|
«Вектор» автоматтандырылған
ақпараттық шағын жүйесі
Зияткерлік меншік объектісін
мемлекеттік тіркеу туралы
03.11.2003 . № 1107 куәлік
Мақсаты:
Жүйе екінші деңгейдегі банктердің, банк
қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың жетекші операциялық
қызметін автоматтандыруға арналған.
Жүйеге
мынадай тапсырмалардың функцияларын
автоматтандыру кіреді:
§
нормативтік-анықтамалық ақпарат жүргізу;
§
жүйенің
ақпараты мен функцияларына пайдаланушылардың
кіруін басқару;
§
операциялық күнді басқару;
§
сыртқы жүйелермен өзара
іс-әрекет ету
§
Қазақстанның төлем жүйелерімен,
банктерімен және басқа ұйысдарымен SWIFT-ұқсайтын
хабарлармен алмасу арқылы өзара іс-әрекет
ету;
§
бухгалтерлік есепті, оның
ішінде дебиторлар мен кредиторларды есепке
алуды жүргізу;
§
бас бухгалтерлік кітапты
жүргізу;
§
депозиттерді есепке алу;
§
кредиттерді есепке алу;
§
бағалы қағаздарды есепке алу;
§
негізгі құрал-жабдықтарды және
материалдық емес активтерді есепке алу;
§
тауар-материалдық
құндылықтарды және қойманы есепке алу;
§
қолма-қол ақшамен
операцияларды есепке алу;
§
регламентелмеген есептілікті
қалыптастыру.
Бақылау және
салыстырып тексеруді жүзеге асыру үшін есеп
нысандарын, банктік талдау
үшін есеп нысандарын, Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкіне және өзге де
уәкілетті органдарға ұсыну үшін есеп
нысандарын дайындау.
Құрамы:
Жүйе модуль негізінде
құрылған және мынадай модульдерден тұрады:
§
Жүйенің ақпараты мен
функцияларына пайдаланушылардың кіруін
басқару модулі;
§
Операциялық күнді басқару
модулі;
§
Сыртқы жүйелермен өзара
іс-әрекет ету модулі;
§
Бухгалтерлік есепті, оның
ішінде дебиторлар мен кредиторларды есепке
алуды жүргізу модулі;
§
Бас бухгалтерлік кітапты
жүргізу модулі;
§
Депозиттерді есепке алу модулі;
§
Кредиттерді есепке алу модулі;
§
Бағалы қағаздарды есепке алу
модулі;
§
Негізгі құрал-жабдықтарды және
материалдық емес активтерді есепке алу
модулі;
§
Тауар-материалдық
құндылықтарды және қойманы есепке алу модулі;
§
Қолма-қол ақшамен
операцияларды есепке алу модулі;
§
Реттелмеген есептілікті
қалыптастыру модулі.
Модульдердің құрамы әр
түрлі болуы мүмкін, міндетті мининум «Жүйенің
ақпараты мен функцияларына пайдаланушылардың
кіруін басқару» модулі және «Бухгалтерлік
есепті, оның ішінде дебиторлар мен
кредиторларды есепке алуды жүргізу»
модулінің болуы.
Эргономика және
эстетика:
Шағын жүйе
пайдаланушылар жұмысының барынша
қолайлылығын және өнімділігін қамтамасыз ету
үшін жобаланған. Экрандық нысандарда
деректерді іріктеу және топтау мүмкіндігі,
сондай-ақ сүзгілерді қолдану мүмкіндігі
берілген. Жүйенің барлық қосымшаларында
пайдаланатын интерфейсті ретке келтіру бар:
стиль, әріп таңдау, берілген аралық уақыт
арқылы тізімдерді автоматты түрде жаңарту
жүйесі, мәзір іс-әрекеттері, олардың
орналасуы мен мөлшерін тізімде көрсету үшін
бағандарды таңдау. Қосымшаларды автоматты
түрде жаңарту мүмкіндігі қарастырылған.
Архитектурасы:
TCP/IP
хаттамасы бойынша жергілікті не
корпоративті желіде жұмыс істеу мүмкіндігі
бар Клиент –сервер.
