КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
БОС ҚЫЗМЕТ ОРЫНДАРЫ
БАЙЛАНЫСТАР
ӘРІПТЕСТЕР
ЖАҢАЛЫҚТАР
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

Корпорация Oracle

ЗАО "Ланит"       

Учебно-консультационный центр "Форс"

Корпорация IBM

     БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
                                                                                                                                                                                                   KAZ     РУС    ENG

 

 

«Төлемдер жөніндегі есеп беру және статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу» тапсырмалар кешені

Зияткерлік меншік объектісін

мемлекеттік тіркеу туралы

 24.12.2002ж. №293 куәлік 

 

Мақсаты:

Шағын жүйе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде пайдалануға арналған.

Тапсырмалар кешені БТБК төлемдері бойынша есептік және статистикалық ақпаратты жинауды және өңдеуді, БТБК төлемдері бойынша деректер базасын жасау мен жүргізуді, Төлем жүйелері басқармасын және Зерттеу және статистика департаментін қоса алғанда ҚРҰБ бөлімшелерін төлемдер туралы қажетті жиынтық ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тапсырмалар кешенінің мақсаты ақша-кредит және валюта саясаты, сыртқы борыш, төлем балансы өлшемдерін, банктік жүйенің жай-күйін жедел талдау, жоспарлау және бақылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ақша массасының ағынын жедел талдау болып табылады.

Тапсырмалар кешенінің субъектілері мыналар болып табылады: Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (тікелей корреспонденттік шоттарды пайдалана отырып төлемдер жасау жөніндегі, сондай-ақ банкішілік операциялар жөніндегі ақпарат), Клирингтік ұйымдар, Қазақстан Банаралық есеп айырысу орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі («Құбаж – 3Ц» ААЖ жүйесі бойынша төлемдер, сондай-ақ халықаралық төлемдер). Төлемдер бойынша барлық ақпарат БТБК (Бірыңғай Төлем Белгілеу Коды) бөлігінде ұсынылады. 

Құрамы:

Шағын жүйе жекелеген АЖО-нан тұрады: «Басқарушы» АЖО, «Пайдаланушы» АЖО және «Жинау модулі» АЖО.

Эргономика және эстетика:

Шағын жүйе пайдаланушылар жұмыстарының барынша қолайлы және өнімді болуын қамтамасыз ететіндей түрде жобаланған. Ақпаратты қолмен ендіру мүмкін болатын жағдайлардың бәрі де ААШЖ анықтамалықтарынан деректерді таңдап алумен ауыстырылды. Экрандық нысандардың кестелері мен тізімдерінде берілген деректемелер бойынша жылдам контекстік іздестіру көзделген. Экрандық нысандарда деректерді іріктеу мен топтастыруға, сондай-ақ сүзгілерді қолдануға мүмкіндік берілген.

Архитектурасы:

TCP/IP хаттамасы бойынша жергілікті не корпоративтік желіде жұмыс істеу мүмкіндігі бар клиент – сервер.

«Басқарушы» АЖО пайдаланушыға:

§         оларға ат және парольдер бере отырып, жүйенің жаңа пайдаланушыларын ендіруге;

§         пайдаланушылардың деректер базасының объектілеріне және шағын жүйенің функцияларына кіру құқығын тағайындауға;

§         пайдаланушыларды ААШЖ деректеріне және функцияларына кіруден оқшаулауға;

§         пайдаланушыны деректер базасынан айыру үшін оның белсенділігі болмайтын кезеңін белгілеуге;

§         жүйенің сервистік функцияларына қатысты ААШЖ жұмыс істеу өлшемдерін  ретке келтіруге (пайдаланушылардың парольдерді ауыстыру кезеңі, жекелеген режимдерде деректерді бекіту мүмкіндігін орнату-жою, пайдаланушылардың анықтамалықтарға ақпарат қосуына рұқсат ету және басқалары) мүмкіндік береді.

