КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
БОС ҚЫЗМЕТ ОРЫНДАРЫ
БАЙЛАНЫСТАР
ӘРІПТЕСТЕР
ЖАҢАЛЫҚТАР
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

Корпорация Oracle

ЗАО "Ланит"       

Учебно-консультационный центр "Форс"

Корпорация IBM

     БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДЕР
                                                                                                                                                                                                   KAZ     РУС    ENG

 

 

"Электрондық аукцион"

                            автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесі

Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы
07.10.2002ж. № 218 куәлік

 Мақсаты:

Шағын жүйе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде пайдалануға арналған.

Шағын жүйе Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру, қайтадан ашу және өтеу және МБҚ бастапқы нарығының жай-күйін талдау барысын қамтамасыз етеді.

         Шағын жүйені жасау мақсаты:

§         мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыруды және өтеуді жүзеге асыратын қызметкерлердің қолмен атқаруын барынша азайта отырып жоғары жеделдікті және сенімділікті қамтамасыз ету;

§         МБҚ бастапқы нарығында болып жатқан барлық процестер туралы толық ақпарат бар бірыңғай ақпараттық базаны жүргізу.

Құрамы:

Шағын жүйе модульдік негізде құрылған, "Аукционшы", "Шағын жүйенің басқарушысы" АЖО-ларынан және "SWIFT-терминал" кешенінен тұрады.

Эргономика және эстетика:

Бағдарламалық қамтамасыз етуді эргономикалық шешу пайдаланушылар жұмысының қолайлылығын және өнімділігін қамтамасыз етеді. Нормативтік-анықтамалық ақпарат деректерді бірегейлендіруге және қолмен енгізуді шағын жүйенің қосымшалары ұсынатын тізімнен таңдаумен ауыстыруға мүмкіндік бар барлық жағдайларда қалыптастырылады. Икемді ретке келтірілетін сүзгілер, іріктеулер және топтастырулар шағын жүйемен жұмыс істеуді жеңілдетеді.

Архитектурасы:

TCP/IP хаттамасы бойынша жергілікті не корпоративтік желіде жұмыс істеу мүмкіндігі бар клиент – сервер.

"Аукционшы" АЖО пайдаланушыға:

МБҚ орналастыру және өтеу барысын басқаруға, МБҚ орналастыру және өтеу кезінде ақша қаражатын аударуды бақылауға, МБҚ бастапқы нарығының жай-күйін статистикалық талдау нысандарын қалыптастыруға және қарауға мүмкіндік береді.

"Шағын жүйенің басқарушысы" АЖО:

шағын жүйе жұмысының өлшемдерін ретке келтіруге, пайдаланушылардың шағын жүйенің ақпараты мен функцияларына кіруін басқаруға, қызметтік анықтамалықтарды жүргізуге арналған.

"SWIFT-терминал" модулі:

Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінен және дилерлерден/агенттерден электрондық хабарларды қабылдауға, тіркеуге, өңдеуге, электрондық хабарларды қалыптастыруға және Бағалы қағаздардың орталық депозитарийіне және дилерлерге/агенттерге жіберуге, электрондық хабарлар мұрағатын жүргізуге арналған.

Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

Сервердің өлшемдері:

  процессор Pentium III 1000 МГц
  жедел жады 512 Mb
  дискідегі бос кеңістік 10 Gb
  операциялық жүйе Microsoft Windows NT/2000/XP
  деректер базасы Oracle 8i

Жұмыс станциясының өлшемдері:

  процессор Pentium III 500 MHz
  жедел жады 128 Mb
  дискідегі бос кеңістік 500 Mb
  операциялық жүйе Microsoft Windows NT/2000/XP
  клиент Oracle 8i
  Microsoft Office 2000  


Қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету:

Шағын жүйенің жұмысы үшін Oracle 8i Standard Edition немесе жоғары, Microsoft Excel 2000 бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалану қажет.

Ақпаратты қорғау:

Ақпаратты қорғау операция жүйесі және реляциялық Oracle ДББЖ пайдаланатын стандартты құралдарымен, сондай-ақ мынадай функцияларды іске асырумен қамтамасыз етіледі:

§         аттары мен парольдерін бере отырып пайдаланушыларды авторизациялау;

§         пайдаланушылардың шағын жүйенің деректері мен функцияларына кіру құқығын шектеуді пайдалану;

§         жұмыс станцияларын сәйкестендіру;

§         пайдаланушыны белсенділігі болмайтын белгілі бір кезең өткеннен кейін жүйеден шығару;

§         пайдаланушының жүйедегі іс-әрекеттерін тіркеу (жүйе журналы).

Жеткізу жиынтығы:

"Аукционшы", "Шағын жүйенің басқарушысы" АЖО бағдарламалық қамтамасыз ету және "SWIFT-терминал" кешені, сондай-ақ орыс тіліндегі құжаттама бар компакт диск.

Ендіру мерзімдері:

Орнату пайдаланушыларды оқытуды қоса алғанда бір айдан жоғары мерзімді құрайды.

Техникалық қолдау:

Кепілдік берілген (пайдалануға тапсырылғаннан кейін үш ай ішінде) және кепілдік берілгеннен кейін (клиенттің қалауы бойынша шарттық негізде) қызмет көрсету. Қызмет көрсету шеңберінде мынадай жұмыстар орындалады:

§         бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану барысында анықталған қателерді  түзету;

§         клиентке бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу жөнінде консультация беру;

§         бағдарламалық қамтамасыз етудің түзетілген нұсқаларын жеткізу;

§         стандартқа жатпайтын жағдайлар туындаған кезде консультация беру.

Шағын жүйе қазіргі кезде:

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" мемлекеттік мекемесінде пайдаланылады.