КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
БОС ҚЫЗМЕТ ОРЫНДАРЫ
БАЙЛАНЫСТАР
ӘРІПТЕСТЕР
ЖАҢАЛЫҚТАР
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

Корпорация Oracle

ЗАО "Ланит"       

Учебно-консультационный центр "Форс"

Корпорация IBM

      БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
                                                                                                                                                                                                   KAZ     РУС    ENG

 

 

               «Жұмыс уақытының кестесін сақтау туралы  ақпаратты есепке алу» модулі        «Қызметкерлерді басқару» автоматтандырылған ақпарат жүйесі                                  

Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы

 14.11. 2003ж.  № 1081  куәлік 

Мақсаты:

Модуль электрондық құлыптар және турникеттер пайдаланылатын және «Қызметкерлерді басқару» ААШЖ орнатылған ұйымдарда пайдалануға арналған.

Модуль «Қызметкерлерді басқару» ААШЖ  деректер базасына кіру жүйесімен (үйдегі, қызметкерлердің карточка кілттері бар электрондық құлыптарымен) қалыптасқан мәтіндік файлдан  деректерді  көшіру  қамтамасыз етіледі. Еңбекті неғұрлым тиімді  ұйымдастыру мақсатында  одан әрі талдау үшін жұмыс уақытының кестесі шегінде  және  кестеден тыс үйде қызметкерлердің болу уақыты туралы ақпарат бар шығыс нысандарын қалыптастыру.

Құрамы:

Модуль «Қызметкерлерді басқару» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйене қосымша болып табылады, бірақ жеткізудің негізгі жиынтығына кірмейді.

Эргономика және  эстетика:

Шағын жүйе пайдаланушылар жұмысының барынша қолайлылығын және өнімділігін қамтамасыз ету үшін  жобаланған.

Архитектурасы:

TCP/IP хаттамасы бойынша  жергілікті не корпоративті желіде жұмыс істеу мүмкіндігі бар Клиент –сервер.

«Жұмыс уақытының кестесін сақтау туралы

 ақпаратты есепке алу» модулі  пайдаланушыларға:

§         модульдің пайдаланушыларын құруға, өзгертуге, оқшаулауға;

§         модульдің деректері мен функцияларына пайдаланушылардың кіру құқығын тағайындауға;

§         шағын жүйенің анықтамалықтарына деректерді енгізуге, өзгертуге және бұрын енгізілген деректерді жоюға;

§         бір айға қызметкерлердің жұмыс кестесін жүргізу (бөлімшелер бойынша, қызметкерлер бойынша, ауысым  бойынша);

§         «Қызметкерлерді басқару» ААШЖ деректер базасына кіру жүйесімен қалыптастырылған деректерді қосу;

§         жұмыста болу, кешігу, себепсіз жұмыста болмау,  толық істемеулер және артық жұмыс істеу бойынша (қызметкер, бөлімше, ұйым бойынша, бір күнгі, кезең үшін және т.б.) шығыс нысандарын қалыптастыруға және оларды  MS Excel форматының файлында сақтауға мүмкіндік береді.

Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

Сервердің өлшемдері:

 

процессор

Pentium III 1000 MHz
 

жедел жады

512 Мб
 

дискідегі бос кеңістік

10 Гб
 

операциялық жүйе

Microsoft Windows NT/2000
 

деректер базасы

Lotus Domino 5.0.х

Жұмыс станциясының өлшемдері:

 

процессор

Pentium 133 Мгц
 

жедел жады

64 Mб
 

дискідегі бос кеңістік

500 Mb
 

операциялық жүйе

Microsoft Windows 9x/NT/2000/XP
 

клиент

Client Lotus Notes Domino R5
 

Microsoft Office 97/2000

 

Қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету:

Модульдің жұмысы үшін  «Қызметкерлердің есебін жүргізу» және «Қызметкерлерді басқару» АЖО-ның «Ретке келтіру және басқару» модульдерін, Oracle 8i немесе жоғары, Lotus Domino Server 5.0.х., Microsoft Excel 2000, Word 2000 бағдарламалық қамтамасыз етулерін пайдалану қажет.

Ақпаратты қорғау:

Oracle ДББЖ, ПО Lotus Domino Server құралдарымен, сондай-ақ  «Ретке келтіру және басқару»  модулімен қамтамасыз етіледі. Шағын  жүйеде мынадай функциялар іске асырылған: пайдаланушыларды аты мен паролін бере отырып авторизациялау; шағын жүйенің деректері мен функцияларына пайдаланушылардың кіру құқығын шектеу.

Жеткізу жиынтығы:

«Жұмыс уақытының кестесін сақтау туралы  ақпаратты есепке алу» модулінің қамтамасыз етуі бар компакт дискі және   орыс тіліндегі құжаттама.

Ендіру мерзімдері:

«Қызметкерлерді басқару» АЖО орнатылған жағдайда, пайдаланушыларды оқытуды қоса алғанда орнату екі аптадан жоғары мерзімді құрайды.

Техникалық қолдау:

Кепілдік беру (пайдалануға берілгеннен кейін алты ай ішінде) және кепілдік беру мерзімінен кейін (клиенттің қалауы бойынша келісім негізінде) қызмет көрсету. Қызмет көрсету шеңберінде мынадай жұмыстар орындалады:

§         бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану барысында анықталған қателерді түзету;

§         бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс бойынша клиентке консультация беру;

§         бағдарламалық қамтамасыз етудің түзетілген нұсқаларын жеткізу;

§         стандарттан тыс жағдайлар пайда болғанда консультация беру.

Тапсырыс берушінің қалауы бойынша  пысықтау:

Тапсырыс берушінің қосымша мұқтаждықтары үшін жүйе пысықталуы мүмкін (қосымша талқыланады).

Қазіргі кезде шағын жүйе:   

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесінде пайдаланылады.