КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
БОС ҚЫЗМЕТ ОРЫНДАРЫ
БАЙЛАНЫСТАР
ӘРІПТЕСТЕР
ЖАҢАЛЫҚТАР
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

Корпорация Oracle

ЗАО "Ланит"       

Учебно-консультационный центр "Форс"

Корпорация IBM

     БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
                                                                                                                                                                                                   KAZ     РУС    ENG

 

 

«Ұйымдарын қоса алғанда ҚРҰБ шоғырландырылған балансын жасау жөніндегі жұмысты автоматтандыру" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесі

Зияткерлік меншік объектісін

мемлекеттік тіркеу туралы

 14.11.2003 ж.  № 1078  куәлік 

Мақсаты:

Шағын жүйе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және ҚРҰБ ұйымдарында пайдалануға арналған.

Шағын жүйе  ҚРҰБ ұйымдарының қаржы ақпаратын қабылдау, бақылау және өңдеу процестерін автоматтандыруды қамтамасыз етеді (ұйымдардың бас кітаптары, салыстырып тексеру актілері, қосымша қаржылық есептер). ҚРҰБ нормативтік актілеріне сәйкес ҚРҰБ ұйымдарының жиынтық қаржылық есептілігін және ҚРҰБ топтарының шоғырландырылған қаржылық есебін жасау.

Осы жүйенің ерекшелігі:

§         ұйымдардың есебін жасау үшін қолайлы Excel форматында ұйымдардан есептер қабылдау;

§         есептерді қабылдау кезіндегі қателер туралы хабарларды ұйымдарға жіберу мүмкіндігі (ұйымдармен байланыс VIDO2 (FASTI) коммуникациялық бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады);

§         «Құбаж-3Ц» сыртқы ақпарат  жүйесінен ақпарат қабылдау (ҚРҰБ бойынша жіктеулер және деректер);

§         анықтамалықтар жүргізген кезде тарихты сақтау;

§         анықтамалықтарды өзгерту жөнінде пайдаланушылардың іс-әрекеттерін қадағалау бойынша аудиторлық журналдың болуы болып табылады.

Құрамы:

Шағын жүйе жеке АЖО-лардан тұрады:

§   «Басқарушы» АЖО,

§  «Экономист» АЖО,

§  «Коммуникациялық терминал» АЖО.

Эргономика және  эстетика:

Шағын жүйе пайдаланушылар жұмысының барынша қолайлылығын және өнімділігін қамтамасыз ету үшін  жобаланған. Ақпаратты қолмен ендіру мүмкіндігі болатын барлық жағдайларда, ААШЖ анықтамалықтарынан деректерді таңдап алумен ауыстырылған.  Анықтамалықтарында берілген деректемелер бойынша тез іздестіру және іріктеу қарастырылған. 

Архитектурасы:

TCP/IP хаттамасы бойынша  жергілікті не корпоративті желіде жұмыс істеу мүмкіндігі бар Клиент –сервер.

 «Басқарушы» АЖО пайдаланушыларға: 

§  атын және паролін бере отырып, жүйенің жаңа пайдаланушыларын енгізуге;

§  жүйенің деректер базасы мен функцияларының объектілеріне пайдаланушылардың  кіру құқығын тағайындауға;

§  ААШЖ деректері мен функцияларына пайдаланушылардың кіруін оқшаулауға;

§  жүйенің анықтамалықтарымен жұмыс бойынша аудиторлық журналдарды қарау және басып шығаруға;

§  деректер базасынан оны алып тастау үшін пайдаланушылар белсенділігінің болмау кезеңін белгілеуге;

§  жүйенің сервистік жүйесіне қатысты ААШЖ жұмыс істеу өлшемдерін ретке келтіруге (пайдаланушылар паролін ауыстыру кезеңі, жекелеген режимдерде деректерді бекіту мүмкіндігін белгілеу-жою, анықтамалықтарға пайдаланушылардың ақпарат қосуына рұқсат беру және т.б.) мүмкіндік береді.