«Жүйенің ақпараты мен
функцияларына пайдаланушылардың кіруін
басқару» модулі пайдаланушыларға:
§
аты мен
паролін бере отырып жүйе пайдаланушыларының
анықтамалығын жүргізу;
§
жүйенің
деректері мен функцияларына
пайдаланушылардың кіру құқығын тағайындауға,
пайдаланушылардың парольдерін ауыстыру
мүмкіндігіне, парольдерді ауыстыру
кезектілігін бақылауға;
§
жүйенің
деректері мен функцияларына
пайдаланушылардың кіру құқығын оқшаулауға;
§
жүйенің
деректер базасына пайдаланушылардың қосуын
қарауға;
§
қажет болған
жағдайда жүйенің деректер базасынан
пайдаланушыларды алып тастауға;
§
пайдаланушылар
тобын құруға, оларға құқық беруге, басқа
топтарға тиесілігін анықтауға;
§
пайдаланушылар
топтарына пайдаланушылардың тиесілігін
анықтауға;
§
топтар ұсынған
артықшылықтарды іріктеп пайдаланушылардан
алып алуға;
§
жүйеде
тіркелген компьютерлердің анықтамалығын
жүргізуге;
§
пайдаланушының
өз паролін өзгертуге;
§
жүйеде
аудиторлық ізді қолдауды қамтамасыз ететін (ДБ-на
қосу, ДБ-нан алып тастау, пайдаланушының
паролін өзгерту) аудиторлық журнал жүргізуге
мүмкіндік береді.
«Операциялық күнді
басқару» модулі:
§
операциялық
күн күнтізбесін жүргізуге;
§
операциялық
күнді ашуға;
§
операциялық
күнді жабуға;
§
жабық операциялық күнді
қалпына келтіруге;
§
операциялық күнді жоюға
мүмкіндік береді.
«Сыртқы жүйемен өзара
іс-әрекет ету» модулі:
Жүйе
ҚБЕО Банкаралық ақша аудару жүйесі арқылы
өзара іс-әрекет етеді.
§
Жүйеге
енгізілген төлем жүйесі арқылы төлем
құжаттарын қабылдауға және жіберуге;
§
Тұрақты жұмыс
істеп тұрған төлем тапсырмасын
қалыптастыруға;
§
АБИС-ға
растама/бас тартуды қабылдауға және өңдеуге;
§
қаражатты
аударуға күн сайынғы растаманы қабылдауға
және өңдеуге;
§
қолма-қол
қаражатты резервтеуге өтінім қалыптастыруға;
§
қолма-қол
қаражатты резервтеу туралы өтінімге растама/бас
тарту қабылдауға және өңдеуге;
§
төлем жүйесіне/нен
ақша аударуға өтінімдер қалыптастыруға;
§
төлем
жүйесіне/нен ақша аударуға растама/бас тарту
қабылдауға және өңдеуге;
§
төлем
жүйесіндегі коршоттың ағымдағы жағдайын
алуға өтінімдер қалыптастыруға;
§
төлем
жүйесінде коршоттың жағдайы туралы көшірме
қарауға;
§
транзиттік
шотқа алушының дұрыс емес деректемелерімен
түскен төлемдерді есептеуге мүмкіндік
береді.
«Бухгалтерлік есеп»
модулі:
§
есептердің
картотекаларын жүргізуге;
§
заңды және жеке тұлғалардың
картотекаларын жүргізуге;
§
дебиторлар/кредиторлар бойынша
шарттардың картотекаларын жүргізуге;
§
нормативтік-анықтамалық
ақпарат жүргізуге;
§
банкаралық бухгалтерлік
жазбалар қалыптастыруға;
§
банкаралық бухгалтерлік
жазбалар қалыптастыруға;
§
жиынтық төлемдерді (МТ-102)
қалыптастыруға;
§
мемориалдық жазбалар
қалыптастыруға;
§
шоттар бойынша қалдықтарды
автоматты түрде қайта есептеу арқылы өткен
операциялық күн жазбаларын қалыптастыруға;
§
валюталаудың алдағы күнімен
жазбалар қалыптастыруға;
§
жазбаларды санкциялауға (ретке
келтіруге байланысты 5 бекітуге дейін);
§
бухгалтерлік жазбалардың күшін
жоюға;
§
бухгалтерлік жазбаларды жоюға;
§
бухгалтерлік жазбалардың
қатесін жөндеуге;
§
жіберуге дайындалған
банкаралық бухгалтерлік жазбаларды жіберуге;
§
бухгалтерлік жазбаларға сыртқы
құжаттарды байланыстыруға (сканерленген
бастапқы құжаттар, Word,
Excel
құжаттары және т.б.) мүмкіндік береді.