«Пайдаланушы» АЖО пайдаланушыға:

§         жүйеде тіркелуге;

§         деректер базасында сақталатын қабылданған есептік ақпаратты қарауға;

§         қажетті ақпаратты іздестіруді жүзеге асыруға;

§         анықтамалық ақпарат жүргізуге;

§         есептерді алуға және оларды басып шығаруға;

§         есептерді MS Excel форматының файлына сақтауға.

§         парольдің берілген қолданылу мерзіміне сәйкес өз паролін өзгертуге  мүмкіндік береді.

 «Хабарларды қабылдау және өңдеу» АЖО пайдаланушыға:

§         жүйеде тіркелуге;

§         есептілік бар жеделхаттарды автоматты түрде қабылдау және өңдеуге;

§         хабарлардағы ақпараттың дұрыстығын және толықтығын автоматты түрде тексеруге;

§         кіріс есептік деректерді Шағын жүйенің деректер базасына автоматты түрде қосуға;

§         келіп түскен есеп ақпаратын қабылдау және өңдеу мәртебесі туралы жауап хабарларды автоматты түрде жіберуге;

§         келіп түскен/жіберілген жеделхаттар журналын қалыптастыруға;

§         парольдің берілген қолданылу мерзіміне сәйкес өз паролін өзгертуге мүмкіндік береді.

Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

Сервердің өлшемдері:

  процессор  Pentium III 1000 MHz
  жедел жады 512 Mb
  дискідегі бос кеңістік 10 Gb
  операциялық жүйе Microsoft Windows NT/2000/2003
  деректер базасы Oracle 8.1.7

Жұмыс станциясының өлшемдері:

  процессор      Pentium III 500 MHz
  жедел жады  128 Mb
  дискідегі бос кеңістік 500 Mb
  операциялық жүйе  Microsoft Windows 9x/NT/2000/XP
  клиент   Oracle 8.1.7
  Microsoft Office 2000

Қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету:

Шағын жүйенің жұмысы үшін Oracle 8.1.7 Enterprise Edition немесе Microsoft Excel 2000 жоғары бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану қажет. 

Ақпаратты қорғау:

Oracle ДББЖ құралдарымен, сондай-ақ «Басқарушы» АЖО-мен қамтамасыз етіледі. Шағын жүйеде мынадай функциялар іске асырылған: пайдаланушыларды аты мен  паролін бере отырып, авторизациялау; жұмыс станцияларын аутентификациялау; пайдаланушылардың деректерге және шағын жүйенің функцияларына кіру құқығын шектеу.

Жеткізу жиынтығы:

«Басқарушы» АЖО-ның, «Пайдаланушы» АЖО-ның және «Жинау модулі» АЖО-ның бағдарламалық қамтамасыз етуі, сондай-ақ орыс тілінде құжаттамасы бар компакт диск.

Ендіру мерзімі:

Орнату пайдаланушыларды оқытуды қоса алғанда бір айдан жоғары мерзімді құрайды.

Техникалық қолдау:

Кепілдік берілген (пайдалануға тапсырылғаннан кейінгі алты айдың ішінде) және кепілдік берілгеннен кейінгі (клиенттің қалауы бойынша шарттық негізде) қызмет көрсету. Қызмет көрсету шеңберінде мынадай жұмыстар орындалады:

§         бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану барысында табылған қателерді түзету;

§         клиентке бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша консультация беру;

§         бағдарламалық қамтамасыз етудің түзетілген нұсқаларын жеткізу;

§         стандарттан тыс жағдайлар туындаған кезде консультация беру.

Тапсырыс берушінің қалауы бойынша пысықтау:

Шағын жүйені пысықтау тапсырыс берушінің қосымша қажеттілігінен туындауы ықтимал (қосымша талқыланады).

Қазіргі кезде шағын жүйе:

 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» Мемлекеттік Мекемесінде пайдаланылады.