|
"Төлем балансы
жөніндегі деректерді жинау және өңдеу"
автоматтандырылған
ақпараттық шағын жүйесі
Зияткерлік меншік
объектісін мемлекеттік тіркеу туралы
07.10.2002ж. № 216 куәлік
Мақсаты:
Шағын жүйе Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкінде пайдалануға арналған.
Шағын жүйе төлем
балансының, халықаралық инвестициялық
позицияның жекелеген баптарын қалыптастыру
және елдің мемлекет кепілдік бермеген сыртқы
борышын бағалау үшін, ҚРҰБ қызметкерлері мен
басшылығын, Үкіметті жедел ақпаратпен
қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы
кәсіпорындарының сыртқы экономикалық қызметі
жөніндегі жедел-статистикалық ақпаратты
жинау, сақтау және өңдеу процестерін
автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Құрылымы:
Шағын жүйе жекелеген
АЖО-нан тұрады:
§
"Басқарушы"
АЖО;
§
"Пайдаланушы" АЖО;
§
"Жиынтық және талдау
есептілігін қалыптастыру" АЖО;
§
"Ақпарат
алмасу" АЖО.
Эргономика
және эстетика:
Шағын жүйе
пайдаланушылар жұмысының барынша
қолайлылығын және өнімділігін қамтамасыз
ететіндей жобаланған. Ақпаратты қолмен
енгізу мүмкін болатын барлық жағдайлар ААШЖ
анықтамалықтарынан деректерді таңдап алумен
ауыстырылды. Экрандық нысанындағы кестелер
мен тізімдерде берілген деректемелер бойынша
жедел мәтіндік іздестіру көзделген. Экрандық
нысандарда деректерді іріктеу және
топтастыру мүмкіндігі, сондай-ақ сүзгілерді
қолдану мүмкіндігі берілген.
Архитектурасы:
TCP/IP
хаттамасы бойынша жергілікті желіде жұмыс
істеу мүмкіндігі бар клиент-сервер.
ҚРҰБ ОА және ҚРҰБ облыстық филиалдары
арасында ақпарат алмасу электрондық пошта
бойынша off-line
режимінде жүзеге асырылады.
"Басқарушы"АЖО
пайдаланушыға:
§
атын және
паролін бере отырып жүйенің жаңа
пайдаланушыларын енгізуге;
§
пайдаланушыларға деректер базасының
объектілеріне және жүйенің функцияларына
кіру құқығын белгілеуге;
§
пайдаланушыларды ААШЖ деректеріне және
функцияларына кіруден оқшаулауға;
§
жүйенің
жұмысы жөніндегі аудиторлық журналдарды
қарауға және басып шығаруға;
§
ААШЖ
жұмысының жүйенің сервистік функцияларына
қатысты параметрлерін (пайдаланушылардың
парольдерді ауыстыру кезеңі, жекелеген
режимдерде деректерді бекіту мүмкіндіктерін
орнату-жою, пайдаланушылардың
анықтамалықтарға ақпарат қосуына рұқсат беру
және басқалары) ретке келтіруге мүмкіндік
береді.
"Пайдаланушы"
АЖО пайдаланушыға:
§
жүйеде
тіркелуге;
§
пайдаланушының кіру құқығына қарай ақпаратты
енгізуге және редакциялауға;
§
енгізілген
ақпаратты қисынды бақылауға;
§
НАА
анықтамалықтарын толтыруға және жүргізуге;
§
деректер
базасында сақталатын ақпаратты қарауға;
§
қажетті
ақпаратты іздестіруге;
§
енгізілген
және түзетілген ақпаратты есеп беру
нысандары деңгейінде бекітуге мүмкіндік
береді.
