|
«Көп
функциялы
аурухана»
автоматтандырылған
ақпараттық шағын жүйесі
Зияткерлік меншік
объектісін
мемлекеттік тіркеу
туралы
14.10.2003ж. №1079
куәлік
Мақсаты:
Шағын жүйе стационарларда, ауруханалар
ішіндегі емханаларда және ауруханалар
ішіндегі дәріханаларда пайдалануға арналған.
Шағын
жүйе стационарда емделетін ауруларды және
аурухана ішіндегі емханалардың пациенттерін
тіркеу процестерін; ауру тарихын және
амбулаториялық карталарды электрондық түрде
жүргізуді; зертханалар мен функционалдық
диагноз қою кабинеттерінің деректерін
жүргізуді; ауруларды орналастыру және
стационардағы төсек қорының жай-күйін есепке
алуды; дәрі-дәрмектерді есепке алуды;
ақпараттық және қызметтік анықтамалықтар
жүргізуді; интеграцияланған деректер
базасына енгізілген деректерді ыңғайлы
іздестіруді автоматтандыруды қамтамасыз
етеді.
Құрамы:
Шағын
жүйе медициналық мекемелердің әр түрлі
бөлімшелерінің жұмыстарын қамтамасыз етуге
арналған мынадай АЖО-нан тұрады:
§
"Стационардың қабылдау бөлімі"
АЖО.
§
"Емдеу бөлімшесі" АЖО.
§
"Зертхана" АЖО.
§
"Функционалдық диагноз қою"
АЖО.
§
"Аурухана ішіндегі аптека" АЖО.
§
"Емхананың тіркеу орны" АЖО.
§
"Емхана маманы" АЖО.
§
"Анықтамалықтар жүргізу" АЖО.
§
"Дайын үлгілерді жүргізу" АЖО.
Эргономика және
эстетика:
Шағын жүйе
пайдаланушылардың жұмыстарын барынша қолайлы
және өнімді болуын қамтамасыз ететіндей
түрде жобаланған. Бос орындарды толтырған
кезде барлық ықтимал жағдайларда қолмен
енгізуді тізімдерден және анықтамалықтардан
таңдап алумен ауыстырылған.
Архитектурасы:
TCP/IP
хаттамасы бойынша жергілікті желіде жұмыс
істеу мүмкіндігі бар клиент – сервер.
«Стационардың
қабылдау бөлімі» АЖО пайдаланушыға:
§
жаңа ауру тарихын жасауға;
§
ауру тарихы карточкасына
аурудың тіркеу деректерін ендіруге:
§
аурудың тіркеу деректері
бойынша базада бар ауру тарихын іздестіруді
орындауға;
§
анализге, зерттеуге және
мамандардың консультациясына өтінімдерді
жіберуге;
§
анализ, зерттеу және
мамандардың консультациясының нәтижелерін
қарауға;
§
бірінші қарау деректерін
ендіруге:
§
бірінші қарау деректерін тез
толтыру үшін мәтіндік және диалогтық
шаблондарды пайдалануға;
§
аурудың статистикалық
карточкасын жасауға (бұл ретте деректердің
көбі автоматты түрде енгізіледі);
§
дәрігердің тағайындама
парағының карточкасын жасау және оны қолда
бар деректермен толтыру;
§
температура парағының
карточкасын жасау және оны қолда бар
деректермен толтыруға;
§
ауру тарихын емдеу бөлімшесіне
жіберуге мүмкіндік береді.