«Экономист» АЖО пайдаланушыларға:

§  жүйеде тіркелуге;

§  НАА анфықтамаларын толтыруға және жүргізуге;

§  енгізілген ақпаратты бақылауға;

§  шоғырландыру және элиминирлеу  үшін жұмыс кестелерін жасауға;

§  оның ұйымдарының баланстарын қоса алғанда ҚРҰБ балансын шоғырландыру және элиминирлеуді жүзеге асыруға;

§  деректер базасында  сақталатын енгізілген ақпаратты қарауға;

§  қажетті жиынтық есепті алуға және оларды басып шығаруға;

§  пароль іс-әрекетінің берілген кезеңіне сәйкес өз паролін өзгертуге мүмкіндік береді.

«Коммуникациялық терминал» АЖО пайдаланушыларға:

§  коммуникациялық ПО VIDO2 арқылы  коммутацияланған арналар бойынша алынған ақпаратты қабылдауға;

§  «Құбаж-3Ц» жүйесінен алынған ақпаратты қабылдауға;

§  шағын жүйенің жұмыс бабын өзгертуге;

§  қажет болған жағдайда алынған ақпаратты жоюға;

§  есептер және хабарлар картотекасін қарауға;

§  ҚРҰБ-ның  ұйымдарына еркін хабарларды жасау және жіберуге мүмкіндік береді.

Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

Сервердің өлшемдері:

  процессор Pentium III 1000 МГц және жоғары
  жедел жады 512 Mb
  дискідегі бос кеңістік 10 Gb
  операциялық жүйе Microsoft Windows NT/2000/XP
  деректер базасы Oracle 8.1.7

Жұмыс станциясының өлшемдері:

  процессор Pentium III 500 MHz және жоғары
  жедел жады 256 Mb
  дискідегі бос кеңістік 500 Mb
  операциялық жүйе Microsoft Windows NT/2000/XP
  клиент Oracle 8.1.7
  Microsoft Office 2000  

Қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету:

Шағын жүйенің жұмысы үшін Oracle 8.1.7 Enterprise Edition, Microsoft Excel 97/2000 бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану қажет.

Ақпаратты қорғау:

Oracle ДББЖ құралдарымен, сондай-ақ «Басқарушы» АЖО-мен қамтамасыз етіледі.  Шағын  жүйеде мынадай функциялар іске асырылған: пайдаланушыларды аты мен паролін бере отырып авторизациялау; жұмыс станцияларын бірдейлендіру; деректерге және шағын жүйенің функцияларына пайдаланушылардың кіру құқығын шектеу.

Жеткізу жиынтығы:

«Басқарушы» АЖО, «Пайдаланушы» АЖО және «Коммуникациялық терминал» АЖО бағдарламалық қамтамасыз етуі бар компакт дискі, сондай-ақ орыс тіліндегі құжаттама.

Ендіру мерзімдері:

Орнату пайдаланушыларды оқытуды қоса алғанда бір аптадан жоғары мерзімді  құрайды.

Техникалық қолдау:

Кепілдік беру (пайдалануға берілгеннен кейін алты ай ішінде) және кепілдік беру мерзімінен кейін (клиенттің  қалауы бойынша шарттық негізде) қызмет көрсету. Қызмет көрсету шеңберінде мынадай жұмыстар орындалады:

§         Бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану барысында анықталған қателерді түзету;

§         Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс бойынша клиентке консультация беру;

§         Бағдарламалық қамтамасыз етудің түзетілген нұсқаларын жеткізу;

§         Стандарттан тыс жағдайлар пайда болғанда консультация беру.

Тапсырыс берушінің қалауы бойынша  пысықтау:

Тапсырыс берушінің қосымша мұқтаждықтары үшін жүйе пысықталуы мүмкін (қосымша талқыланады).

Қазіргі кезде шағын жүйе: 

·     «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесінде;

·  «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» акцонерлік қоғамында кәсіпорнында пайдаланылады.