|
«Овернайт» кредиттері»
тапсырмалар кешені
Зияткерлік меншік
объектісін
мемлекеттік тіркеу
туралы
24.12.2002ж. №291
куәлік
Мақсаты:
Шағын жүйе Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкінде пайдалануға арналған.
Шағын
жүйе «Овернайт» заемдарын беру кезінде
өтінімдер қабылдауды, өңдеуді және Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі
банктерімен ақпарат алмасуды қамтамасыз
етеді. Екінші деңгейдегі банктерге берілген
Овернайт заемдары туралы толық ақпарат бар
бірыңғай ақпараттық базаны жүргізу.
Овернайт банктік
заемдарын берумен және есебін жүргізумен
айналысатын ҚРҰБ бөлімшелерінің қажетті
ұйымдастыру және ақпараттық қауіпсіздік
деңгейін қамтамасыз ету.
Құрамы:
Шағын
жүйе мынадай автоматтандырылған жұмыс
орындарынан (АЖОнан) тұрады: «АЖ Басқарушы»
АЖО; «Овернайт заемдарын есепке алу» АЖО;
«АЖ хабарларын өңдеуші» АЖО; «Заемшы Банк»
АЖО.
Эргономика және эстетика:
Шағын
жүйе пайдаланушылар жұмыстарының барынша
қолайлы және өнімді болуын қамтамасыз
ететіндей түрде жобаланған.
Архитектурасы:
TCP/IP
хаттамасы бойынша жергілікті желіде жұмыс
істеу мүмкіндігі бар клиент – сервер.
«АЖ Басқарушшысы» АЖО пайдаланушыға:
§
аты мен паролін бере отырып,
жүйені пайдаланушыларды құруға;
§
пайдаланушыларға АЖ
деректеріне және функцияларына кіру құқығын
дайындауға;
§
пайдаланушылардың АЖ
деректеріне және функцияларына кіруін
оқшаулауға;
§
АЖ жұмыс істеу өлшемдерін
ретке келтіруге;
§
нормативтік-анықтамалық
ақпараттар анықтамалығын жүргізуге
мүмкіндік береді.
«Овернайт
заемдарының есебін жүргізу» АЖО
пайдаланушыға:
§
жүйенің анықтамалығын
жүргізуге;
§
Овернайт заемдарын беруге;
§
Овернайт заемдарын өтеуге;
§
өтелмеген Овернайт заемдары
бойынша тұрақсыздық айыбын жүргізуге;
§
берілген және мерзімі өткен
Овернайт заемдарының есебін жүргізуге;
§
жүйенің деректер базасына
есепті кезеңдегі банктердің күн сайынғы
дебеттік айналымдары жөнінде мәліметтерді
қосуға;
§
екінші деңгейдегі банктерге
берілетін күнгі Овернайт заемдарының
лимиттерін есептеуге;
§
шығыс нысандарын қарауға және
басып шығаруға мүмкіндік береді.
«АЖ хабарларын өңдеуші»
АЖО:
§
жүйенің өлшемдерін ретке
келтіруге;
§
келіп түсетін электрондық
хабарларды өңдеуге;
§
жіберілетін электрондық
хабарларды қалыптастыруға;
§
екінші деңгейдегі банктерге
жіберілетін хабарларды-хаттарды
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Заемшы
банк» АЖО:
§
жүйенің өлшемдерін ретке
келтіруге;
§
анықтамалықтар жүргізуге;
§
заемдар беруге өтінімдерді
қолмен енгізуді жүзеге асыруға;
§
келіп түсетін электрондық
хабарларды өңдеуге;
§
жіберілетін электрондық
хабарларды қалыптастыруға;
§
кіріс, шығыс нысандарын
қарауға және басып шығаруға мүмкіндік
береді.
Техникалық қамтамасыз
етуге қойылатын талаптар:
Сервердің
өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium Pro 200 MHz |
|
|
жедел
жады |
256 Mb |
|
|
дискідегі
бос кеңістік |
3 Gb |
|
|
операциялық
жүйе |
Microsoft Windows NT |
|
|
деректер базасы |
Sybase SQL Server 11 |
Жұмыс станциясының өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium Pro 200 MHz |
|
|
жедел
жады |
64 Mb |
|
|
дискідегі
бос кеңістік |
1 Gb |
|
|
операциялық
жүйе |
Microsoft Windows 9x |
|
|
клиент |
Sybase SQL Server 11 |
|
|
Microsoft Office 97 |
|
|