекітуге;

§         кіріс және жиынтық есептерді басып шығару үшін (немесе ЕXCEL форматындағы файлға шығару);

§         стандартқа жатпайтын есептерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

Сервердің өлшемдері:

  процессор Pentium III 1000 МГц
  жедел жады 512 Mb
  дискідегі бос кеңістік 9 Gb
  операциялық жүйе Microsoft Windows NT/2000/XP
  деректер базасы                                Oracle 8.1.7

Жұмыс станциясының өлшемдері:

  процессор Pentium III 1000 МГц
  жедел жады 512 Mb
  дискідегі бос кеңістік 9 Gb
  операциялық жүйе Microsoft Windows NT/2000/XP
  клиент Oracle 8.1.7
  Microsoft Office 2000  

Қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету:

Шағын жүйенің жұмысы үшін Oracle 8.1.7 Enterprise Edition немесе жоғары, Microsoft Excel 2000 бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалану қажет.

Ақпаратты қорғау:

Oracle ДББЖ құралдарымен, сондай-ақ "Басқарушы" АЖО-мен қамтамасыз етіледі. Шағын жүйеде мынадай функциялар іске асырылған: пайдаланушыларды аты мен паролін бере отырып авторизациялау; жұмыс станцияларын аутентификациялау; пайдаланушылардың деректер шағын жүйенің функцияларына кіру құқығын шектеу.

Жеткізу жиынтығы:

"ЕДБ ақпаратын бастапқы енгізу терминалы", "Басқарушы" АЖО-ның, "Ақпарат жинау модулі" және "Деректер базасымен жедел жұмыс" АЖО-ның бағдарламалық қамтамасыз етуі, сондай-ақ орыс тіліндегі құжаттама бар компакт диск.

Ендіру мерзімдері:

Орнату пайдаланушыларды оқытуды қоса алғанда бір айдан жоғары мерзімді құрайды.

Техникалық қолдау:

Кепілдік берілген (пайдалануға тапсырылғаннан кейін алты ай ішінде) және кепілдік берілгеннен кейін (клиенттің қалауы бойынша шарттық негізде) қызмет көрсету. Қызмет көрсету шеңберінде мынадай жұмыстар орындалады:

§         бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану барысында анықталған қателерді  түзету;

§         клиентке бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу жөнінде консультация беру;

§         бағдарламалық қамтамасыз етудің түзетілген нұсқаларын жеткізу;

§         стандартқа жатпайтын жағдайлар туындаған кезде консультация беру.

Тапсырыс берушінің қалауы бойынша пысықтау:

Шағын жүйе тапсырыс берушінің қажетіне қарай пысықталуы мүмкін (қосымша талқыланады).

Шағын жүйе қазіргі кезде:

§         "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" мемлекеттік мекемесінде;

§         "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі" ММ-де;

§ Eкінші деңгейдегі банктерде пайдаланылады.