«Бас бухгалтерлік
кітап жүргізу» модулі:
§
жалпы ұзындығы
30 символға дейінгі саннан, әріптен және
«нүкте» белгісінен тұратын бас бухгалтерлік
кітап шотының еркін кодының болуына;
§
жүйе Модулы
арқылы Банк жүзеге асыратын барлық
операцияларды бас бухгалтерлік кітабының
шоттарында көрсетуге;
§
Бас
бухгалтерлік кітапты қалыптастыруға;
§
бір
бухгалтерлік жазбаға тең түпкілікті нақтылау
дейгейі бар Бас бухгалтерлік кітапты
қарауға;
§
ай басынан
және жыл басынан бастап бухгалтерлік
жазбалар сомаларының хиынтығын жинақтауға;
§
есептілікті
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Депозиттер» модулі:
§
ұлттық
валютада көрсетілген депозиттердің есебін
жүргізуге;
§
жеке тұлғалар
депозиттерігінің есебін жүргізуге;
§
жинақты
жинақтау кестесін қалыптастыруға;
§
бағалау
көрсеткішін есептеуге;
§
есептілікті
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Кредиттер» модулі:
§
ұлттық
валютадағы сияқты басқа кез келген шетел
валютасында көрсетілген кредиттердің есебін
жүргізуге;
§
жеке
тұлғаларға берілген кредиттердің есебін
жүргізуге;
§
ішінара
мерзімінен бұрын өтеген немесе кредиттеу
мерзімін ұзартқан жағдайларда кредиттерді
өтеудің жаңа кестелерін қалыптастыруға;
§
дайындау және
салыстырып тексеру үшін жүйенің
өлшемдерінде белгіленетін күннің белгілі бір
саны үшін сыйақы төлемдерін өтеу мерзімінің
немесе белгілі бір кесте мерзімінің
жақындағаны туралы жауапты орындаушыларға
хабарлауға;
§
аннуитеттік
төлемдерді есептеу және негізгі борыш
бойынша азайып келе жатқан қалдықтан
сыйақыны есептеу арқылы өтеу кестесін
қалыптастыруға;
§
есептілікті
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Бағалы қағаздарды
есепке алу» модулі:
§
БҚ эмиссиясын жүргізуге;
§
БҚ сатып алу/сату, олар
бойынша сыйақы алу және оларды өтеу (оның
ішінде ұзақ мерзімділер), тікелей және кері
РЕПО операциялары бойынша мәмілелер (ресімдеу
және одан әрі қызмет көрсету) паспортын
жүргізуге;
§
Банк порфеліндегі сатып
алынған БҚ бойынша ақпарат жүргізуге;
§
БҚ есепке алу түрлеріне (өтеуге
дейін ұсталатын сатуға қолда бар сатуға
арналған) анықтамалық жүргізуге;
§
Дисконтталған БҚ-мен
операцияларды бухгалтерлік есепте көрсетуге
(бухгалтерлік жазбаларды автоматы түрде
қалыптастыру);
§
купондық БҚ-мен операцияларды
бухгалтерлік есепте көрсетуге (бухгалтерлік
жазбаларды автоматы түрде қалыптастыру);
§
БҚ-мен тікелей және кері РЕПО
операцияларын бухгалтерлік есепте көрсетуге
(бухгалтерлік жазбаларды автоматы түрде
қалыптастыру);
§
БҚ-мен мәмілелерді қадағалауға
және бақылауға және мәмілелерді санкциялау
құқығын шектеу арқылы бухгалтерлік есепте
оларды көрсетуге (оның ішінде БҚ
мәмілелерінің паспорты);
§
дисконтталған БҚ бойынша
дисконттың амортизациясын автоматы түрде күн
сайын есептеуге;
§
купондық БҚ бойынша сыйақыны
және дисконт/сыйлықақы амортизациясын күн
сайын автоматы түрде есептеуге;
§
нарықтық (әділ) құн бойынша
дисконтталған және купондық БҚ-ды қайта
бағалауды жүзеге асыруға;
§
шетел валютасында
номинирленген БҚ-мен мәмілелер бойынша шетел
валютасындағы бухгалтерлік жазбаларды
қалыптастыруға;
§
эмитенттің БҚ алдағы уақытта
өтеу, олар бойынша сыйақы төлемдері және
тікелей/кері РЕПО операцияларының жабылуы
туралы уақыттың белгілі бір кезеңінде
пайдаланушыны хабардар етуге;
§
БҚ жүргізуге байланысты және
пайдаланушылардың оны бекітуін талап ететін
(оның ішінде бекітілмеген эмиссиялар мен
паспорттар) операцияларды пайдаланушылардың
санкциялау қажеттігі туралы естеріне салуға;
§
жекелеген БҚ және сол сияқты
Банктің БҚ-ның барлық портфелі бойынша кезең
ішіндегі инвестициялық кірісті (сыйақы,
дисконт, қайта бағалау) есептеуге
мүмкіндік береді.
