КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
БОС ҚЫЗМЕТ ОРЫНДАРЫ
БАЙЛАНЫСТАР
ӘРІПТЕСТЕР
ЖАҢАЛЫҚТАР
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

Корпорация Oracle

ЗАО "Ланит"       

Учебно-консультационный центр "Форс"

Корпорация IBM

     БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
                                                                                                                                                                                                   KAZ     РУС    ENG

 

 

"Сақтандыруды қадағалау"

автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесі

Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы
07.10.2002ж. № 221 куәлік.

Мақсаты:

Шағын жүйе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде пайдалануға арналған.

Шағын жүйе Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының сақтандыру қызметі бойынша ақпарат жинау процестерін, жиналған және жүйеге енгізілген ақпаратқа жедел кіруді, сақтандыру жүйесін реттеу жөнінде шешімдер қабылдау үшін жиналған ақпаратты талдауды автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Мыналар:

§         сақтандыру қызметіне қадағалауды жүзеге асыратын орталық аппарат;

§         сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары;

§         сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлері;

§         актуарийлер;

§         уәкілетті аудиторлар;

§         екінші деңгейдегі банктер;

§         сақтандыру нарығының басқа субъектілері автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйенің субъектілері болып табылады.

Құрамы:

Шағын жүйе жекелеген АЖО-нан тұрады: "Басқарушы" АЖО-нан, "Пайдаланушы" АЖО-нан "Есептік-статистикалық ақпаратты жинау" АЖО-нан және "Сақтандыру ұйымдарының есептерін қалыптастыру" АЖО-нан.

Эргономика және эстетика:

Шағын жүйе пайдаланушылар жұмысының барынша қолайлылығын және өнімділігін қамтамасыз ететіндей жобаланған. Ақпаратты қолмен енгізу мүмкін болатын барлық жағдайлар ААШЖ анықтамалықтарынан деректерді таңдап алумен ауыстырылды. Экрандық нысанындағы кестелер мен тізімдерде берілген деректемелер бойынша жедел мәтіндік іздестіру көзделген. Экрандық нысандарда деректерді іріктеу және топтастыру мүкіндігі, сондай-ақ сүзгілерді қолдану мүмкіндігі берілген.

Архитектурасы:

TCP/IP хаттамасы бойынша жергілікті не корпоративтік желіде жұмыс істеу мүмкіндігі бар клиентсервер.

"Басқарушы" АЖО пайдаланушыға:

§         атын және паролін бере отырып жүйенің жаңа пайдаланушыларын енгізуге;

§         пайдаланушыларға деректер базасының объектілеріне және жүйенің функцияларына кіру құқығын беруге;

§         пайдаланушыларды деректерге және ААШЖ функцияларына кіруден оқшаулауға;

§         пайдаланушыны деректер базасынан ажырату үшін белсенділігінің болмауы кезеңділігін белгілеуге;

§         ААШЖ жұмысының жүйенің сервистік функцияларына қатысты параметрлерін (пайдаланушылардың парольдерді ауыстыру кезеңі, жекелеген режимдерде деректерді бекіту мүмкіндіктерін орнату-жою, пайдаланушылардың анықтамалықтарға ақпарат қосуына рұқсат беру және басқалары) ретке келтіруге;

§         Шағын жүйенің деректер базасына қосылған пайдаланушыларды қарауға;

§         қажет болған жағдайда пайдаланушыларды Шағын жүйенің деректер базасынан ажыратуға мүмкіндік береді.

"Пайдаланушы" АЖО пайдаланушыға:

§         жүйеде тіркелуге;

§         парольді қолданудың берілген кезеңіне сәйкес өз паролін өзгертуге;

§         ААШЖ анықтамалықтарын толтыруға және жүргізуге;

§         қағазға басылған құжаттардағы шығыс ақпаратын (қадағаланатын субъектілер туралы анықтамалық ақпарат) енгізуге;

§         анықтамалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен бақылауға;

§         сақтандыру ұйымдары жіберген есептерді қисынды бақылауды жүзеге асыруға;

§         сақтандыру ұйымдары жіберген есептерді бекітуге;

§         есептердің жай-күйі туралы анықтамалар алуға;

§         жиынтық есептерді қалыптастыруға;

§         жиынтық есептерді бекітуге;

§         кіріс есептерін мұрағаттауға;

§         есептерді шығаруға (экранға, басып шығаруға, Excel-ге);

§         стандартқа жатпайтын сұратуларды орындауға мүмкіндік береді.