"Жиынтық және
талдау есептілігін қалыптастыру" АЖО
пайдаланушыға:
§
жүйеде
тіркелуге;
§
пайдаланушының кіру құқығына қарай ақпаратты
қарауға;
§
НАА
анықтамалықтарын қарауға;
§
ақпаратты
қисынды бақылауға;
§
ақпаратты
өңдеуге және есептерді жиынтық түрінде және
талдау нысандарында қалыптастыруға;
§
есептерді
Excel
форматындағы
файлдарға шығаруға;
§
есептерді
басып шығаруға;
§
ақпаратты
Excel
форматындағы
файлға шығара отырып
қажетті ақпаратты іздестіруге;
§
есептерді
бекітуге мүмкіндік береді.
"Ақпарат алмасу"
АЖО пайдаланушыға:
§
жүйеде
тіркелуге;
§
ҚРҰБ ОА
және ҚРҰБ облыстық филиалдары арасындағы
деректерді кез келген файлдарды өткізу
ортасы арқылы синхронизациялауды қамтамасыз
етуге;
§
деректер
базасындағы келіп түскен ақпаратты бастапқы
бақылау және орналастыруға;
§
қабылдау-жіберу
және келіп түскен ақпаратты бақылау журналын
жүргізуге мүмкіндік береді.
Техникалық
қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
Сервердің
өлшемдері:
| |
процессор
|
Pentium III
1000 MHz |
| |
жедел жады |
512 Мб |
| |
дискідегі бос
кеңістік |
10
Гб |
| |
желілік карта |
Fast Ethernet
10/100 Mbps |
| |
операциялық
жүйе |
Microsoft Windows
NT/2000/XP |
| |
деректер
базасы |
Oracle
8.0.5 |
Жұмыс станциясының
өлшемдері:
| |
процессор
|
Pentium III
500 MHz |
| |
жедел жады |
128 Мб |
| |
дискідегі бос
кеңістік |
500 Мб |
| |
клиент |
Oracle
8.0.5 |
| |
операциялық
жүйе |
Microsoft Windows
NT/2000/XP |
| |
Microsoft
Office |
97 |
Қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету:
Шағын жүйенің жұмысы
үшін Oracle 8.0.5
Enterprise Edition
немесе одан жоғары,
Microsoft Excel 97
бағдарламалық қамтамасыз
етуін пайдалану қажет.
Ақпаратты қорғау:
Oracle ДББЖ
құралдарымен,
сондай-ақ "Басқарушы"
АЖО-мен
қамтамасыз етіледі.
Шағын жүйеде мынадай
функциялар іске асырылған:
пайдаланушыларды аты мен
паролін бере отырып авторизациялау;
пайдаланушылардың шағын
жүйенің деректері мен функцияларына кіру
құқығын шектеу.
Базалық жеткізу
жиынтығы:
"Басқарушы"
АЖО, "Пайдаланушы"
АЖО, "Жиынтық және
талдау есептілігін қалыптастыру" АЖО, "Ақпарат
алмасу" АЖО бағдарламалық
қамтамасыз ету,
сондай-ақ орыс
тіліндегі құжаттама бар компакт диск.
Ендіру мерзімі:
Базалық жиынтықты
орнату пайдаланушыларды оқытуды қоса алғанда
екі айдан жоғары мерзімді құрайды.
Техникалық
қолдау:
Кепілдік берілген (пайдалануға
тапсырылғаннан кейін алты ай ішінде) және
кепілдік берілгеннен кейін (клиенттің қалауы
бойынша шарттық негізде)
қызмет көрсету.
Қызмет көрсету шеңберінде мынадай жұмыстар
орындалады:
§
бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану
барысында анықталған қателерді түзету;
§
клиентке
бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу
жөнінде консультация беру;
§
бағдарламалық қамтамасыз етудің түзетілген
нұсқаларын жеткізу;
§
стандартқа
жатпайтын жағдайлар туындаған кезде
консультация беру.
Тапсырыс
берушінің қалауы бойынша пысықтау:
Шағын жүйені тапсырыс берушінің қажетіне
қарай пысықтау мүмкіндігі
(қосымша
талқыланады).
Шағын жүйе қазіргі
кезде:
§
"Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі"
мемлекеттік
мекемесінде;
§
"Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі" ММ филиалдарында пайдаланылады.
|