«Емдеу бөлімшесі»
АЖО-ны пайдаланушыға:
§
ауру тарихында күн сайынғы
күнделік жазбаларын жүргізуге;
§
күнделік жазбаларын тез
толтыруға арналған мәтіндік және диалогтық
шаблондарды пайдалануға;
§
пациенттің ауру тарихы
құжатына орындалған операциялар мен
манипуляциялар бойынша деректерді ендіруге;
§
температура парағының
карточкасын жасауға, оны ағымдағы
деректермен толтыруға, сондай-ақ бұрын
ендірілген деректерді қарауға;
§
температура кестесін автоматты
түрде жасай отырып, температура парағының
баспа нысанын қалыптастыруға;
§
дәрігердің тағайындама
парағының карточкасын жасауға, оны
тағайындама деректерімен толтыруға,
тағайындаманы орындау туралы белгілер
жасауға және оларды орындауды бақылауды
жүзеге асыруға;
§
анализге, зерттеуге және
мамандардың консультациясына өтінімдерді
жіберуге;
§
анализ, зерттеу және
мамандардың консультациясының нәтижелерін
қарауға;
§
ауыстыру тарихын белгілей
отырып, пациентті басқа бөлімшеге ауыстыруды
орындауға;
§
пациентті үйге шығаруды жүзеге
асыруға және үйге шығарған кездегі
деректерді толтыруға;
§
үйге шығару эпикризін жасауға
және толтыруға (бұл ретте деректердің көбі
автоматты түрде енгізіледі);
§
төсек-күн есебін жүргізу
парағын жасауға мүмкіндік береді.
«Зертхана»
АЖО-ны пайдаланушыға:
§
емдеу бөлімшелерінен және
аурухана ішіндегі емханадан түскен анализге
өтінімдерді іздестіруді жүзеге асыруға;
§
жаңа анализдер карточкасын
жасауға;
§
жасалған және келіп түскен
анализдер бланкілерін толтыруға;
§
анализдердің нәтижелерін ауру
тарихына және амбулаториялық картаға
жіберуге;
§
бұрын енгізілген анализдер
деректерін іздестіруді жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.
«Функционалдық
диагностика» АЖО-ны пайдаланушыға:
§
емдеу бөлімшелерінен және
аурухана ішіндегі емханадан түскен зерттеуге
өтінімдерді іздестіруді жүзеге асыруға;
§
жаңа зерттеу карточкаларын
жасауға;
§
жасалған және келіп түскен
зерттеудің электрондық бланкілерін
толтыруға;
§
зерттеу карточкаларында
нәтижелер мен қорытындыларды тез толтыруға
арналған мәтіндік және диалогтық шаблондарды
пайдалануға;
§
зерттеу нәтижелерін ауру
тарихына және амбулаториялық картаға
жіберуге;
§
бұрын жүргізілген зерттеу
деректерін іздестіруді жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.
«Аурухана
ішіндегі дәріхана» АЖО пайдаланушыға:
§
қоймада бар дәрі-дәрмектер
саны туралы ақпаратты ендіруге,
редакциялауға және қарауға;
§
бөлімшеге дәрі беру туралы
белгілерді орындауға;
§
дәрілердің келіп түскені
туралы деректерді орындауға;
§
дәріхана қоймасы деректер
базасында дәрі-дәрмектік құралдар
анықтамалығында деректер іздестіруді
орындауға мүмкіндік береді.
«Емхананың
тіркеу орны» АЖО-ны пайдаланушыға:
§
амбулаториялық карталардың
жаңа құжаттарын жасауға және оларды аурухана
ішіндегі емханалардың пациенттерінің тіркеу
деректерімен толтыруға;
§
картотекада бар амбулаториялық
карталарды іздестіруді орындауға және тіркеу
деректерін редакциялауға;
§
амбулаториялық карталарды
емхана мамандарына жіберуге мүмкіндік
береді.
«Емхана маманы»
АЖО-ны пайдаланушыға:
§
амбулаториялық карталар
тізімінен маманның қабылдауына тіркеу
орнынан жіберілген аурухана ішіндегі
емханалардың пациенттерін таңдап алуға;
§
картотекада бар амбулаториялық
карталарды іздестіруді орындауға;
§
амбулаториялық карталардағы
келу туралы күнделік жазбаларын жүргізуге;
§
күнделік жазбаларын тез
толтыруға арналған мәтіндік және диалогтық
шаблондарды пайдалануға;
§
амбулаториялық картада
нақтыланған диагноздар парағын жүргізуге;
§
анализге, зерттеуге және
мамандардың консультациясына өтінімдерді
жіберуге;
§
анализ, зерттеу және
мамандардың консультациясының нәтижелерін
қарауға;
§
стационарлық ауруларды
зерттеуге стационардан және басқа да
мамандардан түскен өтінімдер карточкасын
толтыруға және нәтижелерін белгіленген
орындарға жіберуге;
§
диспансерлік есепке қою туралы
белгілер жасауға;
§
келесі келетін күнді
белгілеуге;
§
ауруханаға жатқызу үшін
жіберілгені туралы белгі қоюға
мүмкіндік береді.
