|
"Жұмыс уақытын
есептеу"
автоматтандырылған
ақпараттық шағын жүйесі
Зияткерлік меншік объектісін
мемлекеттік тіркеу туралы
24.12. 2002ж. № 295 куәлік
Мақсаты:
Шағын жүйе корпорацияларда, банктерде және
ұйымдарда пайдалануға арналған.
Шағын
жүйе қызметкерлердің жұмыс тапсырмаларын
орындауға арналған, қызметкерлердің жұмыспен
қамтылу және т.б. уақытты есептеуді
қатмамасыз етеді. Бөлімшелердің басшылары
қандай да болмасын жобаларды немесе
міндеттерді орындау кезінде қызметкерлердің
арасында міндеттердің оңтайлы бөлінуін
қадағалап және қызметкерді белгіленген
мақсатты табысты іске асыру үшін
ынталандырып отыру үнемі талап етіледі.
Табысты басқарудың негізі - есеп жүргізуде
тәртіп орнату болып табылады. Бұл
тұтастай алғанда әрбір кәсіпорынның кадр
резервіне де қатысты. Қызметкерлерді
басқарудың негізгі элементтерінің бірі
ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру,
кәсіпорынның штатын қалыптастыру және
еңбекақы төлеу қорын жоспарлау болып
табылады. Кейбір бөлімшелерде жұмыс күшінің
артық болуы байқалуы мүмкін (еңбекақы
төлеуге біршама қаражат бөлуге тура келеді),
ал басқалары, керісінше, мамандардың
жетіспеуінен зардап шегеді және ағымдағы
жұмыс жүктемесі үнемі шамадан тыс болады,
мұның өзі бүкіл кәсіпорын қызметінің
сапасына сөзсіз әсер етеді. Әрбір
қызметкердің жұмыс уақытын пайдалануын дұрыс
жоспарлау және бақылау – ағымдағы кезеңнің
қажеттілігі.
Құрамы:
Шағын жүйе «Басқарушы»
және «Пайдаланушы» АЖО-дары (автоматтандырылған
жұмыс орындары) негізінде құрылған.
Эргономика және
эстетика:
Шағын жүйе
пайдаланушылар жұмысының барынша
қолайлылығын және өнімділігін қамтамасыз
ететіндей жобаланған. Экрандық нысанның
кестелері мен тізімдерінде қарау кестелері
бойынша жылдам контекстік іздестіру
көзделген.
Архитектурасы:
TCP/IP
хаттамасы бойынша жергілікті не
корпоративтік желіде жұмыс істеу мүмкіндігі
бар клиент – сервер.
«Басқарушы» АЖО
пайдаланушыға:
§
шағын жүйенің
жұмыс істеу өлшемдерін ретке келтіруге
(жұмыс уақытының
есебін жүргізу режимін,
есептердің өлшемдерін ретке келтіру,
анықтамалықтардың жұмысын ретке келтіру);
§
пайдаланушыларға деректерге және шағын
жүйенің функцияларына кіру құқығын
белгілеуге (пайдаланушылардың
топтарын және рөлдерін жасау, авторлар,
оқырмандар және жаңашылдар
бағандарын пайдалана отырып құқықтардың
шегін бөліп көрсету, жеке-жеке көрсету);
§
анықтамалықтар
мен жіктемелерді жасауға, редакциялауға
және айналдыруға;
§
деректерді мұрағаттауға
мүмкіндік береді.
«Пайдаланушы»
АЖО пайдаланушыға:
§
шағын жүйенің
анықтамалықтарын жүргізуге;
§
олар бойынша
орындаушы есеп беруге міндетті функционалдық
міндеттеріне сәйкес жоспарлы міндеттерді
әзірлеуге және оларды орындаушыларға
тағайындауға;
§
жұмыс
уақытының карточкаларын қарауға;
§
бөлімше
қызметкерлерінің уақыттың есебін жүргізу
карточкаларын толтыруына (жұмыс
уақытының есебін жүргізу режиміне байланысты
қызметкер тапсырмаларды және функцияларды
орындау карточкасын күн сайы, не айына бір
рет толтырады);
§
бөлімше
қызметкерлерінің, бөлімшелердің басшыларының
немесе жауапты орындаушылардың уақыттың
есебін жүргізу карточкаларының негізінде
міндеттер мен функциялардың орындалуына
бақылау жүргізуге;
§
бөлімшелердің
функционалдық міндеттерін орындауға
жұмсалатын нақты уақыт шығынына
мониторинг жүргізуге;
§
есепті қалыптастыруға және
басып шығаруға (кіру деңгейіне байланысты
қызметкер есептердің әр түрін қалыптастыра
алады) мүмкіндік
береді.
Техникалық қамтамасыз
етуге қойылатын талаптар:
Сервердің
өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium Pro 200 Мгц |
|
|
жедел
жады |
4 Гб |
|
|
дискідегі
бос кеңістік |
2*40 Гб HDD |
|
|
операциялық
жүйе |
Microsoft Windows
NT/2000/XP |
|
|
деректер базасы |
Server Lotus Notes Domino R5 |
Жұмыс станциясының өлшемдері:
|
|
процессор |
Pentium 133 Мгц |
|
|
жедел
жады |
64 Mб |
|
|
дискідегі
бос кеңістік |
500 Mb |
|
|
операциялық
жүйе |
Microsoft Windows 9x/NT/2000/XP |
|
|
клиент |
Client Lotus Notes Domino R5 |
|
|
Microsoft Office 97/2000 |
|
|