|
"Заңгер"
нормативтік-құқықтық актілер ақпараттық-анықтамалық
шағын жүйесі
Зияткерлік меншік объектісін
мемлекеттік тіркеу туралы
24.12.2002ж. №297 куәлік
Мақсаты:
Шағын жүйе корпорацияларда, банктерде және
ұйымдарды пайдалануға арналған.
Шағын
жүйе заң департаментінің нормативтік-құқықтық
ақпаратын (НҚА) есепке алу мен сақтауды
автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Құрамы:
Шағын
жүйенің құрамына Нормативтік-құқықтық
актілер деректер базасы, Республикалық
заңнама деректер базасы және Шарттар
деректер базасы кіреді.
Эргономика және эстетика:
Шағын
жүйенің деректер базасында құжаттарды
қолайлы қарау және іздестіру үшін бірнеше
ұсыну тәсілдері бар (санаттары бойынша
топтарға бөлінген құжаттар тізімі). Экрандық
нысандар ақпаратты орыс тілінде, сол сияқты
қазақ тілінде де ұсынуы мүмкін. Шағын жүйе
контекстік-тәуелді анықтамамен жабдықталған
(Help). Құжаттарды іздестіру үшін Lotus
Notes қуатты толық мәтінді іздестіруді
пайдалануға болады.
Архитектурасы:
TCP/IP
хаттамасы бойынша жергілікті не
корпоративтік желіде жұмыс істеу мүмкіндігі
бар клиент – сервер. Шағын жүйе
Lotus &
Domino
платформасында құрылған.
Шағын жүйе
пайдаланушыға:
§
НҚА, республикалық
заңнамалардың және Шарттардың орыс және
қазақ тілдеріндегі тіркеу карточкаларын
тіркеуге (толтыруға);
§
электрондық мұрағатта орыс
және қазақ тілдерінде нормативтік-құқықтық
құжаттардың (НҚҚ) мәтіндерін сақтауға;
§
НҚҚ-ға (баптарға, тармақтарға,
тармақшаларға, абзацтарға) барлық келіп
түсетін өзгерістер мен толықтыруларды
тіркеуге, таратуға, қолданылу мерзімін
ұзартуға, күші жойылды деп тануға;
§
орыс және қазақ тілдерінде НҚҚ
тарихын қалыптастыруға;
§
орыс және қазақ тілдерінде НҚҚ
тарихын қарауға;
§
электрондық мұрағатта
өзгерістер мен толықтырулардың мәтіндерін
сақтауға;
§
бақылау НҚҚ (барлық соңғы
өзгерістері бар) жасауға және жүргізуге;
§
НҚҚ мәтіндері бойынша толық
мәтіндік іздестіру;
§
тіркеу карточкасының кез
келген деректемелері бойынша іздестіру;
§
жіктеме бойынша іздестіру;
§
әр түрлі деңгейлер бойынша
электрондық құжаттарға кіруді тағайындауға;
§
әр түрлі құжаттардың
тізбелерін басып шығаруға
мүмкіндік береді.
Техникалық қамтамасыз
етуге қойылатын талаптар:
Сервердің өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium
III 1000 МГц или выше |
|
|
жедел
жады |
512
Mb |
|
|
дискідегі
бос кеңістік |
10 Gb |
|
|
операционная
система |
Microsoft Windows
NT/2000/XP |
|
|
ДББЖ
|
Lotus Domino 5 |
Жұмыс станциясының өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium III 500 MHz |
|
|
жедел
жады |
128 Mb |
|
|
дискідегі
бос кеңістік |
500 Mb |
|
|
операционная
система |
Microsoft Windows 9x/NT/2000/XP |
|
|
клиент |
Lotus Notes 5 |
|
|
Microsoft Office 2000 |
|
Қосымша
бағдарламалық қамтамасыз ету:
Шағын
жүйенің жұмысы үшін
Lotus Notes & Domino 5-ші нұсқа
немесе жоғары,
Microsoft Excel 2000, Word 2000
бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану
қажет.
Ақпаратты қорғау:
Lotus Domino
орнатылған қауіпсіздік құралдарымен
қамтамасыз етіледі.
Пайдаланушылардың
деректерге және шағын жүйе функцияларына
кіру құқығын шектеу рөлдер тағайындау арқылы
орындалады (тіркеуші,
оқушы және т.б.).
Жеткізу жиынтығы:
Заңгер НҚА
БАЖ бағдарламалық
қамтамасыз етуі,
анықтама деректер базасы
(Help), сондай-ақ
орыс тіліндегі құжаттама бар компакт диск.
Ендіру мерзімі:
Орнату
пайдаланушыларды оқыта отырып
2 аптадан жоғары мерзімді құрайды.
Техникалық
қолдау:
Кепілдік берілген
(пайдалануға тапсырылғаннан кейінгі
алты айдың ішінде)
және кепілдік берілгеннен кейінгі
(клиенттің қалауы бойынша шарттық
негізде) қызмет
көрсету. Қызмет
көрсету шеңберінде мынадай жұмыстар
орындалады:
§
бағдарламалық қамтамасыз етуді
пайдалану барысында табылған қателерді
түзету;
§
клиентке бағдарламалық
қамтамасыз ету бойынша консультация беру;
§
бағдарламалық қамтамасыз
етудің түзетілген нұсқаларын жеткізу;
§
стандартты емес жағдайлар
туындаған кезде консультация беру.
Тапсырыс
берушінің қалауы бойынша пысықтау:
Шағын жүйені пысықтау
тапсырыс берушінің қосымша қажеттілігінен
туындауы ықтимал (қосымша талқыланады).
Қазіргі кезде шағын
жүйе:
§
«Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі» Мемлекеттік Мекемесінде;
§
«Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу
орталығы» РМК;
§
«Жеке тұлғалардың салымдарына
кепілдік беру қоры» РМК;
§
«Қазақстан
Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі»
ММ
пайдаланылады.
|