«Анықтамалықтар
жүргізу» АЖО-ны пайдаланушыға:
§
қызметтік анықтамалықтардың
деректерін ендіруге және редакциялауға, бұл
ретте қызметкерлер анықтамалықтарды толтыру
барысында пайдаланушыларға кіру деңгейі мен
шағын жүйенің АЖО-сымен жұмыс істеу рөлін
автоматты түрде белгілеуге;
§
шағын жүйенің мынадай
ақпараттық анықтамалығына деректерді ендіру
және редакциялауды орындауға: аурулар
диагноздарының анықтамалығы, дәрі-дәрмектік
құралдар анықтамалығы, операция түрлерінің
анықтамалығы және т.б.;
§
анықтамалық ақпаратты
іздестіруді және қарауды орындауға
мүмкіндік береді.
«Шаблондарды
жүргізу» АЖО-ны пайдаланушыға:
§
мәтіндік және диалогтық
шаблондарды толтыруға, редакциялауға және
жұмысқа бейімдеуге;
§
күнделік жазбаларын және
зерттеу деректерін тез толтыру тетіктерін
орындаған кезде пайдаланушының шаблондарға
кіруін қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді.
Техникалық қамтамасыз
етуге қойылатын талаптар:
Сервердің
өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium III 500 МГц |
|
|
жедел жады |
512 Mb |
|
|
дискідегі бос кеңістік |
40 Gb |
|
|
операциялық жүйе |
Microsoft Windows NT/2000/XP |
|
|
деректер базасы
|
Lotus Notes 5.0.х. |
Жұмыс станциясының өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium II 350 МГц |
|
|
жедел жады |
64 Mb |
|
|
дискідегі бос кеңістік |
300 Mb |
|
|
операциялық жүйе |
Microsoft Windows 9x/NT/2000/XP |
|
|
клиент |
Lotus Notes 5.0.х. |
|
|
Microsoft Office 2000/XP |
|
Қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету:
Шағын
жүйенің жұмысы үшін
Lotus Domino Server 5.0.х.,
Microsoft Excel 2000/ХР
бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану
қажет.
Ақпаратты қорғау:
Lotus
Notes/Lotus Domino деректерін басқарудың
корпоративтік жүйесі құралдарымен қамтамасыз
етіледі. Шағын жүйеде мынадай функциялар
іске асырылды: оларға ID-файлдарды бере
отырып пайдаланушыларды авторизациялау;
пайдаланушылардың деректерге шағын жүйе
функцияларына кіру құқығын шектеу.
Жеткізу жиынтығы:
Бағдарламалық қамтамасыз етуі бар компакт
диск, сондай-ақ орыс тіліндегі құжаттама.
Ендіру мерзімі:
Орнату
пайдаланушыларды оқытуды қоса алғанда бір
айдан жоғары мерзімді құрайды.
Техникалық қолдау:
Кепілдік берілген (пайдалануға
тапсырылғаннан кейінгі үш айдың ішінде) және
кепілдік берілгеннен кейінгі (клиенттің
қалауы бойынша шарттық негізде) қызмет
көрсету. Қызмет көрсету шеңберінде мынадай
жұмыстар орындалады:
§
бағдарламалық қамтамасыз етуді
пайдалану барысында табылған қателерді
түзету;
§
клиентке бағдарламалық
қамтамасыз ету бойынша консультация беру;
§
бағдарламалық қамтамасыз
етудің түзетілген нұсқаларын жеткізу;
§
стандартты емес жағдайлар
туындаған кезде консультация беру.
Тапсырыс
берушінің қалауы бойынша пысықтау:
Шағын жүйені пысықтау
тапсырыс берушінің қосымша қажеттілігінен
туындауы ықтимал (қосымша талқыланады).
Шағын жүйе қазіргі
кезде:
§
Қостанай Облыстық
Ауруханасында;
§
Қостанай Қалалық Ауруханасында;
§
Қостанай Қалалық Балалар
Ауруханасында;
§
Қостанай Облыстық Балалар Ауруханасында
пайдаланылады.
|