"Сақтандыру ұйымдарының есептерін қалыптастыру" АЖО сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарында белгіленеді және пайдаланушыға:

§         есептерді шығаруға және редакциялауға;

§         есептерді xml форматындағы файлдар түрінде сақтауға;

§         сақталған есептерді редакциялау үшін қосуға;

§         жауап беру хабарларын; қисынды қателердің хаттамаларын; анықтамалық ақпаратты қабылдауға;

§         қадағаланатын жүзеге асыратын орталық аппараттан жіберілген файлдан нормативтік-анықтамалық ақпаратты қосуға мүмкіндік береді.

"Есептік-статистикалық ақпаратты жинау" АЖО пайдаланушыға:

§         қадағалауда тұрған ұйымдар "Сақтандыру ұйымдарының есептерін қалыптастыру" АЖО-да қалыптастырған файлдарды алуға және қосуға;

§         ақпараттың дұрыстығын және толықтығын бақылауға (қисынды бақылаусыз);

§         ақпаратты ДБ-ның жедел кестелеріне қосуға;

§         қосу қателерінің хаттамаларын сақтандыру ұйымдарына жіберу үшін мәтіндік файл түрінде қалыптастыруға және сақтауға;

§         анықтамалықтар бар файлдарды сақтандыру ұйымдарына жіберу үшін қалыптастыруға және сақтауға;

§         қисынды бақылау қателерінің хаттамаларын сақтандыру ұйымдарына жіберу үшін мәтіндік файл түрінде сақтауға;

§         қосылған файлдардың және қалыптастырылған хаттамалардың журналын қалыптастыруға (хаттаманы қарау мүмкіндігімен);

§         ЖО-ның жұмыс істеу өлшемдерін ретке келтіруге;

§         банктерден жіберілген нысан бойынша "ЕДБ-ден есептік-статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу" ААШЖ-нен ақпаратты қосуға мүмкіндік береді.

Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

Сервердің өлшемдері:

  процессор Pentium III 1000 МГц
  жедел жады 512 Mb
  дискідегі бос кеңістік 10 Gb
  операциялық жүйе Microsoft Windows NT/2000/XP
  деректер базасы Oracle 8.1.7

Жұмыс станциясының өлшемдері:

  процессор Pentium III 500 MHz
  жедел жады 128 Mb
  дискідегі бос кеңістік 500 Mb
  операциялық жүйе Microsoft Windows 9x/NT/2000/XP
  клиент Oracle 8.0.5
  Microsoft Office 2000  

Қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету:

Шағын жүйенің жұмысы үшін Oracle 8.1.7 Enterprise Edition немесе жоғары, Microsoft Excel 2000 бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалану қажет.

Ақпаратты қорғау:

Oracle ДББЖ құралдарымен, сондай-ақ "Басқарушы" АЖО-мен қамтамасыз етіледі. Шағын жүйеде мынадай функциялар іске асырылған: пайдаланушыларды аты мен паролін бере отырып авторизациялау; жұмыс станцияларын аутентификациялау; пайдаланушылардың шағын жүйенің деректері мен функцияларына кіру құқығын шектеу.

Жеткізу жиынтығы:

"Басқарушы" АЖО-ның, "Пайдаланушы" АЖО-ның, "Есептік-статистикалық ақпаратты жинау" АЖО-ның және "Сақтандыру ұйымдарының есептерін қалыптастыру" АЖО-ның бағдарламалық қамтамасыз етуі, сондай-ақ орыс тіліндегі құжаттама бар компакт диск.

Ендіру мерзімдері:

Орнату пайдаланушыларды оқытуды қоса алғанда бір айдан жоғары мерзімді құрайды.

Техникалық қолдау:

Кепілдік берілген (пайдалануға тапсырылғаннан кейін алты ай ішінде) және кепілдік берілгеннен кейін (клиенттің қалауы бойынша шарттық негізде) қызмет көрсету. Қызмет көрсету шеңберінде мынадай жұмыстар орындалады:

§         бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану барысында анықталған қателерді  түзету;

§         клиентке бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу жөнінде консультация беру;

§         бағдарламалық қамтамасыз етудің түзетілген нұсқаларын жеткізу;

§         стандартқа жатпайтын жағдайлар туындаған кезде консультация беру.

Тапсырыс берушінің қалауы бойынша пысықтау:

Шағын жүйе тапсырыс берушінің қажетіне қарай пысықталуы мүмкін (қосымша талқыланады).

Шағын жүйе қазіргі кезде:

"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі" ММ-де;

ҚР-ның сақтандыру қызметін жүзеге асыратын барлық ұйымдарында пайдаланылады.