«Негізгі
құрал-жабдықтарды және материалдық емес
активтерді есепке алу» модулі:
§
есеп айырысу формуласын
көрсете отырып, амортизациялауды есепке алу
әдістерінің анықтамалығын жүргізуге;
§
НҚ және МЕА-мен операциялар
қалыптастыру кезінде орындалатын
іс-әрекеттерді айқындауға;
§
НҚ және МЕА есепке алу
карточкаларын жүргізуге;
§
НҚ және МЕА кіріске алуға;
§
НҚ және МЕА құнын өзгертуге;
§
амортизация есептеуге;
§
НҚ және МЕА есепке алудың
бірнеше дербес объектілеріне бөлуге;
§
НҚ және МЕА қайта бағалау
жүргізуге;
§
НҚ және МЕА қайта индекстеу
жүргізуге;
§
НҚ және МЕА есепке алудың бір
тобынан екінші тобына ауыстыруға;
§
НҚ және МЕА есептен шығаруға;
§
есептілікті қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
«Тауар-материалдық
құндылықтарды және қойманы есепке алу»
модулі:
§
ТМҚ-мен
операцияларды қалыптастыру кезінде
орындалатын іс-әрекеттерді айқындауға;
§
ТМҚ-на есепке алу карточкасын
жүргізуге;
§
қоймаға ТМҚ кіріске алу/қайтару
операцияларын жүргізуге;
§
қоймадан ТМҚ жіберуге;
§
ТМҚ-ға түгендеу жүргізуге;
§
қоймадан қоймаға ТМҚ
ауыстыруды жүргізуге;
§
қоймадан ТМҚ есептен шығаруға;
§
ТМҚ алуға берілген сенімхатты
есепке алуға;
§
есептілік қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
«Қолма-қол ақшамен
операцияларды есепке алу»
модулі:
§
кассалық жоспар символдарының
анықтамалығын жүргізуге;
§
қолма-қол ақша қабылдауға;
§
қолма-қол ақша беруге;
§
құндылықтардың түсуін тіркеуге;
§
құндылықтардың есептен
шығарылғанын тіркеуге;
§
кассалық құжаттарды
қалыптастыруға;
§
есептілікті қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
«Реттелмеген
есептілікті қалыптастыру»
модулі:
§
жаңа есептерді жасауға;
§
қолда бар есептерді өзгертуге;
§
қолда бар есептерді жоюға;
§
есептерге кіру құқығын
тағайындауға;
§
есептерді қарауға;
§
есептерді басып шығаруға;
§
есепті файлға көшіруге
мүмкіндік береді.
Техникалық қамтамасыз
етуге қойылатын талаптар:
Сервердің
өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium
III 1000 МГц или выше |
|
|
жедел
жады |
512
Mb |
|
|
дискідегі бос кеңістік |
10 Gb |
|
|
операциялық
жүйе |
Microsoft Windows
NT/2000/XP |
|
|
деректер
базасы |
Oracle 8i/9i |
Жұмыс станциясының өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium III 500 MHz |
|
|
жедел
жады |
128 Mb |
|
|
дискідегі бос кеңістік |
500 Mb |
|
|
операциялық
жүйе |
Microsoft Windows
NT/2000/XP |
|
|
клиент |
Oracle 8i/9i |
|
|
Microsoft Office 2000 |
|
|